homesemail1sm

0123456789
ГлавнаяАРХИВ НОВОСТЕЙСөзжұмбақ әлемінде
Ошибка
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Сөзжұмбақ әлемінде

Қымбатты оқырмандар! Пушкин кітапханасы қашанда сіздермен бірге. Біз бүгін сайыс-сөзжұмбақ марафонын бастаймыз. Сіздерді қатысуға және жеңіске шақырамыз!

Ереже
1. Жалпы ақпарат
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы облыстық сөзжұмбақ сайысын өткізеді. Бйылғы жылы «Абай жолы» роман-эпопеясының «Әлем әдебиеті кітапханасына» кіргеніне 50 жыл толып отыр. Соған орай сөзжұмбақ «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша құрастырылған.

2. Сайыстың ұйымдастырушылары мен қатысушылары
2.1. Сайысты ұйымдастырушы және үйлестіруші – А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы. Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы;
2.2. Сайысқа қатысушылар жасына шектеу қойылмайды.

3. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
3.1. Абай жолы романын насихаттау, зерттеу;
3.2. Дарынды оқырмандарды анықтау және оларды қолдау;
3.3. Абайдың мұрасын сұрақтар арқылы түйіп, ойындық тәсіл арқылы қорыту, ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, ой дамыту;

Сайыстың өту мерзімі - 2021 жылдың қазан-қараша айлары. Барлығы 5 сөзжұмбақ болады.

Сөзжұмбақты шешу ережелері:
Сөзжұмбақтағы сөздер табиғи тәртіпте орналасқан (көлденеңінен - солдан оңға; тігінен - жоғарыдан төмен)

Сөзжұмбақ сайысы онлайн форматта өтеді. Кілт сөзді жинағаннан кейін жаубы автоматты түрде біздің электрондық поштамызға келеді.

Қатысушылардың ұпайлары:
1. Бірінші сөзжұмбақты шешкен адам 10 ұпай алады, екіншісі - 9, үшіншісі - 8 және т.с.с. 1 ұпайға дейін. Яғни, жаңа сөзжұмбақты шешкендердің ішінен алғашқы 10 адам ғана ұпай алады. Интриганы сақтап қалу үшін сайыс соңында кестені көрсетеміз.
- Жеңімпаз болып 3 адам танылады. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады.
- Қатысушылардың жұмысы жас ерекшелігіне қарай сарапқа салынады.



Байқауға қатысты сұрақтар үшін:
87052819343 – Кемешева Меруерт
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

konvertor

Статистика

  • Посетители : 6
  • Материалы : 2881
  • Количество просмотров материалов : 26321265
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m pushkinlibrary@yandex.ru
h ВКО, г. Усть-Каменогорск
 ул. Казахстан, 102