Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті
14 қыркүйек күні «Парасат жолы» жобасы аясында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бейсембаев Архат Абжатұлы және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков қаламыздағы мәдениет мекемелері қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Архат Абжатұлы «Сыбайлас жемқорлық» ұғымына кең тоқталып, тарихи мысалдар келтіріп, қоғамдағы осы дертті жеңуге әрбір азаматтың қосатын үлесінің маңыздылығына тоқталды. Әрбір адам өз міндеттерін адал орындап, өзінің жеке мүддесін ғана ойламай, Отанының нағыз патриоты болған кезде ғана мемлекет қарқынды дамитынын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Түсіпхан Түсіпбекұлы бүгінде мемлекетіміздің тәуелсіздігі, халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылықтың арқасында экономика өркендеп, тиісінше азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда екенін, бірақ елімізде сыбайлас жемқорлықтың да белең алып отырғанына тоқтала келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасындағы тәрбиеден басталатынына баса назар аударып, жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу жолдары жайлы сөз қозғады. Кітапхана директоры Бибігүл Жамбылқызы «Парасат жолы» жобасы аясында кітапханада атқарылып жатқан істерге тоқталды.
Кездесуге қатысушылар кітапханадағы «Парасат жолы» орталығындағы «Адалдық. Парасаттылық. Сенім» кітап көрмесімен танысты. Көрмеде тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қазақ заңы мен заң шығару тарихы туралы әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің классиктері: Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов, сондай -ақ қазіргі заманғы авторлардың шығармалары ұсынылған.
Кездесу соңында Архат Абжатұлы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың облысымызда «Парасат жолы» жобасын жүзеге асыруға, сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесін ерекше атап, Алғыс хат табыс етті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058534
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы