homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Шығармашылық калейдоскоп» байқауы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Шығармашылық калейдоскоп» байқауы

Кітапхана 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді А.С.Пушкиннң туғанына  221 жылдығына орай ұйымдастырылып  отырған  шығармашылық жұмыстар конкурсына қатысуға шақырады.

 Байқау ережелері

1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже оқушылардың шығармашылық жұмыстары байқауының өту шарттарын анықтайды.
1.2. Байқауды ұйымдастырушылар – ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.
1.3. Мақсаты: оқушылар мен студенттерді А.С. Пушкиннің шығармашылығына тарту, оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау.
1.4. Байқау бағыты (номинациялар).
Байқау аясында келесі бағыттар (номинациялар) бойынша авторлық жұмыстар қаралады:
1) Көркем: А.С. Пушкин ертегілері бойынша суреттер (жас ерекшелігі: 6-10 жастағы балалар);
2) Әдеби: А.С. Пушкинге арналған синквейн түріндегі құттықтау хаттары (жас ерекшелігі: 10-14 жастағы жасөспірімдер);
3) Шығармашылық жұмыстар: А.С. Пушкиннің өлеңдерін қолтаңба ретінде жазып салған заманауи фотосуреттер (жас санаты: 15-17 жастағы жастар).
2. Байқау шарттары
2.1. Шығармашылық жұмыстарды іріктеу критерийлері.
Байқауды Ұйымдастыру комитеті байқауға түскен жұмыстарды келесі критерийлер бойынша іріктейді:
- конкурстық жұмыстар мақсатының конкурстың негізгі бағыттарына (номинацияларына) сәйкестігі;
- мазмұндық тұтастығы мен танымдылығы;
- шығармашылық шеберлігі;
- жұмысты безендіру сапасы.
3. Байқауға қатысушылар
Шығыс Қазақстан облысының қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларының оқырмандары: 6-17 жас аралығындағы жастар мен балалар.
4. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі
4.1. Байқаудың өтетін уақыты: 2020 жылы 1 сәуір мен 25 мамыр аралығында.
4.2. Келіп түскен жұмыстарды Ұйымдастыру комитетімен құралған қазылар алқасының мүшелері критерийлер мен номинацияларға сәйкес талаптар бойынша қарайды.
Байқаудың Қазылар алқасы қабылданып, жариялаған шешімдерге түсініктеме бермеуге құқылы.
4.3. Байқау қорытындысын шығару.
Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2020 жылы 6 маусым күні А.С.Пушкиннің 221 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шарада өтеді.
Байқау қорытындысы бойынша әр номинациядан үш конкурстық жұмыс үздік деп танылады. Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
5. Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
5.1. Жұмыстың қолтаңбасы болуы тиіс: автор жайлы мәлімет (тегі, аты, оқу орны, сыныбы/курсы), сынып жетекшісі/топтың кураторы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты).
5.2. Номинациялар бойынша суреттер мен шығармашылық жұмыстар түпнұсқада ұсынылады. (төтенше жағдайға байланысты қатысушылар өздерінің суреттері мен шығармашылық жұмыстарының суреттерін міндетті түрде қолтаңбасымен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына жібере алады.)
5.3. Толық емес жұмыстар, сондай-ақ 2020 жылғы 25 мамырдан кейін тапсырылған жұмыстар қаралмайды.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Байқаудың барысы мен қорытындылары А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының сайтында http://www.pushkinlibrary.kz және әлеуметтік желілерде жарияланады.
6.2. Ережеге өзгерістерді ұйымдастырушылар қалыптасқан жағдайға байланысты енгізуі мүмкін.
Тапсырыс беру үлгісі
- Байқауға қатысушының аты, тегі, әкесінің аты (толығымен);
- туған күні;
- жұмыс тақырыбы мен номинациясы;
- білім беру (әлеуметтік) мекемесінің атауы, сыныбы, тобы;
- байқауға қатысушының тұрғылықты жері бойынша телефондары, электронды поштасының мекен-жайы (индексімен).
Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
1. Ашкенова Жансая Сағидоллақызы, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының Кітапханалық маркетинг және статистика орталығының жетекшісі.
2. Құдайбергенова Нұргүл Құдайбергенқызы, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының Балалар бөлімі және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі.
3. Максимова Марина Михайловна, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының Білім орталығы жетекшісі.
4. Абдуллина Люция Ильдаровна, филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры.
5. Райхель Валентина Алексеевна, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының «Эксклюзив» фотоклубының жетекшісі.
6. Михайлова Татьяна Николаевна, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының «Шабыт» жас дизайнерлер клубының жетекшісі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
070019, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 102
ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ
Тел.: (7232) 261-333, факс: (7232) 263-087
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26329205
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102