homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихыБіздің кітапхана 1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды, оның құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл ат. драма театры).


П.Ф. Столбов1914 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл – ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 ж. дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920ж. 11 қарашада « Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.
Біздің кітапханаға Александр Пушкин есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары кітапхана бірнеше мәрте бір жерден екінші жерге ауыстырылды, бірақ оның есігі оқырмандарға үнемі ашық болды. Тек 1983 жылы 29 желтоқсанда кітапхана қала орталығындағы қазіргі заманға сай әсем ғимаратқа келіп тұрақтады, күні бүгінге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.

Қазір біздің кітап коллекциямыз 400 мыңнан астам дананы құрайды. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін - медиа және интернет ресурстарды, шет тіліндегі әдебиеттерді , энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалықтар коллекцияларын, дәстүрдегі және электрондық тасымал құралдарын пайдалану мүмкіндігі бар. Кітапхананың көптеген жобалары халықаралық ұйымдармен және қорлармен серіктестік байланыста жүзеге асырылады: АҚШ, Франция, Германия Елшілігі, Ашық Қоғам Институты, «Евразия», «Сорос-Қазақстан» т.б. Біздің кітапхана - Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі ақпараттық және мәдени орталық. Кітапхана жылнамасы толықтай...

 

Қосымша ақпарат қажет болса мына адреске хабарласыңыз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе тел.: 261-333.

Құжатты электронды жеткізу қызыметі

Служба Электронной доставки документов

Біздің кітапхана өз қорынан және Қазақстан мен жақын шетел кітапханаларының қорынан құжаттардың электронды көшірмесін жеткізуді жүзеге асырады. Тапсырыс кітапханада Тапсырыс орталығында (2 қабат, каталог залы) ресімделеді немесе сайтта тапсырыс формасы толтырылады.
Облыстық кітапхана қорынан құжатты электронды жеткізу /ЭДД/ тегін жүргізіледі. Тапсырыс басқа кітапханалардың қорынан орындалған жағдайда бағасын жабдықтаушы кітапхана белгілейді.

 

 
ЭДД қызметіне келісім-шарт жасалған кітапханалар тізімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасыҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы (ҚР ҰК) - http://www.nlrk.kz Электронды каталогы 1994 жылы құрылған. ҰК қорынан журнал және газет мақалаларына, авторефераттарға, монографияның жекелеген беттеріне тапсырыс беруге болады.

 

 

 

 


 

Казахстанская национальная электронная библиотекаҚазақстандық ұлттық электронды кітапхана (КазҰЭБ) – http://www.kazneb.kz

ҚР ҰАК каталогтарына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қорына баспа және электронды ресурстар енгізілген. Каталог мынандай тақырыптық каталогтардан тұрады: «Кітаптар», «Медиатека», «Мұнай және газ», «Шет тіліндегі әдебиеттер», «Авторефераттар мен диссертациялар». «Е-көшірме» бөліміне үш каталог енгізілген: «Мәдени мұра», «Қазақстан», «Қазақстан кітапханаларының сирек басылымдары». Заңды түрде шектеу қойылмаған басылымдарды толық басып алуға болады.

  


 

Национальный центр научно-технической информации Республики КазахстанНациональный центр научно-технической информации Республики Казахстан - http://www.inti.kz (массивы документов и сведения о национальных, республиканских, целевых, отраслевых, межотраслевых, региональных научно-технических программах и программах фундаментальных исследований, завершенных НИР и ОКР, защищенных диссертациях, депонированных рукописях научных работ, научно-технических разработках и производственном опыте РК.

 


 

Российская национальная библиотекаРесей Ұлттық кітапханасы (РҰК) - http://www.nlr.ru Электронды каталогта машинамен оқылатын библиографиялық жазбалар жинақталған (БЖ) басылымдардың мынандай түрлеріне: орыс тіліндегі басылымдар 1708-1800, 1826-1900, 1918-1926 гг., 1980 ж.бастап бүгінгі күнге дейін, диссертация авторефераттары 1980 ж. бастап.

 

 

 


 

Институт научной информации по общественным наукамҚоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат институты (ИНИОН) - http://www.inion.ru Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша библиографиялық дерекқор, 1980 жылдан бастап жүргізіледі. Әлемнің 140 тілінде аннотациясы берілген кітаптар мен журналдардың, жинақтардың сипаттамасы жинақталған.

 

 

 


 

 ГПНТБ СО РАНРесей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасы - http://www.spsl.nsc.ru Ғылыми, өндірістік-техникалық және оқу әдебиеттерінің бай жинағы. Өңірлік салалық библиографиялық дерекқорлардың тұтас жүйесі енгізілген.

 

  

 


 

БЕН РАНРесей Ғылым Академиясының жаратылыстану ғылымдары бойынша кітапханасы (БЕН РАН) - http://www.benran.ru Жаратылыстану және нақты ғылымдар жөніндегі ресейлік және шетелдік әдебиеттер, сонымен бірге техникалық, медициналық және ауылшаруашылығы ғылымдарының теориялық мәселелері жөнінде. Ресейде 1973 жылдан бері шыққан ғылыми әдебиеттердің бай жинағы.

Құжаттарға осы жерден сұраныс бере аласыз.

Француз оқу залы

Французский читальный зал2 - қабат, № 29 кабинет

Француз әдебиеттерінің залы аристократтар тілін ұнатушыларды шақырады. Француз тілін үйренушілер әр жексенбі күні (сағ.10.00-11.00 арасында) тіл үйренеді, «Франкофондар клубы» жұмыс істейді (сағ. 15.00 бастап).


Тел.: 261-333

Америка мәдени орталығы

Американский культурный центр

2 - қабат, № 28 кабинет
Америка мәдени орталығы өз оқырмандарын АҚШ туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, олардың лингвистикалық және білім алу қажеттілігіне қарай қызмет көрсетеді.

Сіздерге – оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттердің құнды топтамалары, ағылшын тіліндегі газеттер мен журналдар, энциклопедиялар мен сөздіктер, электрондық оқулықтар, кәбілді телеарна бағдарламалары, Интернетті пайдалану, ағылшын тілді клубтар, Америкадан келген қонақтармен кездесулер ұсынылады.

Тел.: 261-333

Мәжіліс-залы

2-қабат, № 27 кабинет


Мәжіліс-залы 150 адамға арналған. Зал семинар мен тұсаукесерлер өткізуге қажетті барлық бейне және ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған.

 

 

Проектор - кинотеатрлық Full HD LCD-проектор Sanyo PLV-Z800.
Синхронды аударма жасау 50 адамға.
Аудио жабдықтар: 2 радио микрофона және 1 селектор.
Жылдам Интернет - 8 Мбит/с.


Бірлесіп өткізілетін іс-шаралар жайында әкімшілікке хабарласуға болады.


Тел.: +7(7232) 261-333

 

zal1 zal2 zal3

Ақпарат және сервис орталығы

Центр информации и сервиса2- қабат, № 26 кабинет
Ақпарат және сервис орталығы - кітапхананың интеллектуалдық орталығы. Мұнда 400 мыңнан аса салалық әдебиеттер, газет-журналдардың 500-ден аса атауы жинақталған. Пайдаланушы оқырмандарға ғалымдардың авторефераттар топтамасы, мазмұнды анықтама қоры ұсынылады.

Сонымен бірге, мұнда Интернет-зал ғаламдық компьютерлік Желі ресурстарын ұсынады. Сіздерге Интернетке қосылған 8 жұмыс станциясы және білікті көмекші- кеңесші көмек береді.
Желіде ақысыз жұмыс істегіңіз келе ме? Кітапханаға жазылып, Интернетті ақысыз пайдаланыңыз.

 

Тел.: 261-333, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26327656
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102