"Бір ел - бір кітап" 2012 акциясы
Акция Веб-хроникалары
25 қыркүйекте кітапхана алдындағы алаңда дәстүрлі «Ымырттағы оқулар» марафон оқулары бастау алды. Биылғы жылы біз жерлесіміз, Катон-қарағайлық· Оралхан Бөкей шығармаларын оқимыз . Жазушы· шығармаларында туған жердің сұлу табиғатын, ауыл адамдарының шынайы өмірін тамылжыған тілмен кестелеген. Туындыларының әр жолы - туған жерге деген махаббат пен сағынышқа тұнып тұр.
27 қыркүйек –«Жылымық» повесін оқу.
28 қыркүйек – Оралхан Бөкей туралы деректі фильм көрсетілімі, блиц турнир.
29, 30 қыркүйек – Оралхан Бөкейді еске алу кеші.
Кездесуге Оралханның жақындары, күні кеше дәмдес болып бірге жүрген дос- замандастары- жазушылар Әлібек Қаңтарбаев, Мүсілім Құмарбеков, жазушының жиені Тоқтарбек Мағзұмов, қаладағы «Асыл әжелер» алқасының мүшелері шақырылды. Кешегі бала Ораш, бозбала Ораш, азамат, қоғам қайраткері, жазушы Оралхан Бөкеев туралы білетіндер сағыныштары мен өзекті өртер өкінішке толы естеліктерін ортаға салды. Әркімнің өз Оралханы бар. Тоқтарбек Нұржақыпұлы Оралханның соңғы сапары, ақтық жолға шығарып салу, қазақи дәстүрдің орындалуы мен жазушының ерекше беделі мен қоғамдағы орнына тоқталды.
Жиналғандар журналист Ә. Қаңтарбаевтың әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады. Кейде күлдіріп, кейде мұңға батырған Әлібек аға Оралхан өмірінің қыры мен сырына тереңірек тоқталса, жазушы М. Құмарбеков Оралханмен бірге өткізген қызықты күндері туралы әңгімеледі.
«Асыл әжелер» тобының мүшелері, катондық Нұрғайни, Ләззат әжелер Оралханның жастық шағы туралы естеліктер айтты.
Оралхан шығармашылығына ден қойып зерделеп жүрген алматылық жас журналит Назерке Жұмабаймен Skype арқылы тілдесу кездесудің мазмұнын аша түсті. Назерке өзінің Оралхан Бөкей туралы ой-пікірін, журналистік зерттеулерін ортаға салып, шығысқазақстандық оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
1992 жылы Күршімде өткен Барақ батырдың 290 жылдық мерейтойына келген сапарында жазушының сөйлеген сөзі оқырмандар назарына тұңғыш рет ұсынылды. Қара сөздің жыршысы Оралханның дауысын естіп, ел мен жер туралы сөзін асқан қызығушылықпен тыңдады.
Облыстық этнографиялық мұражай қызметкері Г. Кашак қазақ жазушыларына арналған павильондағы Оралхан Бөкейдің кабинетіне виртуалды саяхат жасай отырып, жазушы тұтынған заттармен таныстырды.
Кітапхана қызметкерлері кездесуге келген қонақтарға естелік кітаптар табыс етіп, кітапхана қызметі түрлерімен таныстыра кетті.
Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, слайдтар, кездесудің мазмұнын ашып, оқырмандар көңілінен шықты.
Махаббатын туған жеріне, Өр Алтайына арнаған жазушы туралы естеліктер легі оқырманның көңіл пернесін дөп басып, мәңгілік сағынышқа ұласты. Кездесуге жиналғандар сағыныш пен тәтті мұңға толы Оралхан сүйіп тыңдайтын Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» қосыла шырқады
Жерлес қаламгеріміздің шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі Адам өмірінің құндылығы. «Ал сіз - Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз», «Адам баласын ой емес, ойсыздық құртады», «Адам адамға – дос, бауыр» деп жырлаған жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тарта береді. Оралхан Бөкей
Әрине, бұл шара игі істің тек қана бастамасы. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды нығайта бермекпіз.
28 қыркүйек күні кітапхана алдындағы алаңында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша өткен «Ымырттағы оқулар» әттегіден өзгеше өтті. Жүргізушілердің көрнекті жерлесіміз Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндаған әңгімесімен қатар «Оралхан кейіпкерлері біздің арамызда» атты интеллектуалды блиц-турнир сайысы өтті. Ойынға қатысқан «Сұхбат» интеллектуалды жастар клубының мүшелеріне әртүрлі сұрақтар ұсынылды – мысалы, О.Бөкейдің шығармалары бойынша түсірілген фильмдер; орыс тіліне аударылған алғашқы еңбегі; қай жинағы оқырмандар ықыласына бөленіп, танымалдығына әсер етті... Оқырмандар барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді, ойын соңында қатысушыларға жазушының шығармалары жазылған «электронды сыйлық» дискісі ұсынылды.
«Оралхан Бөкейді оқимыз!» тақырыбында 29 қыркүйек күні Өскемен тұрғындары мен қала
қонақтарына ақпараттық L-мобқа қатысушылар О.Бөкей шығармашылығына қатысты қазақ-орыс тілінде іс-шаралар жазылған үнпарақтарды таратып Бөкейді оқуға шақырды. Көрнекті жерлес жазушымыздың есімі, прозаны сүйіп оқитын оқырмандарға кеңінен танымал... Бірақ, өкінішке орай қала тұрғындарының көбі оның кім екенін, қай өңірдің жазушысы екенін білсе де нақты қандай еңбектері барын басып айта алмады. Өкінішті, дегенмен барлықтары – жастар, орта жастағы адамдар кітапханаға жазылу тілектерін айтып, жалпы акцияға, кітапхананың өтікізетін шараларына деген қызығушылықтары мен тілектерін ұсынды. «Ымырттағы оқулар» шарасының аяқталғанына өкініш білдірді... Бұл жағдайды біз оқырмандарымызға кітапханамызда О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндайтын мол мағлұмат бар екендігін және кітап көрмесінің ұзақ уақыт назарларына ұсынылатын айтып түсіндірдік. Келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық!
Байланысшы: Қыдырова Н.
Тел.:26-79-99.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26043399
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы