«Елдік пен ерлік жыршысы»: онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 02.10.2020 15:44
13 қазан күні, сағат 15.00 - де, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Facebook, @ Несіпбек Айтұлы парақшасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлымен онлайн кездесу өтеді.
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Тарбағатай тауында дүниеге келген. 12 жасында ата-анасымен бірге атамекеніне оралады. Орта мектепті бұрынғы Семей облысына қарасты Баршатас ауылында оқыды.
Несіпбек Айтұлы қалың оқырманға «Әке туралы сыр», «Жүректегі жаңғырықтар», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Жаңбыр әні», «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», «Мұқағали-Желтоқсан» сондай-ақ, жас оқырмандарға, яғни балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», екі тілде шыққан «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптарының авторы ретінде танымал.
Несіпбек Айтұлы тек жазушылықпен ғана айналысқан жоқ, сондай-ақ ол шебер аудармашы. Оның «Ескендір қорғаны», «Игорь жорығы туралы жыр» жане басқа аударма кітаптары бар. Ол қытай, француз, түрік, орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Соның ішінде, Бо Цызюдің, француз ақыны Родаридың, Түріктің ұлы ақыны Жүніс Еміренің, сондай-ақ Исаковский, Барто, Михалков, Баруздин, Берестов, Сыдықовтың өлеңдерін аударды.
Қазіргі күні орындалып жүрген «Ән-домбыра», «Дариға-дәурен», «Арман», «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Дәурен-ай» әндерінің авторы.
Қазақстанның БЛКЖО, «Жар жүрек соға бер» және «Бас сүйектер» поэмасы үшін Жазушылар одағы мен «Жалын» баспасы сыйлығын, 1974 жылы «Найзағай» поэмасы үшін сыйлық иегері атанған. Ақынның «Мұхтар мен Абыз» толғауы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған ақындар сайысында бас жүлдені жеңіп алған.
Несіпбек Айтұлы – М. Мақатаев атындағы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, Ж. Жабаев атындағы сыйлықтың иегері. «Парасат» орденімен марапатталған.
Тәуелсіздікті жырлаған ақын қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы