Қобыз сарынымен сырласқан...
19 қараша күні, А.С Пушкин атындағы облыстық кітапханада шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы әйел Қарагөз Болатовамен «Қобыз сарынымен сырласқан...» атты кездесу өтті.
Қаракөз Болатовамен кездесге, қобыздың әсем әуенін тыңдауға өнерсүйер қауым жиналды.
Қарагөз Әбдікеқызы –Күршім ауданының тумасы. Саналы өмірін туған өлкесінің мәдениетін дамытуға үлес қосқан өнерпаз қыздың тағдыры мен шығармашылығына қызығушылық танытатын оқырмандар баршылық.
Жасынан өнерге жақын өскен қыз ағасының ақылымен 1964 жылы Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің қобыз сыныбына оқуға түседі. Зерек қыз училищеге алғаш түскенде-ақ нота білмесе де, қобызда бірден ойнап кетіп ұстаздарын таңқалдырса керек. Қасиетті де киелі қобыз аспабын өміріне серік қылған Қарагөз Әбдікеқызы Күршім, Марқакөл, Зайсан, Ұлан аудандарының мәдениет саласында еңбек етті. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз Қарагөз Әбдікеқызы оркестрде қобызда ойнаса, ән айтып, спектаклдерде басты ролдерді сомдады. М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклінде Қарагөзді, «Махаббат машақаты» дейтін спектакльде Тегене ханымның, «Дауылдан кейін» қойылымында мұғалиманың, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» атты комедиясында Әлима атты кейіпкердің образдарын сәтті шығарып ел есінде. Зайсан, Күршім аудандары өнерпаз ұжымдарының Халық театры атағына қол жеткізуде Қарагөздің қосқан үлесі мол.
Бүгінде Қайсенов кентінде тұрып жатқан өнерпаз жан әлі де өнерден алыстаған жоқ. «Шеше көрген тон пішер» дегендей анасынан қалған тігін өнерін жалғастыруда.
Кездесуде Ораз Кәкеев, Марат Сақатов, Шәкен Қабдолдина, Нәбиолда Кемешев сияқты өнер майталмандары бірге өткезген қызықты да арманға толы жылдардың естелігімен бөлісті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы