homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар«Бір бәйтерек, бір шынар»: әнші, композитор Кентау Назарбекпен онлайн-кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Бір бәйтерек, бір шынар»: әнші, композитор Кентау Назарбекпен онлайн-кездесу

2021 жылдың 14 мамырында Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қазақ өнерінің қайраткері, әнші, композитор Кентау Назарбекпен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Кентау Назарбек 1965 жылы 5 наурызда бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1986 жылы Семейдің Шәкерім атындағы пединститутының көркемсурет факультетіне түсіп, оны 1991 жылы тәмамдаған.
Алпысқа жуық әннің, соның ішінде халық көкейінен шыққан «Бір бәйтерек, бір шынар» атты әннің авторы бүгінде шығармашылық өрлеу шағында. 1993 жылғы «Үкілі үміт» атты республикалық композиторлар байқауының, Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық композиторлар байқауының жүлдегері.
2013 жылдан Астана, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы оқушылар Сарайының вокал бөлімінің меңгерушісі.
"Абай өлеңі" әнінің авторы, композитор Кентау Назарбек – хакім Абайға арнап ән жазған тұңғыш композитор. Сондай-ақ, сазгер-әншінің «Мен қазақпын», «Ұлы еліме», «Құралайым» , «Қайда кетіп барасың?!», «Үш бақытым», «Жастық», «Жарық күн», «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай…» «Мен қазақпын», «Жүрегім жүрегіңде», «Қазақ жері», «Бір бәйтерек, бір шынар», «Мені ізде», «Сыйласайық» және т.б. әндері халық арасында кең таралған.
Тікелей эфирде қонағымыз Кентау Назарбек шығармашылық өмір жайлы өз әсерімен бөлісіп, шығармаларының басты тақырыптары, әндерінің тарихы туралы әңгімеледі.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26055223
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102