Оқырман жаңа басылыммен танысты
- Толығырақ
- Құрылды 10.11.2016 18:59
10 қараша күні кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйла Ахметованың қатысуымен «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге ардагерлер, журналистер, жазушылар, мұражай мен кітапхана қызметкерлері, оқушылар мен студенттер келді. Сондай-ақ, Абай ауданды, Мақаншы, Күршім, Шемонаиха, Бесқарағай т. б. аудандардың кітапханалары басқосуға онлайн қатысты.
Еңбекте соғыс алды жылдардағы, 1941 жылғы Брест қамалындағы оқиғалар және оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі суреттелген. Брест қамалында шайқасқан жерлестеріміздің жаңа есімдері табылып, олардың оқиғалары баяндалған. Кітапта жаңадан табылған 556 қазақстандықтың тізімі берілген. Сондай-ақ, Брест қаласын қорғаушылар және Қазақ КСР-нен барған, сол бағытта соғысқан 200-ден астам адамның, полк және әскери бөлімшелер бойынша Қазақстаннан барған қамал қорғауға қатысқандар, соның ішінде шығысқазақстандықтар тізімі енген. Тірі қалғандардың еске алуы, мұрағат материалдары және басқа құжаттар бойынша, 1941 жылдың 22 маусымында Брест қамалында болған түрлі полктер мен құрамалар қызыл әскерлерінің жауынгерлік әрекеттері суреттелген.
Автор Бұл еңбегінің мектептерде оқу құралы болғанын, жас ұрпақтың өздерінің ата-бабаларының ерлігін біліп жүргенін қалайды. Негізгі мақсатым - Балалар Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туысқандарының есімін тауып, олардың ерлігін мақтан тұтып, естерінде сақтаса керемет болар еді, әлі де бұл зерттеуді жалғастыруымыз керек, бірге жұмыс істейік, Ұлы Отан соғысының батырларын іздеуге ат салысайық,. Біз олардың ерліктерін әрдайым есте сақтауымыз керек, дейді.
Кездесуге шайқасқа қатысқандардың туыстары да келіпті. Олар кітаппен таныса келе өз туыстарының есімдерін ( Балғыбаев, Дмитриенко, Попов ) тапты. Қаһармандарға деген сый-құрмет – ұрпақ байланысының берік негізі. Сондықтан, соғыстың алғаш күнінен қан төккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті орнатуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қатысуы, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға құрмет пен ризалықтың жарқын дәлелі.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы