Кітапхана халықаралық волейбол турнирында
Волейболдан әйелдер командалары арасында өткізілетін Азия чемпионаты біздің аймақ үшін маңызды іс-шаралардың бірі. 11 шілде күні кітапхана мамандары Спорт сарайында балалар алаңының жұмысын ұйымдастырып, жанкүйерлерді қарсы алып, кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы ақпараттық парақшалар таратты.
Толығырақ...Алмат Сақатов: «Өнерім - өмірім»
Театр және кино актері, сатирик, жерлесіміз Алмат Сақатовпен кітапханамыздың библиографы Гүлбаршын Абылгазинова «Өнерім – өмірім» тақырыбында тікелей эфирде салихалы сұхбат өткізді.
Толығырақ...Оқырман жаңа басылыммен танысты
10 қараша күні кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйла Ахметованың қатысуымен «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге ардагерлер, журналистер, жазушылар, мұражай мен кітапхана қызметкерлері, оқушылар мен студенттер келді. Сондай-ақ, Абай ауданды, Мақаншы, Күршім, Шемонаиха, Бесқарағай т. б. аудандардың кітапханалары басқосуға онлайн қатысты.
Толығырақ...Петропавлдық қонақтар кітапханада
Бүгін кітапханаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолға алыннған патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» өлкетанулық экспедициясының мүшелері қонаққа келді. Жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған екен. Қонақтар Назарбаев Зияткерлік мектебінің Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы мектебінің оқушылары. Жас зерттеушілер Шығыс Қазақстанның тарихын, мәдениетін, көркем табиғатын зерттеу мақсатында қаламызға саяхатқа келген екен.
Толығырақ...Француз әндерінің үздік орындаушылары анықталды
1 сәуірде 15.00-де кітапхананың мәжіліс залында 10-шы ұлттық Франкофония фестивалінің жартылай финалы өтті.
Франкофон әндерінің конкурсы "Өскемен ГЭС-і", Қазақстандағы Бельгия Елшілігі, "Ив Роше" компаниясы, "Пицца-Блюз" және "Меломан" қолдауымен өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26355340
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы