EXPO-2017
"Елдің дамудың "жасыл" жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған "болашақтың энергиясын" өз көзімен көре алады». (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан, 14 желтоқсан 2012 ж.)
Бүкіләлемдік EXPO-2017 көрмесі барша адамзаттың техникалық әрі технологиялық жетістіктерін тамашалауға арналған басты халықаралық алаң болып табылады. Төрт жылдан соң Астана қаласында 10 маусымнан - 10 қыркүйекке дейін 100-ден астам ел "Болашақ энергиясы" тақырыбы аясындағы жетістіктерін ұсынады. Аталған тақырып альтернативті энергия көздерін дамыту және "жасыл" экономиканы қалыптастыруға бағытталған.
EXPO-2017 қарсаңында |
EXPO Глоссариясы |
EXPO тарихы |
EXPO әдебиеті |
"Болашақ энергиясы" |
Қызықты деректер |
EXPO видеосы |
Пайдалы сілтемелер |
Бұл қызық
Дерекқор
Біздің кітапхана жетекші ақпарат орталықтарымен және кітапханалармен келісім-шарт жасады (тізімі төменде берілген). Бұл тек қана библиографиялық (толық мәтінді емес) дерекқорлар. Олар өздерінің меншік қорларындағы басылымдарды сипаттайтын жазбалардан тұрады. Сізді біздің кітапхананың ақпараттық ресурстары қанағаттандырмаған жағдайда, көрсетілген осы ресурстармен пайдалана аласыз. Библиографиялық сипаттамалармен танысқаннан кейін, сіз қажетті басылымдардың электрондық көшірмелерін жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз.
Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар Институты (ИНИОН) - www.inion.ru
– 1980 жылдан бастап жүргізілетін әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша библиографиялық дерекқорды ұсынады. ИНИОН дерекқорына келіп түскен журналдар мен газеттердің 140 тілдегі аннотациялық жазбалары бар. Пайдаланушылардың дерекқордың әдебиеттану; мемлекет және құқық; тілтану; философия және әлеуметтану; экономика және демография; тарих, археология және этнография; ғылым; дін; шығыстану салалары бойынша толық кешенмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
«Заң» деректер базасы – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерінің электрондық жиынтығы. Бұл құжаттар Қазақстанның 1990 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қоғамдық- саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейді.
Бұл ДБ алдыңғы редакциялары сақталған нормативтік актілер, сонымен бірге, қажетті сілтемелер және түсініктемелермен ресімделген күшін жойған құжаттар бар.
Сонымен, пайдаланушы енгізілген өзгертулердің хронологиясын қадағалай алады.
ДБ орысша-қазақша сөздікпен және заңдық терминдердің түсініктеме сөздіктерімен, түрлі анықтамалықтармен және жіктеулермен жабдықталған. Құжаттарды іздеудің кеңейтілген мүмкіндігі қажетті ақпаратты бір сәтте тауып алуға мүмкін береді.
EBSCO - Кітапхналар (EIFL Direct) және EBSCO Publishing деректер базасына арналған электрондық ақпараттар жобасы. ДБ пайдалану ақылы, оны тек қана тіркеуден өткен пайдаланушылар пайдалана алады. Олардың қатарында біздің кітапхана да бар, сондықтан да біз Сізге осы ақпараттық ресурсты пайдалануға көмек береміз. EBSCO әлемдегі ірі шетелдік мерзімді басылымдар деректер базасын пайдалануға мүмкіндік береді, оның ішінде түпнұсқадағы 4000 астам толықмәтінді ғылыми журналдар бар. Бұлар ағылшын тіліндегі газеттер мен журналдардың ғана ондаған мың толық мәтіндері емес, сонымен бірге, фотосуреттер, иллюстрациялар, карталар және т.б.
Курстар мен тренингтер
| Компьютер мен Интернетте жеңіл жұмыс істегіңіз келе ме? Қош келдіңіз! |
|
Тренингтердің тақырыбы:
Компьютерлік сауаттылық негіздері – 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу |
|
Тренингтің мақсаты - дербес компьютер туралы бастапқы мәліметтер алу және пайдаланушы дағдыларын меңгеру. Курс аясында компьютермен жұмыс принциптері, Windows операциялық жүйесі негіздері, файл және папкалармен жұмыс, ақпаратты сақтауға арналған тасымал құралдары, компьютердің қарапайым құрылымдары үйретіледі. Сонымен бірге курсқа мәліметтерді архивтеу және MS Office пакетімен (құру, сақтау, құжатты ашу) жұмыстың жалпы принциптері енгізілген.
Microsoft Word - 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу Тренинг мақсаты – Word мәтіндік редакторында жұмыс істеуді үйрету. Курстан өткеннен кейін сіз меңгересіз: құжатты құру және редакциялау, мәтіннің емлесін бақылау, мәтіннің жекелеген фрагменттерімен жұмыс (көшіру/жою/орнын ауыстыру), сурет қою және оған қол қою, нөмірленген тізімдер құру, кестелер ресімдеуді ... Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 10 сағат (күніне 2 сағат). Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі.
Microsoft Excel - 10 сағат (бағдарлама) Тренинг мақсаты – Excel электронды кестесімен жұмыс істеуді үйрету. Курстан кейін сіз электронды кестеге мәліметтер енгізуді және редакциялауды, формулалар енгізу және күрделі есептер шығаруды үйренесіз. Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 10 сағат (күніне 2 сағат). Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі.
Microsoft PowerPoint - 6 сағат (бағдарлама) Тренинег мақсаты – слайд – презентациялар құру бойынша жұмыстарды үйренесіз. Курстан кейін сіз баяндамалар үшін презентациялық материалдар дайындай аласыз, түрлі стильдерді, күрделі графикалық формаларды, құрылымдық схемаларды пайдалана білесіз. Тренингтер топпен және жеке жүргізіледі. Ұзақтығы – 6 сағат (күніне 2 сағат).Курсқа жазылу 26-13-33 тел. бойынша және кітапхана сайтында жүргізіледі.
Интернет (Базалық курс). Ақпарат іздеу және электронды пошта - 10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу
Электронды поштамен жұмыс (E-mail). Интернет Желісінде қарым-қатынас жасау -10 сағат (бағдарлама) Курсқа жазылу Қаржылық-есептеу құжаттамасын компьютерлік өңдеу (1С:Бухгалтерия 8) – 20 сағат (бағдарлама) 1С:Бухгалтерия – бұл кез-келген кәсіпорын жұмысының сенімді көмекшісі. Бұл бағдарлама функционалдық мүмкіндіктері арқылы кез-келген кәсіпорын саласы мен салық төлеу тәртібінің кез-келген түрінде есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама тек кәсіпорын бухгалтериясын ғана емес, сондай-ақ өзге де құрылымдық бөлімдер жұмысын автоматтандырады. Бұл – коммерциялық жұмыстың кез-келген түрін жүзеге асыратын ұйымдарда есеп жүргізудің тиімді жолы болып табылады.
Экспресс-тренингтер (ұзақтығы 1 сағат): Курсқа жазылу Электронды каталогтан іздеу Кітапхананың электронды каталогы 1993 жылдан бастап жүргізіледі. 160 мыңнан аса библиографиялық жазба жинақталған. Кітап, авторефераттар, электронды ресурстар туралы мәліметтер енгізілген.
«ЗАҢ» дерекқорынан іздеу «Заң» дерекқоры Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерінің электронды жинағын ұсынады. Осы ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді үйрететін экспресс-тренингтен кітапхананың Оқу залында (2 қабат, №26 каб.) өтуге болады. Сіз құқықтық құжаттар массивін бағдарлауды үйренесіз, сұраныс құру әдісін меңгересіз.
Электронды пошта Бүгінгі күні электронды пошта – ең қолайлы байланыс құралы. Визит карточкасындағы электронды пошта адресі қазіргі іскер адамға қажетті атрибуттың бірі болып табылады. Электронды хат-хабар алмасуды үйрену тренингінен кітапханадағы IT-отауда (1 қабат, №15 каб.) өтуге болады. Сіз өзіңіздің электронды пошта жәшігіңізді ашуды, хат-хабар жіберу және алмасуды үйренесіз.
Интернеттің анықтама ресурстары Интернеттегі сөздіктер мен энциклопедиялар нақты және беделді ақпараттарды жедел табуға көмектеседі. On-line аудармашылар – қажетті шет тіліне және кері жедел аударма жасайды. Барынша көп талап етілген on-line сервистің біріне үйрену үшін экспресс-тренингтен кітапхананың IT-отау орталығынан (1 қабат, №15 каб) өтуге болады. Сіз танымал желілік анықтамалықтармен жұмыс істеуді үйренесіз.
Тақырыптық іздеу Қажетті ақпаратты іздеп таба білу – үлкен өнер. Интернеттен тақырыптық іздеу жүргізуді үйрену үшін кітапхананың оқырман залынан (2 қабат, №26 каб.) экспресс-тренинг өтуге болады. Сіз оқу немесе кәсіби қызметіңізге керекті ресурстарды жедел табуды үйренесіз, іздеу әдістерін меңгересіз.
Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу (УБД) Егер қажетті құжат біздің кітапханада болмаған жағдайда, басқа кітапханалардың электронды каталогтарына іздеу жүргізіледі. Қашықтықтағы дерекқорлардан іздеу жүргізу экспресс-тренингінен кітапхананың оқырман залынан (2 қабат, №26 каб.) өтуге болады. Сіз қазақстандық және шет елдердің ірі кітапханаларының каталогтарынан іздеу дағыдыларын меңгересіз және құжаттардың электронды жеткізілімі технологиясымен танысасыз.
«Қазақстан Республикасының электронды үкіметі» порталы Электронды Үкімет деген не? Бұл Электронды қызмет түрлерін ұсыну бойынша мемлекеттік органның жұмыс істеу механизмі. www.egov.kz порталы қалай жұмыс істейді, Сізге қажетті ақпарат пен қызметті қалай алуға болады? Электронды қолтаңба деген не және оны қалай алуға болады? Бұл жайында тренингтерден білуге болады. Мұнда Сізге порталға тіркелуге көмектеседі. Сонымен бірге, үйден шықпай-ақ, тиісті мемлекеттік органдарға бармай-ақ ақпараттық, интерактивті, транзакционды электронды қызметтерді алуға үйретеді.
Модульдік тренингтер (бірте-бірте): Компьютер – Интернет Интернетті кәсіби қызметте пайдалану |
IT-Отау
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 19-35 жас аралығындағы жастар үшін IT-OTAU интеллектуалдық орталығы ашылды.
Жобаның мақсаты: 19-35 жас аралағындағы жұмыссыз жастардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияны пайдалануға үйрету.
Осы жастағы жұмыссыз жүрген азаматтарды төменде көрсетілне курстарды ақысыз оқуға шақырамыз.
- Macromedia Flash MX – 20 с.
Процессор: Intel Phenom II Dual-Core, от 1800 до 2700 МГц
Оперативтік жады: от 2 до 4 Гб
Қатты диск: от 250 до 500 Гб Вес: 2,5 кг
Қорек көзі: Li-Ion Время автономной работы: 7 ч
Операциялық жүйесі: Microsoft Windows 7 Home Basic
Біздің мекен-жайымыз:
А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, Қазақстан көшесі, 102 үй
Тел.: 26-79-99, 26-13-33.
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.·
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26050190
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |




























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы