homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетРЕСУСТАРБір ел - бір кітапБір ел - бір кітап
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Бір ел – бір кітап 2022» акциясы

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері 15 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу.
Baitursynov Akhmet2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

             - Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

 

Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

 

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы А.Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұлт ұстазына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге халқымыздың аяулы перезенті, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану жайлы сыр шертетін әдебиеттер, баспасөз беттерінде жарық көрген тың деректер қойылды.
Ғалым қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Ұстаздың жазған әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Көрме төрінен орын алған «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын шағын кітап тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеуде А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құрал», «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптарының орны айрықша. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда да қайраткер зор еңбек сіңірді. Әсіресе, көрмеге қойылған әдебиеттер ішіндегі «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі болып табылады. Сонымен қатар, қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.
А.Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға зор үлес қосты. Атап айтсақ, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, С.Я.Надсон сынды бірқатар ақындардың туындыларын аударды. Көрмеге Петербургта «Қырық мысал» деген атпен басып шығарылған Крыловтан аударған өлеңдер жинағы қойылды.
Көрмеге ұсынылған материалдар А.Байтұрсынов мұрасының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын және әлі де қызығушылық тудыратынын дәлелдейді.
Көрме жыл бойына жұмыс жасайды.

IMG 7444 IMG 7445 IMG 7446 IMG 7459

 

Мұрағат:

Мұрағат 2021
Мұрағат 2020
Мұрағат 2019
Мұрағат 2018
Мұрағат 2017
Мұрағат 2016
Мұрағат 2015
Мұрағат 2014
Мұрағат 2013
Мұрағат 2012
Мұрағат 2011
Мұрағат 2010
Мұрағат 2009

"Бір ел - бір кітап-2021" акциясы

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» 

Жыл кітаптарын бірге оқиық!

Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде. 
Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.
Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.
Поэзия
1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».
Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».
Драматургия
1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».
Балалар әдебиеті
1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».
5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аударма
1.Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
2.Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
3.Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
4.Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
5.Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6.Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 

odnactrana 1 1 odnactrana 1 4 odnactrana 1 7 odnactrana 1 15 odnactrana 1 14 odnactrana 1 13

  

odnactrana 1 11

   

odnactrana 1 10

   

odnactrana 1 9

  

odnactrana 1 8

  

odnactrana 1 6

  

odnactrana 1 5

                


История Акции

Архив 2020
Архив 2018
Архив 2019
Архив 2018
Архив 2017
Архив 2016
Архив 2015
Архив 2014
Архив 2013
Архив 2012
Архив 2011
Архив 2010
Архив 2009

"Бір ел - бір кітап-2020" акциясы

2020 жылы, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына  орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.


«Абай жолының» бас кейіпкері — Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.


«Ұстаздың оралуы» романында Ә. Әлімжанов сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы — надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатта құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет еді. Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын   тұлғасы   романда   үлгі   аларлық   болып   шыққан. «Ұстаздың оралуы» романанда керемет бір идея бар. Ол — әл Фарабидің араб жұртына тек үйрену үшін емес, түркі әлемін, қыпшақ өркениетін таныту үшін жол тартқаны.

 

Мұрағат:

Мұрағат 2018
Мұрағат 2017
Мұрағат 2016
Мұрағат 2015
Мұрағат 2014
Мұрағат 2013
Мұрағат 2012
Мұрағат 2011
Мұрағат 2010
Мұрағат 2009

Акция "Одна страна - одна книга 2019"

 

В этом году в Казахстане республиканская акция «Одна страна – одна книга», которая проводится с 2007 года по инициативе Национальной академической библиотеки РК и Библиотечной ассоциации РК при поддержке Министерства культуры и информации РК.

Цель акции – развитие программы по продвижению чтения, поддержка грамотности и культуры чтения, сохранение духовного наследия, бережное отношение к родному языку, а также нравственное и патриотическое воспитание молодёжи.

1) Абиш Кекилбаев «Конец легенды»

Стареющий Повелитель, завоевавший полмира неожиданно обнаруживает слабость, у него появляется нежданная забота — подозрение насчёт порочной связи одной из его жен, младшей Ханши, с молодым зодчим Жаппаром, строителем прекрасного минарета. Прототипом для образа Повелителя послужила легенда о Тамерлане. Кекильбаев  дописал конец этой легенды, не следуя послушно за подсказкой народного предания, но сообразуясь с логикой психологического анализа и правдой художественного обобщения характера, взятого им для пристального, внимательного изучения.

2) Абдилда Тажибаев  «Поэзия»

Абдильда Тажибаев - многие годы плодотворно работал в жанрах поэзии, драматургии, литературоведения. А.Тажибаев своим творчеством активно участвовал в становлении казахской литературы, в нем отразились и пути развития, ее победы и поражения, ее восхождение и обновление. Ровесник таких неординарных деятелей литературы, как Таир Жароков, Кажим Жумалиев, Жумагали Саин.

Творчество А.Тажибаева предстает как воплощение всей нашей литературы. Еще в конце 30-х годов Мухтар Ауэзов, прочитав первые его произведения отметил художественные особенности молодого поэта. И на самом деле, даже в то время поэту удавалось сохранить задушевность в своих стихах и следовать лучшим традициям казахской лирики.

История Акции

Архив 2018
Архив 2017
Архив 2016
Архив 2015
Архив 2014
Архив 2013
Архив 2012
Архив 2011
Архив 2010
Архив 2009 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26057387
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102