homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Рухани жаңғыру": Вадим Обухов - өлке тарихын зерттеуші
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Рухани жаңғыру": Вадим Обухов - өлке тарихын зерттеуші

31 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өлкемізге кеңінен танымал тұлға Вадим Обуховпен кездесу өтті. Вадим Геннадьевич Обухов – белгілі журналист, жазушы, 6 тарихи бестселлердің авторы, тарихшы-зерттеуші, биылғы жылдың мерейтой иегері.

В.Г. Обуховтың кітаптары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» жобасында «білім, экология және көріктендіру, өлке тарихын зерттеу саласында байыпты өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру» қажеттілігі туралы айтқан сөздерімен үндес келеді. Мысалы, В.Г.Обуховтың «Уран для Берии» кітабы кен орындарын барлау және пайдалы қазбаларды өндіру, Семей ядролық полигоны құрылысы мен оны пайдалану, Үлбі металлургия зауытының тарихына байланысты оқиғаларды баяндайды.
Автор өз шығармаларында тек нақтылы деректерге, соның ішінде бұрын орыс тілді оқырманға жетпеген ағылшын тілді мәліметтерге, сондай-ақ, оқиға кейіпкерлерінің естеліктеріне сүйенеді. Жуықта Мәскеу қаласында жазушының «Потерянное Беловодье» кітабы үшінші рет қайта жарыққа шықты. Бұл кітап Ресей астанасындағы ірі кітап дүкендерінің бірі – «Москва» өткізген оқырман сұранысы рейтингісі бойынша әскери тақырыптағы 114 кітаптың қатарынан төртінші орында, ал «Военные тайны XX века» сериясы басылымдары арасынан бірінші орынға шықты. Шығарма Ресей ғана емес, Прибалтика, Израиль, Германия тағы басқа елдерде де үлкен сұранысқа ие.
Вадим Обухов – жан-жақты тұлға: Шығыс Қазақстан облыстық «7 дней» газетінің бас редакторы, "Прииртышье" баспа үйінің директоры, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының екі мәрте лауреаты, белсенді қоғам қайраткері – Шығыс Қазақстан облысы Орыс мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ШҚ полиция департаменті консультациялық кеңесінің мүшесі. Сонымен бірге, Орта Азия елдері мәселелеріне арналған халықаралық симпозиумдарға қатысып, баяндама жасаған. В.Г. Обуховтың қызметі Қазақстан, ТМД, Ресей және Украина елдерінің мемлекеттік және қоғамдық марапаттарымен атап өтілген.
Вадим Обухов – Шығыс Қазақстан өңірінің дамуына зор үлесін қосқан тұлға, оның қызметі мен шығармашылығы экономика ғылымдарының кандидаты А.Исаевтың: «Тұлғаның деңгейі адамның алдына қойған мақсатымен және ол қол жеткізетін нәтижемен анықталады» деген сөзіне толық жауап береді. Биылғы жыл - Жастар жылы, ал, В.Г. Обуховтың өмірі мен шығармашылығы осы жас ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге.

 

obuxov 1 5 obuxov 1 1 obuxov 1 6 obuxov 1 7 obuxov 1 10 obuxov 1 11

 

obuxov 1 12

 

 

obuxov 1 18

 

obuxov 1 21

 

obuxov 1 23

 

obuxov 1 15

 

obuxov 1 13

  Байланыс тел. 261333, ішкі тел.: 123

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26351480
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102