Қараша
Өскемен қалалық кеңесінің 4-сессиясы болып өтті. Депутаттар қалалық кеңес жұмысын сынға алды. Қызыләскерлер отбасының арыздарына салғырт қарап, қаланың санитарлық жағдайына назар аудармайтыны атап өтілді. Қала саудасын реттеу және қысқа көкөніс әзірлеу мәселелері қаралды.
4 қараша
Лениногорск партия активінің жиналысы болды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды соғыс жағдайында қайта құру мәселесі талқыланды.
6 қараша
Облыстық драма театрында Қазан Революциясының 24 жылдығына арналған Өскемен қалалық кеңесінің қалалық, облыстық партия, кеңес, қоғамдық ұйымдардың, қалалық кәсіпорындардың стахановшыларының қатысуымен бірлескен салтанатты жиын өтті.
9 қараша
Семей облыстық атқару комитеті колхоздар мен қоғамдық ұйымдардан, жеке тұлғалардан Қызыл Армия жауынгерлеріне сыйлық жіберуді ұйымдастыру пунктін ашу туралы шешім қабылдады.
10 қараша
Осы күні еліміздің қорғаныс қорына Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік банкі бөлімшесі арқылы 2 616 000 рубль ақшалай қаржы түскен, оның 723 000-ы Лениогордан, 654 000-ы Өскеменнен, 254 000-ы Зыряннан, 186 000-ы Предгорноедан түскен.
Өскемен поликлиникасында дәрігерлер мен орта білімді медицина қызметкерлерінің білімін көтеру үйірмесі ашылды. Тері ауруларына акрихинді қолдану туралы алғашқы баяндаманы профессор Герке жасады.
12 қараша
Семей қаласына Сталин қаласынан (Донбасс) көшірілген Володарский атындағы тігін фабрикасы келіп орналасты.
15 қараша
Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бюро мәжілісі болды. Киров аудандық партия ұйымының ауданның қысқа әзірлігі туралы баяндамасы тыңдалды. Аудандық партия комитетінің жұмысы қатты сынға алынды.
15 қарашада ШҚО бойынша майдан қажеттілігіне 90 мың әртүрлі жылы киім жиналды.
18 қараша
Семей қаласына И. Франко атындағы мемлекеттік академиялық театр көшіріліп әкелінді.
22 қараша
Лениногорлық атақты бұрғышы Георгий Хайдин 19 ауысымдық нормасын орындады.
23 қараша
Комсомол ұйымының бастамасымен жексенбілік өткізілді, одан түскен қаржы Қазақстан комсомолы атындағы танк колоннасын жасауға аударылды. Жексенбілікке 10 000 адам қатысып, барлығы 99085 рубль, 1616 еңбеккүн жиналды.
Ново-Шүлбі МТС-нің комсомолдары 10 тонна металл сынықтарын жинады. Одан түскен 4000 рубль танк колоннасын жасау қорына жіберілді
25 қараша
Облыстық кинофикация басқармасы ұйымдастырған әйел-киномеханиктерді оқытатын курс алғашқы түлектерін шығарды. Барлығы 26 әйел, көпшілігі қызыләскер қатарындағы жауынгерлердің әйелдері оқып шықты.
Курс бітірушілердің барлығы аудандарға жұмыс істеуге жіберілді.
26 Қараша
"Ауыл" курортының қызметкерлері танк колоннасының құрылысына 15 күндік еңбекақыларын аударды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338067
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы