"Рухани жаңғыру": Вадим Обухов - өлке тарихын зерттеуші
31 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өлкемізге кеңінен танымал тұлға Вадим Обуховпен кездесу өтті. Вадим Геннадьевич Обухов – белгілі журналист, жазушы, 6 тарихи бестселлердің авторы, тарихшы-зерттеуші, биылғы жылдың мерейтой иегері.
Толығырақ...«Әлемі әдемі Әмина»
13 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Әлемі әдемі Әмина» атты әсем де көркем ретрофестиваль болып өтті. Фестиваль қазақ театры мен киносының аңыз тұлғасы, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі, Еңбек Қызыл Ту және Отан ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық артисі Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 100 жылдық меретойына арналды. Өнер саңлағының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
Толығырақ...Әбділда Тәжібаев: «Сыр сұлтаны, жыр тұлпары»
2019 ж. 19 сәуір күні 15-00-де біздің кітапханада «Сыр сұлтаны, жыр тұлпары» атты Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысы өтеді. Әбділда Тәжібаев қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Ә. Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, «Бір ел - бір кітап» Республикалық ақциясы аясында ақын шығармалары таңдалып алынды.
Толығырақ..."Тіл-татулық тірегі"
2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 2018 ж. бастап 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.
Сәбит Мұқанов өз сөзінде «Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет» деген болатын. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынов туған тілінің әдеби нормасын жасап кетті.
Толығырақ...Рухани жаңғыру: Уатхан Жүнісов:.«Ұлы даланың әуезді әуендері»
7 желтоқсанда Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Шығыс Қазақстанға танымал музыкант, композитор, оқытушы Уатхан Жүнісов жетекшілік ететін шығармашылық топтар дайындаған «Ел бірлігі» / «Біз біргеміз» тақырыптық музыкалық бағдарламасы өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26356816
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы