Тамыз
10 тамыз
Совет жауынгерлерінің Орел және Белгород түбіндегі жеңісіне жауап ретінде Семей қаласының фабрика, зауыт, артель жұмысшылары майданға көмекті күшейтуге міндеттеме алды.
13 тамыз
Қираған Сталинград қаласының трактор зауытында семейліктер қиын жағдайларда еңбек етті. Комсомолдар Макарова, Рехтман, Уранова, Парфентьева өз міндеттерін асыра орындағаны үшін зауыт дирекциясынан алғыс алды.
18 тамыз
Семей облыстық драма театрының ғимаратында ақын-жазушылар мен халық ақындарының жиыны өтті. Онда жазушылардың ұлы Отан соғысы жылдарындағы міндеттері туралы мәселе қаралды. Бұл жиынға ақын Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Иманбазар Қазанғапов қатысты. Мұхтар Әуезов «Абай – ұлы ақын, ағартушы» деп аталатын баяндама жасады.
26 тамыз
26 тамыз
Харьков қаласынан эвакуциямен келген «Большевичка» тігін фабрикасының жұмысшылары, Қызыл Армияның Харьков қаласын жаудан азат еткендігін естіп, Харьков дивизиясы атындағы майдан вахтасына тұрды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы