«Абай: Кеше. Бүгін. Ертең» форсайт-форумы
- Толығырақ
- Құрылды 15.05.2020 15:27
2020 жылдың 18-22 мамыры аралығында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай: Кеше. Бүгін. Ертең» виртуалды форсайт-форумы өтеді. Форум спикерлері – белгілі қазақстандық абайтанушы-ғалымдар, журналистер, оқытушылар, сонымен қатар кәсіби қызметі аясында Абайдың шығармашылығын зерттеп жүрген мәдениет саласы қызметкерлері баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Форсайт-форум қонақтары: Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы А. Еспенбетов; Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М. Қайрамбаева; Республикалық «Абай» журналының бас редакторы М. Оспанов; Абай атындағы ҚазҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж. Шойынбет; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор А. Картаева; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры А. Мұхаметқалиқызы; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы-ғалым Омар Жәлелұлы; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ph.D докторы Л. Абдуллина; Шәкәрім атындағы Семей университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының PhD докторы, ақын, доцент м.а. Қ. Әубәкір; Білім беру ісінің үздігі, ұстаз-әдіскер, кітапхана волонтеры Қ. Сарипова; дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Рысқали.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
«Абай: Кеше. Бүгін. Ертең» форсайт-форумының
Бағдарламасы
18-22 мамыр, 2020 жыл
| № |
Онлайн іс-шаралар атауы |
Мерзімі | Сілтемелер |
|
1. |
«Абайтанудағы жаңа ізденістерге бастайтын жол» – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетовпен тікелей эфир, |
18 мамыр, 15.00 |
@Арап Еспенбетов |
|
2. |
«Абай музейі – рухани орталық» – Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайранбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызымен тікелей эфир |
18 мамыр, 16.15 |
@Мейрамгуль Кайрамбаева |
| 3. |
«"Хакім Абай және имандылық"» – Абай атындағы ҚазҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Шойынбет Жабал Алшынбекұлымен онлайн кездесу |
19 мамыр, 11.00 |
@Жабал Шойынбет |
|
4. |
«Әнді сүйсең, менше сүй...» – дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқалимен тікелей эфир |
19 мамыр, 19.00 |
Инстаграм Yerlan Ryskali / Ерлан Рысқали |
|
5. |
«Абай жүрегінің теңізі» – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызымен онлайн кездесу |
19 мамыр, 15.00 |
@Алмахан Мұхаметқалиқызы |
|
6. |
«Абай және қазақ мәдениеті» –абайтанушы, ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Омар Жәлелұлымен онлайн кездесу. Сұхбатты жүргізетін кітапхананың өлкетанушы маманы Абылгазинова Гүлбаршын |
20 мамыр, 21.30 |
Инстаграм @omarjaleluly_official_page Омар Жәлелұлы |
|
7. |
Абай «Человек загадка» – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ph.D докторы Люция Абдуллинаның сұхбат-дәріс |
20 мая, 12.00 |
@pushkinlibrary |
|
8. |
«Абай шығармашылығындағы «Толық адам» ұғымы» – Шәкәрім атындағы Семей университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының PhD докторы, ақын, доцент м.а. Әубәкір Қарлығаш Әділханқызымен тікелей эфир |
20 мамыр, 15.00 |
@Қарлығаш Әубәкірова |
|
9. |
«Абайдың өскен ортасы және ұрпақтары» - Мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы Слямова Зиза Мухтарханқызы мен Қазақстан Білім беру ісінің үздігі, әдіскер-ұстаз, Күршім ауданының «Құрметті азаматы», кітапхана волонтеры Сарипова Қатиза Байбазарқызымен тікелей эфир |
21 мамыр, 15.00 |
@meruert.kemesheva |
|
10. |
«Біздің Абай» электронды кітапхансы» – А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы директорының орынбасары Жанна Сақпанова және библиограф-маман Жайлибаева Меруертпен тікелей эфир |
21 мамыр, 11.00 |
@pushkinlibrary |
|
11. |
«Абайды тану – адамзатты тану» – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор Картаева Айжан Маратбекқызымен онлайн кездесу |
22 мамыр, 15.00 |
@Айжан Картаева |
|
12. |
«Абай әлемі - ұлт айнасы» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Абай» республикалық фольклорлық- Мұратбек Оспановпен онлайн кездесу |
22 мамыр, 16.00 |
@Муратбек Оспанов |
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340540
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы