Әріптесіміз «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
- Подробности
- Создано 21.05.2021 20:46
ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ-нің Облыс кітапханаларын дамыту орталығының жетекшісі Мязова Раушан Слямбековна ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!
Раушан Слямбекқызының А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадағы кәсіби мансабына 34 жылдан астам уақыт болды. Ол кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтті: оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қатардағы кітапханашысынан, ауылдық көпшілік кітапханаларға әдістемелік жетекшілік ететін Облыс кітапханаларын дамыту орталығының жетекшісіне дейін.
Раушан Слямбековна – кітапхананың көптеген жобаларға, соның ішінде АКТ енгізу бағдарламаларына да қатысушы. Мәселен, кезінде ол кітапхананың электрондық каталогын құруға, интернет сыныбын ашуға, тренинг орталығын ашуға, БҰҰ Даму бағдарламасымен әріптестікте «Ауылдық кітапханалық онлайн орталықтар» жобасын іске асыруға, соңғы жылдары – «Нұр Отан» партиясының бастамасымен облыстың көпшілік кітапханалары жанынан заманауи білім орталықтарын ашу бойынша жобаны іске асыруға үлес қосты.
Раушан Слямбекқызы АКТ бойынша жаттықтырушылардың жаттықтырушысы, әріптестері мен кітапхана пайдаланушыларына электронды білім беруде үлкен тәжірибе жинақтаған. Ол қашанда өз тәжірибесімен бөлісуге даяр, Р. С. Мязова жетекшілігімен алғаш рет мемлекеттік тілде кітапханалық веб-сайттар мен электронды оқытуға арналған үйретуші бағдарламалар жасалынды. Бүгінгі күні олар нық дамып, қазақ тілді пайдаланушыларға арналған қашықтан көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Бұл білімдер мен дағдылар әсіресе коворкинг-орталықтар форматында іске асырылатын «Кітапхана – заманауи білім орталығы» жобасын іске асыруда көрініс тапты. Оны іске асыру кезінде кітапханалар базасында, оның ішінде ауылдық жерлерде 29 білім орталықтары құрылды, ауылдық кітапханалар бұрын олардың қызметтерін пайдаланбаған халық санаттарына ақпараттық қолдау көрсетуге қабілетті болды. Олар: ауыл кәсіпкерлері, ұйымдар және мекеме мамандары, ерекше мұқтаж жандар.
Коронавирустық пандемияға байланысты карантин жағдайында Р.С. Мязова ауылдық кітапханалардың онлайн-жұмысын ұйымдастырады және оларға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Статистика
- Посетители : 6
- Материалы : 2881
- Количество просмотров материалов : 26321265
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
pushkinlibrary@yandex.ru
|
ВКО, г. Усть-Каменогорскул. Казахстан, 102 |































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ВКО, г. Усть-Каменогорск