Акция "Одна страна - одна книга 2010"
|
Я – казах. |
Я – казах. |
|
|
С 20 по 26 сентября, в рамках ежегодной республиканской акции «Одна страна – одна книга», весь Казахстан читает поэму Жубана Молдагалиева «Я - казах!». В программе мероприятий областной библиотеки им. А.С. Пушкина поэт предстает не только как человек беззаветно влюбленный в родную землю, но и как гражданин мира. Подробнее...
В преддверии акции в библиотеке оформлены информационные стенды, разработаны закладки «Читаем поэму Жубана Молдагалиева «Я - казах!».
17 сентября сотрудники библиотеки посетили воинскую часть 5518 и провели с военнослужащими с литературную беседу о жизни и творчестве Жубана Молдагалиева. Беседа, проходившая на двух языках, казахском и русском, вызвала живейший интерес, особенно у молодежи. Проникновенные строки поэмы "Я - казах!" разворачивали перед аудиторией картину истории нашей страны. Военнослужащие размышляли о вечных понятиях – Родина, гражданственность, патриотизм. По окончании встречи, внимательные слушатели, желая узнать больше о поэме «Я - казах», задавали вопросы и знакомились с выставкой. В благодарность руководство части подарило на память периодические издания внутренних войск МВД Республики Казахстан журнал «Бүркіт» и газету «Қалқан». 18 сентября, накануне Акции, молодёжь библиотеки организовала информационный флэш-моб. В городских парках мобильная группа библиотекарей дарила отдыхающим воздушные шары, книжные закладки с четверостишиями из поэмы Ж. Молдагалиева "Я - казах!" и оповещала горожан о предстоящих библиотечных мероприятиях.
Книга читательской акции 2011 года
Определена книга читательской акции «Одна страна – одна книга». В 2011 году вся страна будет читать книгу Жусупбека Аймаутова «Ақбілек».
|
||
"Бір ел - бір кітап 2009" акциясы
| А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың көпшілік іс-шараларының бағдарламасы | |
|
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін. Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды - жүзік, Айды алқа ғып берейін .... |
|
|
- Мағжан Жұмабаев осылайша өлең арқылы өз махаббатын боямасыз жеткізеді. Және бүкіл Қазақстан халқы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ ақынының кәусар жыр жолдарымен сусындайтын болады. Толығырақ ...
Акция қарсаңында кітапханада ақпараттық стендтер, "Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары" бетбелгілері даярланды. А.С. Пушкин атындағы кітапханада қыркүйек айының басынан бастап "Өлеңдер ізімен сурет саламыз" атты қаланың өнер мектептері оқушыларының жұмыстарының галереясы ашылды. Қазақ ақынының өлеңдерін оқыған қаланың өнер мектептері оқушылары қиял әлемінде көрініс берген бейнені қыл қаламмен кенеп бетіне түсірді.
2009 ж. 17 қыркүйек күні ШҚАУ-де Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мағжан – Тұран көгінің жыр жұлдызы» деп аталатын көшпелі іс-шара болып өтті. Бұл медиасұхбат "Бір ел - бір кітап" акциясының тұсаукесеріне айналды.Болашақ заңгерлер қазақ поэзиясының ең жарқын өкілдерінің бірінің туындыларына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Шығармашылық түбірі Абайдың биік поэзиясынан бастау алатын Мағжан жаңа дәуір - романтизм дәуіріне жол салды.
2009 ж. 17 қыркүйек күні ШҚАУ-де Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мағжан – Тұран көгінің жыр жұлдызы» деп аталатын көшпелі іс-шара болып өтті. Бұл медиасұхбат "Бір ел - бір кітап" акциясының тұсаукесеріне айналды.Болашақ заңгерлер қазақ поэзиясының ең жарқын өкілдерінің бірінің туындыларына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Шығармашылық түбірі Абайдың биік поэзиясынан бастау алатын Мағжан жаңа дәуір - романтизм дәуіріне жол салды.
2009 ж. 17 қыркүйекте кітапхана қызметкерлері "Қазақстан - Өскемен" ТД бірлесіп Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмге бейнематериал даярлап, түсірді. Тақырыптық көрмеге қойылған әдебиеттерді көрермен назарын ұсынған кадрлар ақын замандастарының естеліктерімен және өлеңдерінен үзінділер оқумен жалғасты.
2009 ж. 18 қыркүйек күні «Өзіңіз оқыған соң - өзгеге ұсыныңыз» буккроссингі бастау алды. Ақынның төрт кітабы саябақтар, аялдамалар т.б. қаланың қоғамдық орындарына өз оқырмандарын іздеуге аттанады.
19 қыркүйек күні акция қарсаңында кітапхана жастары ақпараттық флэш-моб ұйымдастырды. "VITA" кәсіпорындар тобы ұсынған ақпараттық "сэндвичтермен" қаруланған мобильді топ Пушкин кітапханасынан "VITAМИР" СҮ дейінгі аралықта әдеби соқпақ жол салды: жүргіншілерге шарлар мен Мағжан Жұмабаев өлеңдері жазылған бетбелгілер таратты. Жамбыл және "Жастар" саябағында ақын өлеңдерін оқып, тіпті жас жұбайларды да құттықтады. Бұған жауап ретінде жастар "тату өмір сүрумен" қатар Мағжан Жұмабаевтың барлық махаббат жырларын оқып шығуға уәде берді. |
|
|
22 қыркүйек күні пушкиндік библиокеруен Ұлан АОК-на аттанды. Ол Ұландық кітапханашыларға осы тәрізді акцияларды өткізудің жаңа формалары мен әдістерін әкеліп қана қойған жоқ. Мұнда арнаусапармен белгілі ақын, аудармашы Әуезхан Қодар болып қайтты.
22 қыркүйек күні сағат 16.00 кітапханада жаңа толқын жазушысы, қос тілді ақын әрі драматург, мәдениеттанушы және философ, әдеби сыншы, аудармашы Әуезхан Қодармен кездесу болып өтті. Толығырақ ...
23 қыркүйек. Нағыз теңіз оқиғаларын бастан кешіргендей сезіну және белгілі ақын Әуезхан Қодармен танысу - бұл әрбір баланың қиялындағы арманы емес пе? А.С. Пушкин атындағы кітапхана "Үміт" Балалар үйі тәрбиеленушілеріне осындай мүмкіндікті ұсынды. Екі ұрпақ арасындағы кездесу "Ғайни" теплоходында жылы достық атмосферада өтті.
23 қыркүйекте Әуезхан Қодар студент жастармен кездесті. Ол Жұмабаев шығармаларын аударуға не әсер еткенін әңгімелеп, аударма жұмысы барысы жайын түсіндірді.
4 қыркүйек Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі мен № 26 орта мектепке көшпелі іс-шарамен ерекшеленді. Кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Осы күні кітапханада 11 сынып оқушыларының қатысуымен «…мен Күн ұлы, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар» атты әдеби кеш өтті.
25 қыркүйек күні № 26 орта мектептің 11 сынып оқушылары «Виртуалды мағжантану»веб-шолуында қатысты. Балалар қазақ ақыны мен оның шығармалары жайлы материалдар қойылған сайттармен танысты . 25 қыркүйек күні сағат 16.00 кітапханада "Тарихи тұлға өміріне психолог көзқарасы" атты лекциялар сериясының алғашқы лекциясы болып өтті. Психолог Буктугутова Зияда Сабырқызы тыңдарманға Мағжан Жұмабаев өлеңдері арқылы өмір сабақтарын тануға көмектесті. Толығырақ ... |
|
Ілияс Есенберлин
«Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас».
Нұрсұлтан Назарбаев
Өмірбаяны
Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі.
І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.
Шығармалары
Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.
Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Романдары және тарихи сана
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
"Бір ел - бір кітап 2015" акциясы
Іс шаралар бағдарламасы - 2015
| № |
Іс-шара атауы
|
Жұмыс түрі
|
Өткізілетін уақыты
|
Өтетін орыны
|
| 1. |
"Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы"
|
әдебиеттер көрмесі
|
жыл көлемінде
|
2 қабат, көрме залы
|
| 2. |
"Қазақ тарихының суреткері":
І. Есенберлин ·өмірі мен шығармашылығы
|
әдебиеттер көрмесі
|
жыл көлемінде
|
2 қабат, оқу залы
|
| 3. |
«Жыл кітабы - «Көшпенділер»
|
әдеби – музыкалық кездесу
|
қыркүйек, қазан
|
Мәжіліс залы
|
| 4. |
"Ұлы рухты оятқан ұлы суреткер"
|
виртуалды көрме | жыл көлемінде |
Кітапхана сайты
|
| 5. |
Аңыз бен ақиқат. Ілияс Есенберлиннің
"Көшпенділер" трилогиясындағы тарихи тұлғалар |
әдеби бейне-сабақ;
|
15-20 мамыр |
Медиатека
|
| 6. |
"Көшпенділер" трилогиясындағы махаббат тақырыбы
|
сұхбат | сәуір | Жастар орталығы |
| 7. |
"Көшпенділер» жыл кітабын бірге оқиық! |
флешмоб | жыл көлемінде |
Қала саябақтары
(Жастар, Киров)
|
| 8. |
"І. Есенберлин романындағы алаш рухы |
тарихи-патриоттық сабақ; |
жыл көлемінде тапсырыс бойынша | Медиатека |
| 9. |
"Есенберлин әлеміне саяхат" |
блиц-турнир
|
жыл көлемінде
|
Жастар орталығы
Америка мәдени орталығы
|
| 10. |
"Көшпенділер" фильмін тамашалау және талқылау |
жыл көлемінде |
Мәжіліс залы
|
Көшпенділер кітабының I бөлімі Алмас қылыш
Көшпенділер кітабының IІ бөлімі Жанталас
Көшпенділер кітабының IІІ бөлімі Қаһар
Акция веб-хроникалары
Кітапханада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында арнайы бағдарлама бастау алды. Жұма күні өтетін кезекті кәсіби оқуда мамандар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына , жыл кітабы «Көшпенділер» романының тарихына саяхат жасады. Кеңес заманында бұл тарихи трилогияны шопандар қойға айырбастап оқыған екен. Романның шығу тарихын еске түсіру үшін «Қызықты фактілерден» блиц-сұрастыру өткізілді. Сондай-ақ, кітапхана мамандары трилогияның әр кітабына, кітаптың бас кейіпкерлері аты аңызға айналған Әбілхайыр, Абылай, Кенесары сынды тарихи тұлғаларға, Гауһар, Назым сияқты қазақтың батыр қыздарына жеке-жеке тоқталып өтті. Ендігі мақсатымыз – оқырмандарымызды, бүкіл қала халқын қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусі үлес қосқан «КӨШПЕНДІЛЕР» оқуға шақыру! Жыл кітабын бірге оқиық ағайын!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26349752
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |





















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы