homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Үйірме және клубтар

Үйірме және клубтар 
12 жасқа дейінгі балаларға 

«Мен мектепке дайынмын» үйірмесі (4-6 жасар балаларды мектепке дайындау курсы) - оқуға ынталандыру, ой-өрісі мен сөйлеуді дамыту.
Жет.: Танарыкова Н.Т., Исмайылова М.Д.
Сенбі: 10.00-11.00

«Біз қазақша сөйлейміз» (қазақ тілін үйрену 7-15 жас) - ауызекі сөйлеу және емле дағдыларын жетілдіруге арналған үйірме.
Жет.: Танарыкова Н.Т.
бейсен.,  10.00-11.00; 15.00-16.00 сенбі: 11.20-12.00; 15.20-16.00
   
"Валли" (робототехника үйірмесі) - LEGO MINDSTORMS EV3 EDU конструкторлары мен бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, алғашқы роботты жинау және "жандандыруға" бағытталған үйірме.
Жет.: Бакиев А. 
сей., бейс. 10.00-11.30 ; 14.00-15.30  
«English for kids» (8-12 жастағы балаларға арналған оқу клубы) - кітап оқу, дауыстап рөлдік оқу, грамматикалық және жадыны дамытуға арналған ойындар ойналатын ағылшын тілі үйірмесі.
сей., бейс. 10.00-11.00 ; 15.00-16.00  (қазақ тобы)
сәр., жұма. 10.00-11.00: 15.00-16.00 (орыс тобы) 
Жет.:Шомбина А.К. 
"Отбасыммен оқимын" 4-6 жас аралығындағы балалар мен ата-аналарға арналған кітап оқу үйірмесі.
сенбі - 11.00-12.00
Жет.:Танарыкова Н.Т., Исмайылова М.Д.
"Шам түбіндегі ертегі" 8-11 жас аралығындағы балаларға арналған халық ертегілерін дауыстап оқу клубы.
сенбі - 10.00-11.00
Жет.:Шомбина А.К.

«Scratch»: балаларға арналған бағдарламалау (ойындар мен сюжеттер құрастырамыз) бағдарламалау негіздерін оңай әрі тез үйренуге және жеке анимациялық әңгімелер мен ойындар құруды үйретуге бағытталған үйірме.
Сей. бейс. 13.00-14.00
Жет.:Төлешов Ж.

"Тоғызқұмалақ" үйірмелері 7+
сәр., 14.00-16.00 ; сенбі. 10.00-13.00
Жет.:Бояринов Р. А. 

    «Шеберлер мектебі» каб. № 2
"Алтын оймақ" үйірмесі (8+) қағаздан, фетрден, гофрленген қағаздан, изолоннан және атласты ленталардан бұйымдар жасауға негізделген қолөнер үйірмесі.
Дүйсенбі - жұма 10.00-16.00
Жет.: Абдрахманова М. Б.

"Любители прекрасного" үйірмесі (10+) -  Ализе Пуффи жібінен тоқыма тоқу
Дүйсенбі - жұма 10.00-16.00
Жет.: Мергембаева А.С.

Қолайлы орта: фото және бейнежазба

 Vyzov Шақыру түймесі кітапхана қызметкерлеріне өз бетімен есікті аша алмайтын оқырмандардың келгендігі туралы хабар береді.

Krugi Кітапхананың барлық шыны есіктеріне, көздің деңгейінде, екіжақты сары дөңгелек белгілер жапсырылған.·Белгі көздері нашар көретіндерді есікке соғылып қалудан қорғайды.

Zal_vid1 Мамандандырылған қызметтер залы. Нашар көретіндерге негізделген бағдарламалар орнатылған компьютерлермен,·ONYX Deskset XL бейнеұлғайтқышпен, ·SARA CE оқитын машинамен·жабдықталған.

SaraCeSARA CE оқу машинасы. Версия с камерой. Мәтінді автоматты түрде сканерлеп, орысшы ағылшынша оқиды.

Коллекция аудиокниг и музыкальных компакт дисков.Аудиокітаптар мен музыкалық компакт-дискілердің жинағы.

Доступная среда: фото и видео Лифт 2-ші этажға.


Қолайлы орта: қызметтер


Компьютерлік және Интернет сауаттылық
курстары(жазылу).

Электронды үкімет қызметтері бойынша кеңес алу

Ағылшын тілі курстары (жазылу).

Заңгер кеңесі (сондай-ақ онлайн).

Үйірмелер, клубтар, бірлестіктер

Көпшілік іс-шаралар, кездесулер, мейрамдар, тұсаукесерлер, концерттер 

Барлық қызметтер...

Нашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта

Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:

1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;

2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.

Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)

Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін ·"Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.

Жаңалықтар мен оқиғалар

2013 жылдың 13 желтоқсанынан бастап кітапханада "Кедергісіз кітапхана" жобасы жұмыс істейді. Жоба мүгедектер мен қарттардың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік-мәдени ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, мүгедектерді әлеуметтендіру және білім беру тетіктерін жетілдіруді, бос уақытын ұйымдастыруды, мүгедектер мен қарттарға қоғамның оң-мүдделі қатынасын қалыптастыруды көздейді.

«Кедергісіз кітапхана» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана мамандарынан құрылған арнайы топ қараша айында алдын-ала бас қосты. Топ құрамында кітапханашылар, библиографтар, қоғаммен байланыс бөлімінің, Халықаралық ресурстар орталығының, Ақпараттық-коммуникативтік бөлімнің, бір сөзбен айтқанда кітапхананың барлық бөлімдерінің мамандары бар. Мамандар қоғамдағы көздері нашар көретін жандармен жүргізілетін жұмыстарды талқылап, олардың орындалу мерзімін, сондай-ақ 5 w + h: what, who, when, where, why and how? (не, кім, қашан, қайда, неге және қалай?) кестесі бойынша іске асыру жоспарын жасады. Біз заманауи бейне үлкейткіштер мен оқитын машиналар туралы ақпараттармен, сондай-ақ, бірқатар нашар көретін адамдарға арналған бейімделген бағдарламалармен танысты. 

Who-What-When-Where-How-and-Why-pic 11 желтоқсан күні қазақ соқырлар қоғамының Шығыс Қазақстандағы бөлімінің кеңсесінде сауалнама жүргізілді. Мақсаты – көру қабілеті нашар адамдардың қажеттіліктерін анықтау. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар: Кітапханадағы қандай курстар/тренингтерге қатысқыңыз келеді? Кітапханадағы қандай үйірме/клубтар Сізге ұнайды? Қала ішіндегі қозғалыста Сізге қиындықтар туындай ма? және т.б.

Нәтижесінде:

- Көру қабілеті нашар адамдарға арналған курстар мен тренингтер тақырыбы анықталды;

- Осы санаттағы пайдаланушыларымызға көрсетілетін қызмет  түрлерін кеңейтуге ой салды;

- Кітапханаға келуден олардың не күтетіні анықталды. 

Anketirovanie_11.12.2014_2 Tvorim2

Anketirovanie_11.12.2014_4

13 желтоқсанда Қызмет көрсету колледжінің нашар еститін және мылқау-керең студенттері арасында «Кедергісіз кітапхана» жобасының тұсаукесері өтті. Болашақ операторлар тобы жетекшілері және сурдологтарымен бірге келді.

Тұсаукесер басында студенттер кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана ресурстары, қызметтерімен танысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қызметтер жайлы айтылды, олар: пандус, шақыру түймесі, көтерілу жеделсатысы, арнайы тазалық кабинасы, нашар еститіндерге арналған ҒМ-жүйесі, бейнеүлкейткіш пен дауыстап оқитын машина. 

Наурыз айында кітапхананың арнайы қызмет көрсету залына SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы сатып алынды. Бұл құрылғы кітап және баспа материалдарын сканерлеуге арналған, сонымен қатар орыс, ағылшын және т.б. тілдедерде дыбыстау қызметі де қатар жүреді. Оқу машинасымен жұмыс істеу өте қарапайым, біраз жаттығудан кейін кітапханашылар мен Зал пайдаланушылары оны жылдам меңгеріп алды. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді.

Consult

Арнайы қызмет көрсету залының алғашқы пайдаланушыларының бірі зағип Андрей Кузнецов болды. Психолог мамандығын игерген Андрей кітапханаға күнделікті келіп, психологияға байланысты аудиокітаптарды пайдаланатын.  

Арнайы қызмет көрсету залында ерекше мұқтаж жандар ақысыз ағылшын тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін арнайы бағдарламамен қамсыздандырылған компьютерлік сынып жұмыс істеуде. Букридер, аудиокітаптар алынып, ақпараттық қызметтер көрсетіледі, соның ішінде онлайн. Мұнда психолог пен заңгер кеңесін алуға болады. «Шеберлер мектебінде» шығармашылық сабақтар өтеді.

Оқу, басқалармен араласу, жаңа достар табу, өз ойыңды білдіру – бәрі осында! Бізге келіңіз!  

"Өскемен қаласының 2020 жылғы ең үздік қолжетімді нысаны" байқауының қорытындысы бойынша біздің кітапхана жеңімпаз дипломын алды. "Біз бұл марапатты өте мақтан тұтамыз және ол бізді қолжетімді орта құру және ерекше адамдарды әлеуметтендіру бойынша қызметтегі жаңа жетістіктерге шабыттандырады, - дейді кітапхана директоры Бибігүл Шағиева. Біз алдағы уақытта да әлемдік тәжірибені зерделеп, ерекше адамдарға көмектесу үшін, осы саладағы заманауи технологияларды кітапхана практикасына бейімдеп, енгізетін боламыз".

dip 1
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения

 

2021 жылдан бастап "Тифло Ревью" айдары бойынша Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Screen reader бағдарламалары бойынша жеке сабақтар өткізіледі. Смартфонды меңгеру зағип адам үшін бүгінгі қоғамдағы ең қажетті дағдылардың бірі. Біздің команда қазіргі қоғамда тәуелсіз болуға ұмтылатын адамдарға көмектесуге қуанышты.

                                                                               Tiflo   Tiflo1

Silnie duhomӘйелдер мерекесі қарсаңында 3 наурыз күні кітапханада "Нәзік жанды – қайсар рухты" атты мүмкіндігі шектеулі нәзік жандармен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында әр кейіпкер өз тағдырынан сыр шертіп, өмірде қандай жағдай болса да қажымай, тағдырға қарсы тұра білу  керектігімен өз кейіпкерлерімен бөлісті.

Paraolomp22 сәуір 2021 жылы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Facebook парақшасында қаламыздың паралимпиада спортшыларымен тікелей эфир ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Республикасының спорт шеберлері: үстел теннисі бойынша Алена Кутявина, Ардақ Нұрмағамбетов, Анна Мазаева, сондай-ақ паралимпиадалық ат үйретуден ҚР спорт шебері Райхан Байырқанова және ат спортынан республикалық жарыстардың күміс жүлдегері Ринат Бектұрсынов шақырылды.
Кездесу барысында жас спортшылар өздері туралы, өздерінің спорттағы жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы әңгімеледі. Олардың өмір тарихы - бұл өзіңді, ауруды, қиын жағдайларды жеңудің жарқын мысалы. Әрқайсымызға қайсарлық, өмірге белсенділік және жеңіске деген ерік-жігер беріп, қуаттандыратын ерекше тұлғалармен мотивацияға толы онлайн кездесуді мына сілтеме арқылы көріп тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=jt8HzOqxBOE

5 қыркүйекте біздің кітапханамызда "Біз жасаймыз және өмір сүреміз" атты тағы бір жоба бастау алды. Бұл ерекше адамдарға арналған шығармашылық қолөнер бойынша тегін курс. Курс екі бағыттан тұрады.

1) жұмсақ ойыншықтарды инесіз тоқу, иірілген жіптен жұмсақ ойыншықтар жасау техникасын тегін үйренеу. Сапалы әрі жұмысақ ойыншықтар тоқу.
2) канзаши техникасы бойынша аксессуарлар жасау (шашқа, қолға, мойынға тағатын әшекейлер).

                   
     Kanzashi3

Алдымызға мақсат қойдық, кітапханамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, барлық жағдайды жасап, қызмет көрсетуге тырысамыз.​ 

Поддержи библиотеку!

Поддержи библиотеку! Друзья!

Реализуйте свой потенциал! Станьте нашими добровольными помощниками – волонтёрами.

В библиотеке вы можете:

- читать книжки малышам
- проводить интеллектуальные и развивающие игры;
- собирать с подростками роботов;
- вести кружки прикладного творчества (рисование, вышивка, лепка…);
- обучать пожилых людей компьютерной грамотности;
- участвовать в наших массовых мероприятиях и др.

Все ваши таланты важны и востребованы. Приятный бонус – новые интересные знакомства, море общения, добрые слова благодарности и масса положительных эмоций!

Для деловых, занятых людей с большой душой и щедрым сердцем - наше предложение о спонсорской помощи:

- подарки для воспитанников интернатов и детских домов города;
- поощрительные призы для участников конкурсов и викторин;
- современная качественная литература для сельских библиотек области;
- участие в социальных проектах библиотеки и др.

Помогите, и вам вернётся сторицей. Инвестиции в умы – самый выгодный долгосрочный проект!

 

Координатор: Рахимбаева Б.С.
Тел.: 261-333

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қызықты деректер

Интересные факты

EXPO көрмесі - көп жағдайда түрлі ашуларды дүниеге әкеліп, танытатын орын. Мысалы, вафельді стакандағы балмұздақ 1904 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен бүкіләлемдік көрмеден кейін танымал болған.

Швеция 2020 жылы, ал Исландия 2050 жылы толығымен жаңартылған энергия көздеріне көшпек.

Бразилия 5 жылдан кейін көліктің 90%-ын борық қамысынан алынатын этанолға көшіруді жоспарлап отыр.

Ұлыбритания шұғыл түрде жел энергетикасын дамытып, көтерілу электростансасын салуда.

Франция ядролық энергетиканы таңдап отыр. Германия мен АҚШ бар ынтамен ЖЭС салуда.

2011 жылы жаңартылған энергия көздері 340 млн. кВт/сағ, 2012 жылы - 1,017 млрд. кВт/сағ-қа жеткен.· Ал 2015 жылы 9 млрд. кВт/сағ жетеді деп жоспарлануда.

Циклон мен антициклон қуаты 1010 кВт-ты құрайды, ал тайфун қуаты сәл төмендеу - 109 кВт.

Әр минут сайын су буы Жер атмосферасына 2,2х1010 Джоуль энергия береді екен. Мұнша энергияны әрбіреуі миллион киловаттан 40 миллион электростанса шығара алады.

Қуаттылығы мен құрамына байланысты жел генератор өтімділігі 1 жылдан 7 жылға дейін тербеледі.

Еуропа одағының хабарлауынша, 2020 жылы жаңартылған энергия көзі жалпы электр энергиясының 20%-ын құрайтын болады.

Экономистердің бағасы бойынша энергия жабдықтаудағы инвестиция мұнай өндіру инвестициясынан 3-4 есе тартымды екен.

2010 жылы әлемдегі альтернативті энергетика секторы инвестициялары рекордты 243 миллиард доллардың 30% -на өскен.

Алдыңғы қатардағы жарықтандыру техникасын (энергия сақтаушы шамдар, жарық беру жүйелері) электр энергиясының 60%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы қатардағы жарықтандыру техникасын (энергия сақтаушы шамдар, жарық беру жүйелері) электр энергиясының 60%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сәтті оқиғалар

Asem uspeh 2Мергембаева Асем - кітапхана маманы, көру қабілеті бойынша 1-ші топтағы мүгедек. Ол қазіргі әлемде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, соның ішінде, жүре зағип болған жандарға қоршаған ортаға бейімделу қаншалықты қиын екенін жақсы біледі.

Asem uspeh2

Қазір интернетсіз, телефонсыз өмір сүру мүмкін емес. Әсіресе, электрондық үкіметтің енгізілуіне байланысты, егер сізде телефон болмаса, қарапайым анықтама алу мүмкін емес. Біріншіден, ол көру қабілетін жоғалтқан кезде, оған осы жағдайда көмекке келетін адамдарды, топтарды іздей бастады. Мүгедектердің халықаралық мәмілесінде ол ватсап желісінде ешкімге тәуелді болмай-ақ, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ватсап бағдарламасына және смартфондарға орнатылатын түрлі тегін бағдарламалар бар екенін біліп, бірінші өзі оқып, тәжірибеде көріп, енді өзі көзі мүлдем көрмейтін және нашар көретін адамдарды үйрете бастады. Қазірдің өзінде 40-тан астам адамды оқытты. Сонымен қатар, адамдарға "Ализе Пуф" иірілген жіптен ойыншықтар мен заттарды тоқуға үйретеді, олардың көпшілігі бұл құмарлықты қосымша бизнеске айналдырды.

"Біз жасаймыз және өмір сүреміз" атты әлеуметтік жобада тоқыма үйрету бағыты бойынша жаттықтырушы болды.

Asem uspeh4

Жасөспірімдерге арналған жаттықтырушы-оқытушыларға іріктеуден өтті. Оқытуды БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп жүзеге асырылатын "Жан "Мүгедектер құқықтары жөніндегі Азия қоғамы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Тренинг өткеннен кейін Асем Серікбекқызы "Көру қабілеті нашар жасөспірімдерде цифрлық дағдыларды дамыту" атты жобаға қатысуға мүмкіндік алды.

Marjan

Абдрахманова Маржан – кітапхана маманы, 2-ші топтағы мүгедек (ЖКО салдары). «Канзаши» техникасын үйретеді, «Алтын оймақ» үйірмесінің жетекшісі болып табылады.
Канзаши - бұл матаның әшекейлерін, гүлдер мен шаш қыстырғыштарын гүл жапырақтары түрінде бүктелген матадан жасау әдісі. Бұл керемет матадан жасалған бұйымдарды жасауға мүмкіндік беретін тұтас өнер. «Канзаши» техникасын Жапонияда ойлап тапқан. Олар жібек матадан жасалған текшелерді пинцет пен күріш желімінің көмегімен жапырақшаларға айналдырдып, содан кейін олар темір жіпшемен немесе жіппен біріктіріліп, гүлдер немесе тұтас композициялар жасалынады.

Marjan1

Marjan2Бұл техниканы тамаша меңгерген Маржан Бекмұханқызы өз тәжірибесімен әрқашан кітапхана оқырмандарымен қуана-қуана бөліседі. Жиі  шеберлік-сабақтарын өткізеді, тіпті жергілікті теледидардан де канзаши технологиясы бойынша көрермендерге шеберлік сабағын өткізді. Маржан әдемілікті жақсы көреді, сондықтан да балалар мен ересектерге осы әдемілікті өз қолдарымен жасауды үйретуден жалықпайды.

Сондай-ақ,"Біз жасаймыз және өмір сүреміз" атты әлеуметтік жобада "канзаши" техникасы бойынша бұйымдар жасауды үйрету бағыты бойынша жаттықтырушы болды.

Aisha

Қали Айша — көру қабілеті бойынша 1-ші топтағы мүгедек.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында жұмыс істейді. Негізгі қызметі - балалар кітаптары, журналдары мен газеттеріне шолу жасау. Жас оқырмандар арасында мәнерлеп оқу сабақтарын өткізеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы және тоғызқұмалақ бойынша турнирлерге бірнеше рет қатысқан. Кітапхана оқырмандарына тоғызқұмалақ ойынын үйретеді. Мәдени-бұқаралық бағдарламаларды дайындау және өткізу кезінде режиссер ретінде белсенді қатысады.

 

Roman1Roman2Роман Бояринов — ерікті, ол аптасына екі рет А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада балаларға шахмат және тоғызқұмалақтан сабақ өткізеді. Бұл ерекше ештеңе емес сияқты, бірақ ер адамның көру қабілеті нашар. Роман Бояринов тек айналасындағы заттардың суреттерін көреді, бірақ бұл оның ұлттық ойын тоғызқұмалақтан спорт шеберіне үміткер болуына кедергі болмады. Бұл ойынды қазақ шахматы деп атайды, онда жоғары математиканың негіздері салынған. Роман тек өзі ойнап қана қоймай, сонымен қатар балаларға жаттықтырушы ретінде де қызмет етеді. Ол аптасына екі рет шахмат және тоғыз құмалақ бойынша тегін сабақтар өткізеді. Шәкірттері үшін ол тек тәлімгер ғана емес, сонымен қатар басқалар үлгі тұтар мықты адам. Роман туа біткен көру қабілетінің нашарлығына қарамастан, білім алды, әскери борышын өтеді және құрылыста көп жылдар бойы жұмыс істеді. Осылайша, жеке өмірін мысал ете отырып оқуға, жеңілістен кейін қайта көтерілуге және ешқашан берілмеудің не екенін көрсете отырып, ондаған басқа адамдарға күш беріп, үлгі бола алды.

Фонотека

Көркем әдебиетті аудиокітаптар:

Бианки В. Рассказы и сказки  [Электронный ресурс] : [аудиокнига] / Бианки В. - М. : Говорящая книга, 2004

Брэдбери Р. Сборник рассказов  [Электронный ресурс] : аудиоспектакли / Брэдбери Р. - М. : Гостелерадиофонд, 2004

Булгаков М. А. Мастер и Маргарита  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Булгаков М. А. - М. : МедиаКнига, 2005

Булгаков М. А. Рассказы [Электронный ресурс] : аудиокнига / М. А. Булгаков. - М. : Равновесие, 2007 эл. опт. диск (CD-ROM)

Бунин И. А. Повести и рассказы. Лирика [Электронный ресурс] : аудиокнига / И. А. Бунин. - М. : Равновесие, 2007 эл. опт. диск (CD-ROM)

Веллер М. Легенды Невского проспекта  [Звукозапись] : рассказывает автор : аудиокнига / Веллер М. - М. : Радио России [и др.], 2003

Волков А. Волшебник изумрудного города  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Волков А. - М. : Равновесие, 2003

Волошин, Максимилиан. Стихотворения [Электронный ресурс] / М. Волошин. - Москва : [б. и.], 2007

Гоголь Н. В. Ночь перед Рождеством. Вий. Майская ночь, или Утопленница  [Электронный ресурс] : MP3-аудиоспектакли / Гоголь Н. В. - М. : 1С-Паблишинг, 2004

Гоголь Н. В. Тарас Бульба. Вий  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Гоголь Н. В. - М. : МедиаКнига, 2003

Дойль А. К. Рассказы о Шерлоке Холмсе  [Звукозапись] : аудиокнига / Дойль А. К. - М. : Элитайл, 2004

Дюма А. Три мушкетера  [Звукозапись] : аудиокнига / Дюма А. - М. : Элитайл [и др.], 2005

Ерофеев В. Москва - Петушки  [Электронный ресурс] : поэма в прозе : две версии прочтения : аудиокнига / Ерофеев В. - М. : МедиаКнига [и др.], 2005

Заходер Б. Винни-Пух и все, все, все  [Электронный ресурс] / Заходер Б. - М. : Мост-В, 2002

Киплинг Р. Маугли  [Электронный ресурс] / Киплинг Р. - М. : Мост-В, [Б. г.]

Кристи А. Сборник детективных произведений  [Электронный ресурс] : аудиоспектакли / Кристи А. - М. : Гостелерадиофонд, 2004

Кристи А. Сборник детективных произведений  [Электронный ресурс] : аудиоспектакли / Кристи А. - М. : Гостелерадиофонд, 2004

Кун Н. А. Легенды и мифы Древней Греции [Электронный ресурс] : Агамемнон и его Орест ; Фиванский цикл / Н. А. Кун. - М. : Бизнесссофт, 2007 эл. опт. диск (CD-ROM)

Лермонтов М. Ю. Герой нашего времени  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Лермонтов М. Ю. - М. : Союз, Б. г.

Лукьяненко С. Дневной дозор  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Лукьяненко С., Васильев В. - М. : Элитайл, 2004

Лукьяненко С. Ночной Дозор  [Электронный ресурс] : аудиокнига ; полная версия / Лукьяненко С. - Б. м. : Элитайл, 2004 15 мин.

Лукьяненко С. Сумеречный дозор  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Лукьяненко С. - М. : Элитайл, 2004

Лукьяненко С. Фальшивые зеркала. Прозрачные витражи  [Электронный ресурс] : [сборник] ; аудиокнига / Лукьяненко С. - М. : СиДиКом [и др.], 2003 18 мин.

Льюис К. С. Хроники Нарнии 1  [Электронный ресурс] : Аудиоспектакль / Льюис К. С. - М. : Адепт, 2004

Носов Н. Приключения Незнайки и его друзей  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Носов Н. - М. : РОСМЭН-Аудио, 2004

Платонов С. Ф. Иван Грозный [Электронный ресурс] : аудиокнига / С. Ф. Платонов. - М. : Вира-М, Б. г. эл. опт. диск (CD-ROM)

Пушкин А.С. Евгений Онегин  [Электронный ресурс] : Mp3-аудиокнига / Пушкин А.С. - М. : МедиаКнига, 2004

Пьюзо М. Крестный отец  [Электронный ресурс] : аудиокнига / Пьюзо М. - М. : Элитайл, 2004

Салтыков-Щедрин М.Е. Лучшие сказки [Электронный ресурс] : аудиокнига / М. Е. Салтыков-Щедрин. - М. : Равновесие, 2006 эл. опт. диск (CD-ROM)

Сименон Ж. Человек из Лондона. Трубка Мегрэ  [Электронный ресурс] : аудиоспектакли / Сименон Ж. - М. : БИЗНЕССОФТ, 2005

Сказки Андерсена  [Электронный ресурс] : мир удивительных историй : аудиокнига. - М. : Элитайл [и др.], 2004

Сказки для самых маленьких  [Электронный ресурс]. - М. : Мост-В, Б. г.

Сказки и басни русских писателей  [Электронный ресурс] : аудиокнига. - М. : СиДиКом [и др.], 2004

Сказки 1001 ночи [Электронный ресурс] : аудиокнига. - М. : 1С-Паблишинг, 2012 эл. опт. диск (CD-ROM)

Спящая красавица и другие сказки Шарля Перро [Звукозапись] : С участием Клары Румянцевой и Сергея Юрского. - М. : Аргументы и факты, Б.г.

Твои первые сказки [Звукозапись] : В исполнении Ирины Муравьевой и Алексея Балатова. - М. : Родители, Б.г.

Толстой Л. Н. Севастопольские рассказы [Электронный ресурс] : аудиокнига / Л. Н. Толстой. - М. : Вира-М, 2007 эл. опт. диск (CD-ROM)

Фонвизин Д.И. Недоросль [Электронный ресурс] : аудиокнига / Д. И. Фонвизин. - М. : Равновесие, 2007 эл. опт. диск (CD-ROM)

Музыкалы дискілер:

100% Classіcs [Звукозапись] : Лучшее из мира классической музыки: В 2 т., 1998

Антология русской и западноевропейской музыки ХІІ-ХХ вв. [Звукозапись] : В 51 аудиокассетах ; 78 часов звучания: Русская старинная и духовная музыка XІ-XX вв. - Москва : Доминанта, 1999

Вальсы и полонезы [Звукозапись]. - М. : Мир звука, 1997

Вивальди А. Концерты [Звукозапись]. - М. : Мир звука, 1999

Голоса птиц и зверей  [Электронный ресурс]. - М. : Мост - В., [Б. г.]

Инструменты симфонического оркестра  [Звукозапись] : Струнные смычковые инструменты. Деревянные духовые инструменты. - М. : Росмэн-Аудио, 2000

Инструменты симфонического оркестра  [Звукозапись] : Медные духовые инструменты. Ударные инструменты. Фортепиано, арфа, челеста, орган. Все вместе (тутти), 2000

Классика в современной обработке [Звукозапись] . - Усть-Каменогорск : Б.и., 1998

Птичий концерт [Звукозапись]. - М. : Росмэн, 2004

Тысяча лет западноевропейской музыки [Электронный ресурс] : Учеб. аудиоприложение к книге Д.К. Кирнарской "Классическая музыка для всех": В 6-ти компакт-дисках. - М. : Слово-SLOVO, 1997

Чайковский П. Времена года; Две пьесы; Песня без слов [Звукозапись]. - М. : Мир звука, 1999

Часовые любви... : Песни из кинофильмов на стихи Булата Окуджавы. - М., 1997

Шедевры инструментальной музыки [Звукозапись]. - [Б. м.] : Компакт диск, 2000

Шопен Ф. 24 этюда [Звукозапись]. - М. : Мир звука, 1997

Штраус И. Лучшие вальсы [Звукозапись]. - [Б. м.] : REC-Records, 1997

Нашар көретін пайдаланушылар үшін ақпарат

 

Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:

1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;

2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.

Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)

Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін  "Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.

Ochki

Қоғамдық бірлестіктер, орталықтар, ұйымдар. Нашар көретін жандар құқығы мен мүддесін қорғау, әлеуметтік қолдау, оңалту, тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге ықпал ету т.с.с.

www.worldblindunion.org- Бүкіләлемдік Зағиптар Одағы.

http://cpookos.kz- Қазақ зағиптар қоғамы.

www.vos.org.ru - Бүкілресейлік зағиптар қоғамы.

www.beltiz.com - “Белорусское товарищество инвалидов по зрению” қоғамдық бірлестігі.

Audiobooks

Нашар көретін адамдарға арналған электронды мерзімді басылымдар. Аудиокітаптар.

www.ochki.net- көзілдірік пен контактылы линза туралы журнал.

http://www.bookbookbook.spb.ru- танымал аудиокітаптар топтамасы.

http://www.ayguo.com/audiolist.asp - аудиоклассика.

http://audiozvuk.com - аудиокітаптар.

el b reader

 

Компьютер технологиялары, мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, оқыту бағдарламалары, ойындар және т.б.

http://www.tiflocomp.su- “Компьютерные технологии для незрячих и слабовидящих” порталы.

http://www.tiflocomp.ru/games/- зағип және нашар көретіндерге арналған компьютер ойындары.

http://www.integr.org- cайт незрячих пользователей компьютерной техники "Интеграция".

http://www.speech-soft.ru- Сөйлеу технологиясының ақпараттық порталы.

http://www.elecgeste.ru- Көз жанары бойынша мүгедектерді оңтайландыратын техникалық құралдар.

http://tifloweb.narod.ru/tiflotechnology.html- Тифлотехнология жаңалықтары.

http://www.smartaids.ru- "Доступная среда" интернет-дүкені. Бейне үлкейткіш, ақ таяқтар, жазу құрал-жабдықтары, лупа т.б.

Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.


Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Построчный перевод текста Государственного Гимна Республики Казахстан:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. 

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337638
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102