«Болашақтағы мамандықтар»: интеллектуалды стендап
19 қараша күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «насихаттауға лайықты идеялар» TEDx конференциясы форматында стендап өтті. Стендап «Болашақтағы мамандықтар» тақырыбына арналды.
Сүлейменова Мая, Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар Орталығының жетекшісі:
Интеллектуалды стендап - интеллектуалды ойын-сауық шарасы. Спикерлер аудитория алдында жеке-жеке шығып өз ойларын қорғады. Сондай-ақ, маңызды тақырыптарға негізделген авторлық зияткерлік монологтарын ұсынды.
Құдайбергенова Нұргүл, Балалар оқу залы мен әлеуметтік бағдарламалар Орталығының жетекшісі:
Іс-шараның басты міндеті - болашақта түрлі сала мамандықтарын қандай өзгерістер күтетінін, жоғары білімнің бәсекелестікте қандай артықшылық беретінін қарастыру және кәсіптік бағдар жасау.
Зияткерлік шоуға жаңадан бастаған және тәжірибелі ораторлар мен белсенді, шығармашыл спикерлер қатысты. Кездесу қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы