«Абай: Кеше. Бүгін. Ертең» форсайт-форумы
2020 жылдың 18-22 мамыры аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай: Кеше. Бүгін. Ертең» виртуалды форсайт-форумы өтеді. Форум спикерлері – белгілі қазақстандық абайтанушы-ғалымдар, журналистер, оқытушылар, сонымен қатар кәсіби қызметі аясында Абайдың шығармашылығын зерттеп жүрген мәдениет саласы қызметкерлері баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Толығырақ...«Елдік пен ерлік жыршысы»: онлайн кездесу
13 қазан күні, сағат 15.00 - де, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Facebook, @ Несіпбек Айтұлы парақшасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлымен онлайн кездесу өтеді.
Толығырақ...«Сындарлы 30 жыл – 30 асу»: әдебиеттер көрмесінің ашылуы
27 қаңтар күні, сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сындарлы 30 жыл – 30 асу»/ «30 лет созидания – 30 достижений» атты мерекелік әдебиеттер көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Толығырақ...Абайтанушы, жас ғалым, жерлесіміз Айжан Қартаеваның шығармаларын оқыңыздар.
Абай мен Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің есімдері ұлттық сана – сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды.
Абайдың даналық тағылымы – жастарды Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол.
Абайтанушы, жас ғалым, жерлесіміз Айжан Қартаеваның «Абайтану және Әуезовтану дәрістері», «Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі», «Абай мен Мұхтар Әуезов: рухани сабақтастық пен көркемдік тұтастық» атты кітаптарын біздің кітапханадан алып оқыңыздар.
Байланысшы:
Аубакирова А. Н.
тел. 26-13-33
Ағайынды Гриммдер ертегілері сиқыры
Әрине, «Бремен музыканттары» немесе «Қасқыр мен жеті лақ» жайлы ертегілер баршамызға мәлім. Ал бұлардың авторы болып табылатын ағайынды Гриммдердің сиқырлы да тартымды шығармалары қанша уақыт өтсе де, атадан-балаға беріліп, маңызын жоймай келеді. Католиктік Рождество мерекесі қарсаңында 20 желтоқсан күні сағ. 11.00-де кітапханамызда ағайынды Гриммдер мемориалды мұражайы қорынан «Ағайынды Гриммдер. Өмірі мен шығармашылығы» (Кассель, Германия) көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26356611
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы