Нашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта
Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:
1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;
2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.
Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)
Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін ·"Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.
Жаңалықтар мен оқиғалар
2013 жылдың 13 желтоқсанынан бастап кітапханада "Кедергісіз кітапхана" жобасы жұмыс істейді. Жоба мүгедектер мен қарттардың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік-мәдени ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, мүгедектерді әлеуметтендіру және білім беру тетіктерін жетілдіруді, бос уақытын ұйымдастыруды, мүгедектер мен қарттарға қоғамның оң-мүдделі қатынасын қалыптастыруды көздейді.
«Кедергісіз кітапхана» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана мамандарынан құрылған арнайы топ қараша айында алдын-ала бас қосты. Топ құрамында кітапханашылар, библиографтар, қоғаммен байланыс бөлімінің, Халықаралық ресурстар орталығының, Ақпараттық-коммуникативтік бөлімнің, бір сөзбен айтқанда кітапхананың барлық бөлімдерінің мамандары бар. Мамандар қоғамдағы көздері нашар көретін жандармен жүргізілетін жұмыстарды талқылап, олардың орындалу мерзімін, сондай-ақ 5 w + h: what, who, when, where, why and how? (не, кім, қашан, қайда, неге және қалай?) кестесі бойынша іске асыру жоспарын жасады. Біз заманауи бейне үлкейткіштер мен оқитын машиналар туралы ақпараттармен, сондай-ақ, бірқатар нашар көретін адамдарға арналған бейімделген бағдарламалармен танысты.
11 желтоқсан күні қазақ соқырлар қоғамының Шығыс Қазақстандағы бөлімінің кеңсесінде сауалнама жүргізілді. Мақсаты – көру қабілеті нашар адамдардың қажеттіліктерін анықтау. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар: Кітапханадағы қандай курстар/тренингтерге қатысқыңыз келеді? Кітапханадағы қандай үйірме/клубтар Сізге ұнайды? Қала ішіндегі қозғалыста Сізге қиындықтар туындай ма? және т.б.
Нәтижесінде:
- Көру қабілеті нашар адамдарға арналған курстар мен тренингтер тақырыбы анықталды;
- Осы санаттағы пайдаланушыларымызға көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге ой салды;
- Кітапханаға келуден олардың не күтетіні анықталды.
13 желтоқсанда Қызмет көрсету колледжінің нашар еститін және мылқау-керең студенттері арасында «Кедергісіз кітапхана» жобасының тұсаукесері өтті. Болашақ операторлар тобы жетекшілері және сурдологтарымен бірге келді.
Тұсаукесер басында студенттер кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана ресурстары, қызметтерімен танысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қызметтер жайлы айтылды, олар: пандус, шақыру түймесі, көтерілу жеделсатысы, арнайы тазалық кабинасы, нашар еститіндерге арналған ҒМ-жүйесі, бейнеүлкейткіш пен дауыстап оқитын машина.
Наурыз айында кітапхананың арнайы қызмет көрсету залына SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы сатып алынды. Бұл құрылғы кітап және баспа материалдарын сканерлеуге арналған, сонымен қатар орыс, ағылшын және т.б. тілдедерде дыбыстау қызметі де қатар жүреді. Оқу машинасымен жұмыс істеу өте қарапайым, біраз жаттығудан кейін кітапханашылар мен Зал пайдаланушылары оны жылдам меңгеріп алды. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді.
Арнайы қызмет көрсету залының алғашқы пайдаланушыларының бірі зағип Андрей Кузнецов болды. Психолог мамандығын игерген Андрей кітапханаға күнделікті келіп, психологияға байланысты аудиокітаптарды пайдаланатын.
Арнайы қызмет көрсету залында ерекше мұқтаж жандар ақысыз ағылшын тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін арнайы бағдарламамен қамсыздандырылған компьютерлік сынып жұмыс істеуде. Букридер, аудиокітаптар алынып, ақпараттық қызметтер көрсетіледі, соның ішінде онлайн. Мұнда психолог пен заңгер кеңесін алуға болады. «Шеберлер мектебінде» шығармашылық сабақтар өтеді.
Оқу, басқалармен араласу, жаңа достар табу, өз ойыңды білдіру – бәрі осында! Бізге келіңіз!
"Өскемен қаласының 2020 жылғы ең үздік қолжетімді нысаны" байқауының қорытындысы бойынша біздің кітапхана жеңімпаз дипломын алды. "Біз бұл марапатты өте мақтан тұтамыз және ол бізді қолжетімді орта құру және ерекше адамдарды әлеуметтендіру бойынша қызметтегі жаңа жетістіктерге шабыттандырады, - дейді кітапхана директоры Бибігүл Шағиева. Біз алдағы уақытта да әлемдік тәжірибені зерделеп, ерекше адамдарға көмектесу үшін, осы саладағы заманауи технологияларды кітапхана практикасына бейімдеп, енгізетін боламыз".
2021 жылдан бастап "Тифло Ревью" айдары бойынша Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Screen reader бағдарламалары бойынша жеке сабақтар өткізіледі. Смартфонды меңгеру зағип адам үшін бүгінгі қоғамдағы ең қажетті дағдылардың бірі. Біздің команда қазіргі қоғамда тәуелсіз болуға ұмтылатын адамдарға көмектесуге қуанышты.
Әйелдер мерекесі қарсаңында 3 наурыз күні кітапханада "Нәзік жанды – қайсар рухты" атты мүмкіндігі шектеулі нәзік жандармен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында әр кейіпкер өз тағдырынан сыр шертіп, өмірде қандай жағдай болса да қажымай, тағдырға қарсы тұра білу керектігімен өз кейіпкерлерімен бөлісті.
22 сәуір 2021 жылы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Facebook парақшасында қаламыздың паралимпиада спортшыларымен тікелей эфир ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Республикасының спорт шеберлері: үстел теннисі бойынша Алена Кутявина, Ардақ Нұрмағамбетов, Анна Мазаева, сондай-ақ паралимпиадалық ат үйретуден ҚР спорт шебері Райхан Байырқанова және ат спортынан республикалық жарыстардың күміс жүлдегері Ринат Бектұрсынов шақырылды.
Кездесу барысында жас спортшылар өздері туралы, өздерінің спорттағы жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы әңгімеледі. Олардың өмір тарихы - бұл өзіңді, ауруды, қиын жағдайларды жеңудің жарқын мысалы. Әрқайсымызға қайсарлық, өмірге белсенділік және жеңіске деген ерік-жігер беріп, қуаттандыратын ерекше тұлғалармен мотивацияға толы онлайн кездесуді мына сілтеме арқылы көріп тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=jt8HzOqxBOE
5 қыркүйекте біздің кітапханамызда "Біз жасаймыз және өмір сүреміз" атты тағы бір жоба бастау алды. Бұл ерекше адамдарға арналған шығармашылық қолөнер бойынша тегін курс. Курс екі бағыттан тұрады.
1) жұмсақ ойыншықтарды инесіз тоқу, иірілген жіптен жұмсақ ойыншықтар жасау техникасын тегін үйренеу. Сапалы әрі жұмысақ ойыншықтар тоқу.
2) канзаши техникасы бойынша аксессуарлар жасау (шашқа, қолға, мойынға тағатын әшекейлер).
| |
|
|
|
||
| |
|
|
Алдымызға мақсат қойдық, кітапханамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, барлық жағдайды жасап, қызмет көрсетуге тырысамыз.
Нашар көретін пайдаланушылар үшін ақпарат
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:
1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;
2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.
Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)
Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін "Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.
Қоғамдық бірлестіктер, орталықтар, ұйымдар. Нашар көретін жандар құқығы мен мүддесін қорғау, әлеуметтік қолдау, оңалту, тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге ықпал ету т.с.с.
www.worldblindunion.org- Бүкіләлемдік Зағиптар Одағы.
http://cpookos.kz- Қазақ зағиптар қоғамы.
www.vos.org.ru - Бүкілресейлік зағиптар қоғамы.
www.beltiz.com - “Белорусское товарищество инвалидов по зрению” қоғамдық бірлестігі.
Нашар көретін адамдарға арналған электронды мерзімді басылымдар. Аудиокітаптар.
www.ochki.net- көзілдірік пен контактылы линза туралы журнал.
http://www.bookbookbook.spb.ru- танымал аудиокітаптар топтамасы.
http://www.ayguo.com/audiolist.asp - аудиоклассика.
http://audiozvuk.com - аудиокітаптар.
Компьютер технологиялары, мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, оқыту бағдарламалары, ойындар және т.б.
http://www.tiflocomp.su- “Компьютерные технологии для незрячих и слабовидящих” порталы.
http://www.tiflocomp.ru/games/- зағип және нашар көретіндерге арналған компьютер ойындары.
http://www.integr.org- cайт незрячих пользователей компьютерной техники "Интеграция".
http://www.speech-soft.ru- Сөйлеу технологиясының ақпараттық порталы.
http://www.elecgeste.ru- Көз жанары бойынша мүгедектерді оңтайландыратын техникалық құралдар.
http://tifloweb.narod.ru/tiflotechnology.html- Тифлотехнология жаңалықтары.
http://www.smartaids.ru- "Доступная среда" интернет-дүкені. Бейне үлкейткіш, ақ таяқтар, жазу құрал-жабдықтары, лупа т.б.
Поддержи библиотеку!
Друзья!
Реализуйте свой потенциал! Станьте нашими добровольными помощниками – волонтёрами.
В библиотеке вы можете:
- читать книжки малышам
- проводить интеллектуальные и развивающие игры;
- собирать с подростками роботов;
- вести кружки прикладного творчества (рисование, вышивка, лепка…);
- обучать пожилых людей компьютерной грамотности;
- участвовать в наших массовых мероприятиях и др.
Все ваши таланты важны и востребованы. Приятный бонус – новые интересные знакомства, море общения, добрые слова благодарности и масса положительных эмоций!
Для деловых, занятых людей с большой душой и щедрым сердцем - наше предложение о спонсорской помощи:
- подарки для воспитанников интернатов и детских домов города;
- поощрительные призы для участников конкурсов и викторин;
- современная качественная литература для сельских библиотек области;
- участие в социальных проектах библиотеки и др.
Помогите, и вам вернётся сторицей. Инвестиции в умы – самый выгодный долгосрочный проект!
Координатор: Рахимбаева Б.С.
Тел.: 261-333
Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Построчный перевод текста Государственного Гимна Республики Казахстан:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330331
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |


























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы