«Тәуелсіздік құрдастары»: Мерей Зейнешпен онлайн-кездесу
2021 жылдың 12 қарашасы күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастырумен Zoom платформасында жас талантты музыкант Мерей Зейнешпен онлайн-интервью өткізіледі. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында жүргізіледі.
Толығырақ...«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» облыстық ақындар мүшәйрасы
2021 жылдың 8 желтоқсаны күні, сағат 15.00-де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Журналистер, Жазушылар одағының мүшесі Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған облыстық ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Толығырақ..."Эко сөмкелер тігеміз" шеберлік сыныбы
Күнделікті өмірімізді пластикалық пакетсіз елестету қиын. Десекте, біздің заманымыздағы ең танымал қаптама болып табылатын қарапайым пластикалық пакеттер табиғатқа қандай зиян келтіретіні туралы көпшілігіміз ойланбайды екенбіз. Пластикалық пакеттермен қоршаған ортаны ластау мәселесі бүкіл планетаның проблемасы. Бұл тығырықтан шығатын жол бар ма? Ол экодорба. Эко-дорбаны жан-жақты қолдануға болады. Дүкеннен өнімдер тасуға, ауыстырылатын аяқ киім, жұмысқа арналған құжаттар салуға болады, иә, іс жүзінде бәрі сия береді!
20 қаңтар күні кітапхананың Америкалық бұрышының Maker Space шығармашылық алаңында "Эко сөмкелер тігеміз" атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы пішу және тігу курсы негізінде ұйымдастырылды.
Наурыз – жаңару, жаңғыру мерекесі!
22 наурыз күні біз ертеден келе жатқан ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтеміз. Наурыз тек күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам ғана емес, бұл – бірлік пен еңбектің, мейірім мен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Көктем мерекесін атап өту айдың ортасынан бастау алады, біздің кітапхана да осы дәстүрді ұстанып, 14 наурыздан бастап оқырмандарын «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» интерактивті әдебиеттер экспозициясымен қарсы алады.
Толығырақ...«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау
Онлайн-байқау жаугершілік заманда ел тағдырын бәрінен биік қойып, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналады.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058494
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы