Қазан
5 қазан
Өскемен қаласында қызыләскерлердің балаларына арналған 75 орындық балабақша ашылды. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жаңа маусымды "Александр Суворов" қойылымымен ашты.
Семей облыстық қазақ-орыс драма театрында жастар фашизмге қарсы митингі өткізді.
10 қазан
Лениногор қалалық комитетінде екіжүзшілердің тәжірибе алмасу кеңесі өтті.
Өскемен қалалық партия ұйымының VIII пленумы болды. Пленумда қала халқы үшін картоп пен көкөніс дайындау мәселесі талқыланды.
13 қазан
Белоусовка кенішінің жұмысшысы Понеделко ауысымдық нормасын 600%-ға орындады.
Өскемен қаласында партия активінің жиналысы болды. Обком секретары Рванцев жолдас жұмысты соғыс жағдайына қайта құру туралы баяндама жасады.
18 қазан
Шемонаиха селосында 400 адам қатысқан фашизмге қарсы патриоттық рухтағы митингі өтті. Қалалық білім басқармасы дене тәрбиесінің инструкторларын даярлайтын екі айлық курс ашты. Ол курста қала мектептерінің мұғалималары жұмыстан бос уақытта оқитын болды.
19 қазан
Лениногорск қаласындағы полиметалл-кәсіподақ клубының драмалық ұжымы Н.П. Огневтің қойылымы бойынша "Парень из нашего города" спектаклін қойды.
25 – 26 қазан
Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің VII пленумы өтті. Казсовхалком мен Халком мемлекеттік бақылау төрағасы Қойшығұлов жолдас сөз сөйледі. Жалпыға бірдей әскери оқытуға басшылық жасау мәселесі қарастырылды.
26 қазан
ШҚО байланысшылары сенбілік өткізді. Оған 944 адам қатысып, түскен қаржы қорғаныс қорына аударылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы