Адамзаттың тағдырын ойлайтын тұлға
Биылғы жылы жазушы, драматург, «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Роллан Сейсенбаевтың туғанына 75 жыл толып отыр.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында мерейтой иесіне арналған «Адамзаттың тағдырын ойлайтын тұлға» атты әдеби көрме жасақталды.
Көрмеде оның әйгілі «Если хочешь жить», «Всего одна ночь», «Трон сатаны», «День, когда рухнул мир», «Честь» және тағы басқада әдеби және қоғамдық қызметі туралы сыр шертетін басылымдар қойылды.
Мәдениеттанушы, филолог Мұрат Әуезов ол туралы былай деп жазды: «Оның сөзі жан сияқты, тамырдан қан сияқты ағып жатыр...»
Оқырманға Р. Шәкенұлының прозалық және драмалық шығармалары жетпісінші жылдардың ортасынан бері таныс. «Аңсау» атты алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. Содан бергі уақытта «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы» сынды романдары оқырман көзайымына айналды.
«Әлем күйреген күн» кітабы егемен еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналды. Бұл шығармада сутегі бомбасының жарылуының салдарын басынан өткізген халықтың қайғы-қасіреті жан-жақты баяндалады.
Жазушы төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп койды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды. Қаламгерге «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы 1994 жылдың 12 қазанында төрткүл дүниеге ұлы Абайды танытқан ерен еңбегі үшін, Отанымыздың рухы мен мәдениетін дамытуда барын салып, жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеуде жүргізген қызметі үшін берілді.
Құрметті оқырмандар, сіздерді көрмені тамашалауға шақырамыз!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336303
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы