Маусым
2 маусым
«Манко» («Алтайзолото» тресі) кенішінің кеншісі Н.Жеокденов түсті металдар кәсіпорындарының...
2 маусым
«Манко» («Алтайзолото» тресі) кенішінің кеншісі Н.Жеокденов түсті металдар кәсіпорындарының Бүкілодақтық социалистік жарысы аясында бір ауысымда нормасын жеті есе асыра орындады.
3 маусым
Шар ауданының «Пробуждение» колхозының комсомолдары облыс комсомолдары мен жастарына мал азығын жинауды қарқынды жүргізуге шақырды.
5 маусым
Көктемгі дала жұмыстарын жақсы жүргізгені үшін Аягөз ауданы «Қызыл қия» колхозының тракторшылар бригадасына және Үржар ауданы «Свободный путь» колхозының егіс бригадасына гвардиялық атағы берілді.
6 маусым
6 маусым
Социалистік жарыс озаттары, Белоусовка кенішінің бұрғышылары И.Летов және Е.Анфилофьев бір ауысымда бір жарым метрден аса жерді бұрғылады – норманың 370 пайызы.
Өскемен қаласында Ленинград ансамблінің әртісі И.С.Гурко және испан әншісі Ф.Кордонның қатысуымен Қазақ мемлекеттік филармониясының жазғы гастрольдік маусымы ашылды.
7-9 маусым
Шығыс Қазақстан обкомының Х Пленумы өткізілді, қаралған мәселелер: СНК СССР және ЦК ВКП(б) «О мерах сохранения молодняка и увеличения поголовья скота в колхозах и совхозах» қаулысының орындалуы туралы; облыстағы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы және партия ұйымының өсімдік қорғау жөніндегі міндеттері; Күршім аудандық комитетінің бастауыш партия ұйымдарының жұмысына басшылығы туралы.
7-9 маусым
Шығыс Қазақстан обкомының Х Пленумы өткізілді, қаралған мәселелер: СНК СССР және ЦК ВКП(б) «О мерах сохранения молодняка и увеличения поголовья скота в колхозах и совхозах» қаулысының орындалуы туралы; облыстағы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы және партия ұйымының өсімдік қорғау жөніндегі міндеттері; Күршім аудандық комитетінің бастауыш партия ұйымдарының жұмысына басшылығы туралы.
9 маусым
Убаредмет кеніштері мен артелдерінде баббит пен түсті металдарды үнемдеу қозғалысы басталды.
11 маусым
11 маусым
Семей облыстық комитеті эвакуциямен көшіп келген халықтың еңбек және шаруашылық құрылымдары туралы шешім шығарды.
18 маусым
18 маусым
Өскемен өнеркәсіп комбинатының сабын өндіру цехының жұмысшысы Худякова жылдық жоспарын орындады, 2 айда 8 тонна сабын өндірді.
25 маусым
25 маусым
М.И.Калинин атындағы семей ет комбинаты жәнеЛюбинск сүт-консерві зауыты еліміздің ет-сүт өндіретін кәсіпорындарына майдан мен тылға азық-түлік шығарудан Бүкілодақтық социалистік жарыс ұйымдастыруға шақырды.
27 маусым
27 маусым
Ұлан ауданының «Қызыл жұлдыз» ауыл-шаруашылығ артелінің колхозшылары Бүкілодақтық социалистік жарыс аясында мал шаруашылығын дамыту жоспарын асыра орындауға міндеттеме алды – 40 бас ірі қара, 100 бас қой-ешкі.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы