homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетРЕСУСТАРЖаңадан түскен кітаптарБір ел - бір кітап
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Одна страна – одна книга.

Уважаемые наши читатели! Приглашаем к прочтению поэтических произведений выдающегося казахского поэта-мыслителя Дулата  Бабатайулы(1802 - 1871). Книга «Өсиетнама» Дулата Бабатайулы выбрана главной книгой для чтения в 2016 году в рамках акции «Одна страна - одна книга».

Сотрудники нашей библиотеки подготовили книжную выставку произведений поэта. У выставки  в День знаний состоялось чтение стихов Дулата Бабатайулы на казахском, русском, английском языках.

Лучшие выступления наших читателей, отснятые  на видеокамеру, размещены на нашем сайте и в соцсетях. Акция продолжается. Хотите прочитать произведение поэта для записи на видеокамеру, приходите в библиотеку.

Выдающийся казахский поэт-мыслитель до абаевской поры Дулат  Бабатайулы родился в нынешнем Аягузском  районе Семипалатинской области в семье бедняка-кочевника. Поэт жил в краю, где ораторское  и поэтическое искусство испокон веков ценились превыше всего, впитал  все лучшее из творчества предшествовавших казахских мыслителей – жырау XV—XVIII вв., из древних исторических преданий; шежiре) и эпических сказаний,  Дулат стал одним из образованнейших людей своего времени.

  Дулат Бабатайулы- первый казахский поэт, стихи которого были изданы типографским способом и опубликованы книгой. Первый сборник «Өсиетнама» -«Книга поучений»  вышел в Казани в 1880 году. В нем собрано около восьмисот строк стихов Дулата.

Основные идеи его произведений,  сводятся к следующему: дети  должны всегда подражать хорошим поступкам своих родителей и дорожить ими. Полезные советы и наставления родителей являются как бы кодексом  законов поведения детей.

Человек познается в делах, личность формируется в процессе труда и деятельности. Труд, противоречащий склонностям, — источник уныния и несчастий. Человек должен жить не только для себя, лишь для удовлетворения, своих потребностей, но и трудиться для общего дела («Думай о деле народа всегда, и не ленись для блага труда»). Знание, труд украшают человека .от мала до велика ("Воля и труд — вот твои друзья"). Жизнь должна быть устроена на разумных началах. Красноречие —дар, пустословие — болезнь («Слово — нить шелка, а стих — узор… Красноречивым тому не быть, кто не находит нужных слов»). По мнению поэта, только знания и наука окрыляют человека, открывают его глаза на мир.

Во многих своих произведениях  поэт  воспевает величие ума, силу воли человека, любуется красотой родной природы, прославляет дружбу, идиллию семейной жизни. По мнению поэта, там, где нет дружбы, там нет разумных форм человеческого общения и общежития: «Разве тебе будет другом тот, переступивший порог жилья, кто с улыбкой к тебе войдет, а выйдет, зло на душе

тая».   

 Произведения Дулата Бабатайулы, связанны с воспитанием подрастающего поколения, которому, он искренне желал хорошей жизни и счастья, быть достойным человеком, гражданином и хозяином своей судьбы. Поэт любил свою страну.

О, вершин этих горных гряда,

О, степное кочевье отцов,

Где трава была мягкой всегда

На заре и в росе вечеров,

Где ручьев бушевала вода,

Где так много в предгорье лесов

И широких для пастбищ долин!

Степь, наследие дедов, отцов,

Я, тобою взлелеянный сын,

Всю отдать тебе душу готов.

Уважаемые наши читатели!   У книжной выставки Дулата Бабатайулы вы сможете приобщиться к проведению акции «Одна страна - одна книга». Читаем сборник «Өсиетнама» - «Книга поучений»  Дулата Бабатайулы все вместе! Приглашаем вас к чтению и изучению  творчества  талантливого поэта казахских степей.

 Использованы материалы сайта  http://www.gold-liter.org.ua/kaz/content/1190279016

ffnfq 3 ffnfq 4 ffnfq 5 ffnfq 6 ffnfq 1 bvfv 2

"Бір ел - бір кітап 2016" акциясы

логотип

Жылдағы дәстүр бойынша "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында, биыл жыл кітабы болып Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы таңдалды. Ендеше Дулат Бабатайұлының өлеңдерін ел болып оқиық!

 
 
 
 

"Бір ел - бір кітап 2014" акциясы

Muratbekov"Бір ел - бір кітап" акциясы Қазақстанда сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғаш рет 2007 жылы бастау алған.

2014 жылы бүкіл ел Сайын Мұратбековтың "Басында Үшқараның" және "Жусан иісі" әңгімелерін оқиды.
 
 
 
 

Іс-шаралар бағдарламасы - 2014

Іс-шара атауы
Жұмыс түрі
Өткізу уақыты
Өткізу орны
1.
"Жазушы мұрасы сыр шертеді"
әдеби кездесулер
қыркүйек-қазан
облыстың барлық кітапханалары
2.
виртуалды көрме
қыркүйек
кітапхана сайты
3.
Жүректерді баураған "Жусан иісі"
кітап көрмесі
жыл көлемінде
облыстың барлық кітапханалары
4.
"Жусан иісі" беттерінен
тақырыптық блог
жылдың 2-жарт.
кітапхана сайты
5.
"Жазушы портретінің ерекшеліктері"
әдеби кездесу
қыркүйек-қазан
 "В кругу друзей" кітапхана клубында
6.
"Бұл жолдар Сізге таныс па?"
интеллектуалды ойын
жылдың 2-жарт.
А.С. Пушкин атындағы кітапхана
7.
"Оқимыз, үйренеміз, жасаймыз"
шығармашылық көрме
қараша
А.С. Пушкин атындағы кітапхана
8.
"Ертегіші Аян және оның достары"
театрландырылған көрініс
қыркүйек-қазан
А.С. Пушкин атындағы кітапхана
9.
"Соғысқа ұрланған балалық шақ"
азаматтық сабақ
мамыр
А.С. Пушкин атындағы кітапхана
10.
"Туған ел - алтын бесігім"
виртуалды экскурсия
сәуір-мамыр
кітапхана сайты
11.
"Жазушымен сырласу"
еркін микрофон
қыркүйек
облыстың қала мен ауылдарында
12.
"Жазушы кейіпкерлері бейнесі"
блиц-турнир
жыл көлемінде
А.С. Пушкин атындағы кітапхана
13.
"Жусан иісі": оқимыз және пайымдаймыз
L – моб
қыркүйек
облыстың қала мен ауыл көшелерінде
14.
Сайын Мұратбеков: таныс және бейтаныс
жарнама және БАҚ жарияланымдары, телеарнаға жаңалық сюжеттері
жылдың 2-жарт.
облыстық, республикалық және шетел БАҚ-тары

Акцияның веб-хроникасы

13 қыркүйек - сенбінің жаймашуақ күні кітапхана мамандары кітапхана алаңында қалалықтарға «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында мәдени сенбілік өткізді.· Жерлестерімізге· С. Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі,· түрлі-түсті балаларға арналған басылымдар, әр түрлі журналдар ұсынылды.
Мамандар «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін»,· «Өліара» шығармалары арқылы қалың көпшілікке танылып, проза саласында өзіндік қолтаңбасын· қалдырған қарымды қаламгер Сайын Мұратбеков еңбектерімен тұрғындарды таныстырып, жазушының· «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармаларын оқуға шақырды. Сондай-ақ алаңда демалушылар шахмат, дойбы ойындарын ойнап кітапханаға соңғы келіп түскен журналдарды парақтап уақыттарын тиімді өткізді. Кітап сүйер оқырманға әдебиетті насихаттап, оқырмандарды кітап оқуға, Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі","Басында Үшқараның"·кітабын оқуды ұсынып, елімізде аса танымал болған акцияға бір кісідей қатысуға шақырды.
 
15 қазан күні ·кітапхана мамандары арнайы бағдарламамен Предгорное селосында болып қайтты. Кітапхана қызметкерлері село мектебінде мұғалімдер мен оқушылармен кездесіп, «А. С. Пушкин» атындағы кітапхана күнін» өткізді. ·Предгорное селосының мектеп оқушыларына Республикалық «Бір ел – бір кітап» аясында қазақ және орыс тілдерінде «Соғыста ұрланған балалық шақ» тақырыбында әңгімелесу өткізіліп, орта және жоғары сынып оқушылары жазушы С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.

16 қазан - Кітапханада өтіп жатқан жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған акцияның кезекті қонағы №3 көпсалалы гимназияның 6 сынып оқушылары болды. Оқушылар кітапхананың барлық бөлімдерімен танысып болған соң, балалар бөліміндегі «Кел, балалар, оқылық!» үйірмесінде қаламгердің шығармашылығы жайында мағлұмат алды.  «Басында Үшқараның...» шығармасын оқып талқылап, өз ойларын ортаға салды.

1 маусым «Өскемен –оқырман қала 2014» акциясы аясында «Балаларға базарлық» кітап мерекесінде· жастар арасында қала саябақтарында, кітапхана алаңында «Кітап оқиық», «Жусан исін оқиық» атты флеш-моб, букроссинг өткізіліпп, қалалықтарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы· ақпарат берілді.
15 мамырда·· Тарханка ауылының 7-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен кітапханада қонақта болды.
Балалардың көпшілігі кітапханада бірінші рет болды. Үлкен жарық залдар, кітап қоры, ІТ-Отау және медиаресурстар, Балалар секторындағы қуыршақтар театры, ағылшын тіліндегі үстелүсті ойындары – бәрі де балалар көңілінен шықты.
Кітапхананың барлық бөлімдерімен танысқан кішкентай қонақтар "Жүректерді баураған "Жусан иісі" көрмесімен, сондай-ақ, С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған медиа сабаққа қатысты.
 
18 наурыз
Кітапхананың балалар бөлімінде  "Ертегіші Аян және оның достары" атты театрландырылған қойылым көрсетілді.  Қойылымда кішкентай оқырмандарымыз №24 орыс мектебінің  6 сынып оқушылары қазақ тілінде «Жусан исі» шығармасы бойынша кейіпкерлерді сомдап мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті.
 
30 сәуірде кітапхананың «Сұхбат» клубында «Бір ел-бір кітап » акциясы аясында , клуб мүшелері· С. Мұратбековтың «Жусан исі» шығармасы төңірегінде "Жазушы мұрасы сыр шертеді" тақырыбында әдеби сұхбат өткізді. Жазушының қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар,«Жусан иісі» кітабы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шалғайдағы ауыл балаларының бастан өткерген ауыр кезеңін, ел тұрмысын, зұлмат жылдардың әкелген қайғы-қасіретін шынайы суреттейді. Кітап, ондағы оқиғаның өрбуі жайында қызу пікірталасқа, талдауға қатысқан оқырмандар шығармадағы басты кейіпкер Аянның төңірегінде біраз жайға қанықты. Оның қиын-қыстау кезіндегі өмірін жан-жақты талдады.
Клуб мүшелерінің бірі бас кейіпкердің жаңа ортаға бейімделуі, қайраттылығы туралы сөз қозғаса, бір шығармадағы жағымсыз эпизодтарды талдап, енді біреулері туған жердің қадір-қасиеті жайлы өз ойларын білдірді. Қатысушылар сол жылдардағы өмірді көз алдарына елестете отырып, бүгінгі күнмен салыстыра саралап, Аяннан көп нәрсе үйренуге болатындығына көз жеткізді.
 

"Бір ел - бір кітап 2013" акциясы

Ongarsynova

"Бір ел - бір кітап" акциясы Қазақстанда жетінші рет өткізіліп отыр. Алғаш рет аталған акция 2007 жылы ұйымдастырылды. 2013 жылы бүкіл ел Фариза Оңғарсынованың "Дауа" лирикалық өлеңдер жинағын оқиды.

 

Акция тарихы

 

Іс-шаралар бағдарламасы - 2013

Іс-шара атауы

Өткізу үлгісі

Өткізу уақыты

Өтетін орны

1.

"Жазғы оқу клубы" - "Ашық аспан астындағы кітапхана" бағдарламасы аясында

дауыстап өлеңдер оқу

маусым-қазан

кітапхана ауласы

2.

"Жырларымды оқы да, ойларымды ал..."

виртуалды көрме

қыркүйек – жыл көлемінде

кітапхана сайты -www.pushkinlibrary.kz

3.

"Өлең, мен сені аялап өтем…"

кітап көрмесі, түсініктемесімен

қыркүйек – жыл көлемінде

А.С. Пушкин атындағы кітапхана

4.

"Менің өмірім де, өзім де -  өлеңім"

ақынмен онлайн жүздесу

қыркүйек

А.С. Пушкин атындағы кітапхана

5.

"Өлең - тағдыр, жыр-ғұмыр": әлеуметтік желіден өлең оқимыз

өлеңдерді онлайн жазу

жылдың 2-жарт.

әлеуметтік желілер: "Мой мир", Facebook және т.б.

6.

"Кеудесіне сандуғаш құс түнеген..."

әдеби-музыкалық кеш

қыркүйек - қазан

"В кругу друзей" кітапхана клубында

7.

"Бұл менің Қазақстаным – менің замандасым!"

поэтикалық микрофон

17-27 қыркүйек

қала көлемінде

8.

"Фаризаның әуен жолдары"

библиокэшинг-ойын

қыркүйек

А.С. Пушкин атындағы кітапхана

9.

«Бір ел – бір кітап": Фариза Оңғарсынованы оқимыз

L – моб

қыркүйек

қала көшелерінде

10.

"Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз!"

жарнамалық буклеттер/ үлестірмелер, БАҚ-қа жарияланымдар, телеарнаға жаңалық сюжеттері

жылдың 2-жарт.

қала көлемінде, оқу акциясы ұйымдастырылған орындарда

Акцияның веб-хроникасы

10 қыркүйекте біздің Фариза Оңғарсыноваға арналған блог-жобамыз бастау алды.

15 тамызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жыл сайынғы "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауын жариялады.

21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін "Бір ел - бір кітап" акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. 

"Бір ел - бір кітап" 2012 акциясы

Біздің елімізде «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
 
Биылғы жылы бүкіл ел болып, жерлесіміз Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» жинағына енген повестері мен әңгімелерін оқимыз.

Акция тарихы

Виртуалды көрме

Акция Веб-хроникалары

25 қыркүйекте кітапхана алдындағы алаңда дәстүрлі «Ымырттағы оқулар» марафон оқулары бастау алды. Биылғы жылы біз жерлесіміз, Катон-қарағайлық· Оралхан Бөкей шығармаларын оқимыз . Жазушы· шығармаларында туған жердің сұлу табиғатын, ауыл адамдарының шынайы өмірін тамылжыған тілмен кестелеген. Туындыларының әр жолы - туған жерге деген махаббат пен сағынышқа тұнып тұр.

«Ымырттағы оқуларда» жазушы мұрағатынан алынған фотосуреттер, Оралхан Бөкей шығармалары желісі бойынша түсірілген фильмдерден үзінділер, жазушы сүйіп тыңдаған әндер, сондай –ақ, ол туралы қазақ ақындары жазған өлең жолдары ұсынылады.
 Марафон бағдарламасы:
25-26 қыркүйек -  жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу, «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасын оқу.
27 қыркүйек –«Жылымық» повесін оқу.
28 қыркүйек – Оралхан Бөкей туралы деректі фильм көрсетілімі, блиц турнир.
29, 30 қыркүйек – Оралхан Бөкейді еске алу кеші.
Sum4   Sum1 Sum5 Sum6 Sum2
Sum10   Sum7 Sum9 Sum3 Sum8
Сіз Оралханды білесіз бе?-осы сұрақтан басталған«Менің Оралханым» атты кездесу 27 қыркүйек  күні сағат 15.00 –де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілді.
Кездесуге Оралханның жақындары, күні кеше дәмдес болып бірге жүрген дос- замандастары- жазушылар Әлібек Қаңтарбаев, Мүсілім Құмарбеков, жазушының жиені Тоқтарбек Мағзұмов, қаладағы «Асыл әжелер» алқасының мүшелері шақырылды.  Кешегі  бала Ораш, бозбала Ораш, азамат, қоғам қайраткері, жазушы Оралхан Бөкеев туралы білетіндер  сағыныштары мен өзекті өртер өкінішке толы естеліктерін ортаға салды. Әркімнің өз Оралханы бар. Тоқтарбек Нұржақыпұлы Оралханның соңғы сапары, ақтық жолға шығарып салу, қазақи дәстүрдің орындалуы мен  жазушының ерекше беделі мен қоғамдағы орнына тоқталды.   
Жиналғандар  журналист Ә. Қаңтарбаевтың әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады. Кейде күлдіріп, кейде мұңға батырған Әлібек аға Оралхан өмірінің қыры мен сырына тереңірек тоқталса,  жазушы М. Құмарбеков Оралханмен бірге өткізген қызықты күндері туралы әңгімеледі.
«Асыл әжелер» тобының мүшелері, катондық Нұрғайни,  Ләззат әжелер Оралханның жастық шағы туралы естеліктер айтты.
Оралхан шығармашылығына ден қойып зерделеп жүрген алматылық жас журналит Назерке Жұмабаймен Skype  арқылы тілдесу кездесудің мазмұнын аша түсті.  Назерке өзінің Оралхан Бөкей туралы ой-пікірін, журналистік зерттеулерін ортаға салып, шығысқазақстандық оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
1992 жылы Күршімде өткен Барақ батырдың 290 жылдық мерейтойына келген сапарында жазушының сөйлеген сөзі  оқырмандар назарына тұңғыш рет ұсынылды. Қара сөздің жыршысы Оралханның дауысын естіп, ел мен жер туралы сөзін асқан қызығушылықпен тыңдады. 
Облыстық этнографиялық мұражай қызметкері Г. Кашак қазақ  жазушыларына арналған павильондағы Оралхан Бөкейдің кабинетіне виртуалды саяхат жасай отырып,  жазушы тұтынған заттармен таныстырды.  
Кітапхана қызметкерлері кездесуге келген қонақтарға естелік кітаптар табыс етіп, кітапхана қызметі түрлерімен таныстыра кетті.
Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, слайдтар, кездесудің мазмұнын ашып, оқырмандар көңілінен шықты. 
Махаббатын туған жеріне, Өр Алтайына арнаған жазушы туралы естеліктер легі оқырманның көңіл пернесін дөп басып, мәңгілік сағынышқа ұласты. Кездесуге  жиналғандар сағыныш пен тәтті мұңға толы Оралхан сүйіп тыңдайтын Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» қосыла шырқады
Байланысшы З. Слямова
bokei
bokei1
bokei4
 
bokei3
bokei2
27 қыркүйек күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері «Жетім балаларға Vyezd1және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында» 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Биыл бір ел болып жерлес жазушымыз, Алтайдың өр тұлғасы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасын оқитынымыз бәрімізге белгілі. Жүздесу барысында балалар Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен, шығармашылығымен толығырақ танысып, жазушының шығармашылығына байланысты алуан түрлі сұрақтарға жауап берді.
Жерлес қаламгеріміздің шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі Адам өмірінің құндылығы. «Ал сіз - Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз», «Адам баласын ой емес, ойсыздық құртады», «Адам адамға – дос, бауыр»  деп жырлаған жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тарта береді. Оралхан БөкейVyezd2 шығармаларының әр жолы - туған жерге деген махаббат пен сағынышқа тұнып тұр. Оқушылар «Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ», «Табиғат та адам секілді. Өзін кім сүйсе соған ғана ықыласы ауып, ырқына көнеді», «Қазақстанның ең сұлу аймағы да - осы өр Алтай!», «Табиғат адамсыз тіршілік құра алады, ал адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайды» деген жолдары арқылы  дәлелдеді.
Әрине, бұл шара игі істің тек қана бастамасы. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды нығайта бермекпіз.
Байланысшы: Ашетаева Арайлым

28 қыркүйек күні кітапхана алдындағы алаңында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша өткен «Ымырттағы оқулар» әттегіден өзгеше өтті. Жүргізушілердің көрнекті жерлесіміз Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндаған әңгімесімен қатар «Оралхан кейіпкерлері біздің арамызда» атты интеллектуалды блиц-турнир сайысы өтті. Ойынға қатысқан «Сұхбат» интеллектуалды жастар клубының мүшелеріне әртүрлі сұрақтар ұсынылды – мысалы, О.Бөкейдің шығармалары бойынша түсірілген фильмдер; орыс тіліне аударылған алғашқы еңбегі; қай жинағы оқырмандар ықыласына бөленіп, танымалдығына әсер етті... Оқырмандар барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді, ойын соңында қатысушыларға  жазушының шығармалары жазылған «электронды сыйлық» дискісі ұсынылды.  

Байланысшы: Қыдырова Назгүл (26-79-99)

flesh2«Оралхан Бөкейді оқимыз!» тақырыбында 29 қыркүйек күні Өскемен тұрғындары мен қалаflesh-mob қонақтарына ақпараттық L-мобқа қатысушылар О.Бөкей шығармашылығына қатысты қазақ-орыс тілінде іс-шаралар жазылған үнпарақтарды таратып Бөкейді оқуға шақырды. Көрнекті жерлес жазушымыздың есімі, прозаны сүйіп оқитын оқырмандарға кеңінен танымал... Бірақ, өкінішке орай қала тұрғындарының көбі оның кім екенін, қай өңірдің жазушысы екенін білсе де нақты қандай еңбектері барын басып айта алмады. Өкінішті, дегенмен барлықтары – жастар, орта жастағы адамдар кітапханаға жазылу тілектерін айтып, жалпы акцияға, кітапхананың өтікізетін шараларына деген қызығушылықтары мен тілектерін ұсынды. «Ымырттағы оқулар» шарасының аяқталғанына өкініш білдірді... Бұл жағдайды біз оқырмандарымызға кітапханамызда О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндайтын мол мағлұмат бар екендігін және кітап көрмесінің ұзақ уақыт назарларына ұсынылатын айтып түсіндірдік. Келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық!

Байланысшы: Қыдырова Н.
Тел.:26-79-99.

 

"Бір ел - бір кітап 2011" акциясы

«Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп,
ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау!»
Ж. Аймауытов
 
Жазушы романында өз кейіпкерін осылай деп суреттейді. Сонымен бүкіл Қазақстан "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жазушы шығармасындағы Ақбілек тағдырын көз алдарынан өткізеді.
20-30 қыркүйек аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада романды ел арасында насихаттауға арналған бағдарлама өз жұмысын бастады. Толығырақ...

Акция веб-хроникалары:

Көрме "Ақбілек" романын оқимыз"

А.С. Пушкин атындағы кітапханада 21 – 30 қыркүйек күндері аралығында «Ақбілек романын оқимыз» көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде Ж. Аймауытовтың шығармашылығын құрметтейтіндер мен оқырмандар үшін кітаптар, журналдар, Марқакөл табиғатын бейнелейтін альбомдар ұсынылған.

Инфомарафон

2011 жылдың 20 қыркүйегі күні сағ. 13.00-де біздің қала дүкендерінде Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған Инфо-марафон басталды. Кітапхана қызметкерлері дүкенге келушілерді автордың өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырды. Кітапхананың «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы іс-шараларының бағдарламасы ұсынылды. Жазушы Ж.Аймауытовтың өмірі және шығармашылығымен, сонымен бірге, кітапхананың акция аясында өткізетін іс-шараларымен жалпы саны 150-ден астам адам танысты.

Байланысшы: Уалханова Рахия Нуралиновна
Тел.: 26-39-46

irina1 irina22 irina3 irina4 irina5
В магазине "Booking" "Booking" "Бестселлер" "Бестселлер" "Бестселлер"

 

vita_1 vita_2 212121yyy
"Қасым Қайсенов" "Касым Кайсенов" "Vita" "Vita" "Қасым Қайсенов"


Ымырттағы оқулар

21 қыркүйекте алғаш рет Өскемен қаласында "Ымырттағы оқулар" марафоны бастау алды. Марафонды ұйымдастырушылардың мақсаты жазушы шығармасының мағынасын сөз өнерінің құдіреті арқылы жеткізу. Әр кеш сайын кітапхана алдындағы алаңда қазақ және орыс тілінде "Ақбілек" романынан үзінділер оқылды. Романның мазмұнымен бұлай танысу тыңдармандар көңілінен шығып, жазушы шығармашылығына деген қызығушылық· тудырды. Тыңдарман көңілінен шыққан мұндай ізгі бастамалар кітапханада алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

Байланысшы: Уәлиева Ғалия Мамыровна.

Тел.: 26-79-99.
 

«Ақбілек» және Тәуелсіз Қазақстан

 "...Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын! Тас емшегін жібіткен,
 тар құрсағын кеңіткен аруанадай анаңнан айрылдың...»,

·деп Ақбілектің монологын оқыған Айым қыздың даусы жан-дүниеңді түршіктіргендей... Иә, биылғы жылдың бас кітабы болып таңдалған Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу 23 қыркүйекте А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нұрорда» халықаралық мектебінің ұжымында осылай басталды.
Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді.·Осы ойды муғалім А.Ибраеваның оқыған үзіндісі толықтыра түсіп, қызу пікірталас ұласты. Қыз бала тәрбиесі, туыстық қарым-қатынас, ұлттық идея, ар-намыс мәселесі сөз болды. Ұстаздар романның бүгінгі заманда алар орны, тәрбиелік мәні туралы айта келіп, мектеп бағдарламасына кіргізілсе деген ой айтты.
Аймауытовтың жыр жолдарынан қанаттанған ұстаздар мен оқушылар романның· өзіне ұнаған үзінділерін оқыды. Бекболат, Мұқаш, Ұрқияның сөздерін, романның оқиғасы өрбіген Өр Алтайдың ғажайып табиғат көріністерін оқырмандар жылы қабылдап, кітап оқуға, Аймауытовтың шағарамашылығына деген құлшыныстары арта түсті. Осы орайда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана арнайы дайындалған виртуальды көрме көмекке келеді.

 

«Бір ел –бір кітап» акциясы жалғаса бермек, өйткені жаңа технология ғасырында да жүз жылға жуық тарихы бар романның көкейкесті мәселесі әлі күнге өзекті болып отыр. Қайғы-қиянат әкелетін адамдар әрекеті әр ғасырда болатынын ескерте отырып, кісілік келбет, адамгершілік қасиеттер, өмірге деген құштарлықтың ·уақытқа, тарихи кезеңге тәуелді еместігін ұқтырғандай.
Құрметті оқырман қауым! «Бір ел –бір кітап» акциясы жалғасуда. Сіздерді «Ақбілек» қызықтырса, келіңіз. Өзіңіз іздеген ақпаратты толығымен алу мүмкіндігіңіз бар.

Байланысшы: Слямова Зиза Мухтархановна

Байланыс тел.: 26-13-33

·
NurOrda33
 

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам....»

27 қыркүйекте «Бір ел- бір кітап» акциясы Жібек маталар комбинаты мөлтек ауданындағы «Қазына» әжелер клубының мүшелері мен №45 мектеп ұжымында жалғасын тапты. № 1 жергілікті өзін өзі басқару комитеті· оқырмандардың жаппай келуін қамтамасыз ете отырып, әжелердің ұлттық киіммен келуін де ұйымдастырды.
Аймұхамбетова Қ. Абдуллина Н. сынды әжелер қазақ әйелінің қажыр-қайраты мен ерік жігері, мейірбандылығын сөз етті. Қ.Қабышева, Л. Балғазина· бастаған әжелер «Ақбілек» романын дауыстап оқып, романның бүгінгі күні алатын орны мен тәрбиелік мәні, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртудағы ролі туралы әңгімелеп, оқырмандар қызығушылығын арттыра түсті. Көпшілік назарына облыстық кітапхана сайтындағы виртуальды көрме ұсынылып, слайд көрсетілді.
Байланысшы: Слямова Зиза Мухтархановна

Тел.: 26-39-46

 
apay_1
Ғашықтар Аллеясындағы библиогастрольдер
А. С. Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері қыркүйек айының 23 жұлдызынан бастап Ертіс жағалауындағы ғашықтар Алллеясында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына арналған библио-гастрольдерін бастады. Кітапхана қызметкерлері аллеяда қала тұрғындары мен қонақтарын акциямен таныстырып, оларға биылғы жылдың бас кітабы «Ақбілек» романының электронды нұсқасы жазылған дискілерді сыйға тартты.
Байланысшы: Жанар Даумова.
Тел.: 26-79-99.
 
Агитбригада» жолда!
Күн жылынып, самал жел соғып тұрған 27 қыркүйек күні А. С. Пушкин атындағы кітапханасының қызметкерлері жорыққа шықты.
Ақпараттық L-mobтың жас қатысушылары «Әйел тағдырын бейнелеген «Ақбілек» романын оқимыз!» - деген ұранмен Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын романды оқуға шақырды. Акциямен таныстырып, Ж. Аймауытовтың кім екендігі жөнінде ақпарат тараттық.· Бүктемелермен, түрлі-түсті· шарлармен қаруланған көңілді «Агитбригада» қарашаңырағымыз кітапханадан бастап, Қазақстан көшесімен жолға тартты. Жорықтың барысында халықты романды бір ел болып оқуға, кітапханаға жазылуға үндедік. Алуан түрлі шарлармен, реквизиттермен, айқай-шумен, жарнамалық - «сэндвич» киімдерімен жабдықталған командамыз «Юбилейный» кинотеатрының алаңында біраз тоқтап, жолаушылардың көңілін өздеріне қаратты. Халық қызу әрі құлшына қабылдады. Кітапханамызға жазылған адамдар «Ақбілек» романын тез арада оқуға, ал жазылмағандар – кітапханамыздың оқырманы болуға деген ынталарын білдірді.
Байланысшы: Ашетаева Арайлым
Байланыс тел.: 26-39-46
 

 

Ақбілек: кеше және бүгін

28-қыркүйекте А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында №45 мектептің 11-сынып оқушыларымен жүздесті. Кездесу тақырыбы – Ақбілек:кеше және бүгін. Жас өрендермен өткізілген пікірталас кезінде романның жазылу тарихы туралы қысқаша мәлімет беріліп, «Ақбілек» романына талдау жасалды. Сұрақ-жауап барысында оқушылардың белсенділігі байқалып, романға деген қызығушылықтары арта түсті. Олар басты кейіпкерлерге өздерінше сипаттама беріп, романнан үзінді оқып, жеке көзқарастарын білдіріп отырды. Шығарманың тақырыбы мен идеясы - әйел тағдыры екенін туындыны талдау арқылы көз жеткізді. Кейіпкерлер бейнесі арқылы сол заман мен бүгінгі күнді салыстырып, өз нәтижелерін шығарды. Әрине, екі дәуір арасында айырмашылық бар. Дегенмен, жастармен өткізілген ой-талқы - «Ақбілек» романының қазіргі таңда да өзекті болып отырғандығын тағы бір рет дәлелдейді.

Бас кейіпкер бейнесі арқылы түлектердің төзімділік, табандылық, патриоттық қасиеттері оянып, өмірге деген құлшыныстары арта түсті деген сенімдеміз.

Байланысшылар: Жайлибаева Меруерт, Кыдырова Назгуль, Ашетаева Арайлым.
Тел.: 26-79-99.

 
kese1  

«Ақбілек және ұлттық дәстүр»

4 қыркүйек күні Өскемен қаласындағы дарынды балалар мектеп-гимназиясында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында «Ақбілек және ұлттық дәстүр» атты оқырмандармен жүздесу болды. Рахия Нұралқызы қысқаша жазушының өмірімен және романның тақырыбымен таныстырып өтті. Ұлттық салт-дәстүр, қазақи тәрбие, ағайын арасындағы бірлік пен сыйластық, өмірге құштарлық мәселесі талқыланып, Ақбілек романынан үзінділер оқылды.
Роман оқиғасы өрбіген Күршім, Марқакөл өңірінің әсем табиғаты суреттелген үзінділерді мұғалім Алмагүл Төкенқызы нақышына келтіре оқып берді. Оқушылардың орындауындағы Ақбілек, Мұқыш, Бекболаттардың монологы тыңдаушылардың көңілінен шықты. 8 сынып оқушылары Ақбілектің ауылына оралған кезінен көрініс көрсетті.
Ұлттық тәрбиені жаңғыртудағы кітаптың ролі, бүгінгі таңдағы кітап оқу мәдениеті сөз болды. Кітапхана қызметі ұсынылып, реквизиттер таратылды.

 Байланысшы: З.Слямова, Р. Уалханова

 

lizey1 lizey2 lizey3 lizey4  

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26352295
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102