homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар«Парасат жолы» аймақтық орталықтарының жұмысына арналған онлайн-кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Парасат жолы» аймақтық орталықтарының жұмысына арналған онлайн-кездесу

19 ақпан күні сағат 16.00-де Zoom платформасында облыс кітапханалары жанынан ашылған «Парасат жолы» аймақтық орталықтарының жұмысына арналған онлайн-кездесу өтті. Бұл бастама республикалық «Адалдық алаңы» жобасы аясында іске асырылуда. Тікелей эфирге «Парасат жолы» кітапханалық орталықтарының өкілдері мен олардың кураторлары, сонымен қатар аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, жазушылар, жергілікті қоғамдастықтың беделді тұрғындары қатарынан белсенді қауым қатысты.

Қатысушылар А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан онлайн қосылуға шықты, кездесу модераторы – Өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова. Сөз алғандар қатарында: Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Семей қ. филиалының жетекшісі Мерей Қарт, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ШҚО бойынша филиалының профессоры Грызунова Галина Васильевна бар.
Онлайн кездесу барысында «Парасат жолы» орталықтарының негізгі мақсаты мен тұрғындардың түрлі санаты арасында парасаттылық идеологиясын дамытуға жергілікті шығармашылық интеллигенция мен қоғамдық белсенділерді тартудың маңыздылығы жайында сөз болды. Грызунова Г. В. онлайн қатысушыларға «парасаттылық идеологиясы» ұғымын, оның «Парасат жолы» орталықтары жұмысына қаншалықты қолдау көрсете алатынын барынша ұғынықты түсіндірді.
Кітаптар мен интерактивті виртуалды кеңес алу мүмкіндігі бар сапалы ақпараттық веб-ресурстар тәрізді ағарту көздеріне қолжетімділік – адамдарда парасаттылық пен жалпы ішкі мәдениетті тәрбиелеудің бір құрамдас бөлігі. Алайда қаржыландырудың жетіспеушілігі, оның салдары – заманауи әдебиет пен сапалы компьютерлердің жоқтығы, интернет байланыстың әлсіздігі тұрғындармен нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. Көптеген кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтарын ашуға қажетті жағдай тапшы. Онлайн кездесудің аймақтық қатысушылары осы және басқа да толғандырған сұрақтарын ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар парасаттылығы биік, білім мен мәдениеті жоғары қоғам қалыптастыруда барлық ұйымдар және мүдделі тұлғалармен тығыз серіктестіктің қажеттілігін айта келіп, соның негізінде облыс кітапханаларының материалдық-ресурстық базасын нығайту үшін мақсатты қаржыға қол жеткізу туралы ортақ пікірге келді.

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26324020
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102