«Мемлекеттiк тiл – менiң тiлiм» - жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығындағы сайыс
- Құрылды 14.06.2019 14:47
14 маусымда кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімше мамандарының қатысуымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттiк тiл – менiң тiлiм» атты оқыту-әдістемелік жиыны болып өтті. Конкурс әскери мамандардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталып, ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Барлық қатысушылар жақсы нәтиже көрсетті.
Толығырақ...9 маусым - Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні
- Құрылды 08.06.2019 12:33
Құрметті пайдаланушылар! 9 маусым, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні кітапхана сайлау учаскесі болғандықтан, оқырмандарға қызмет көрсете алмайды. Оқырмандарға қызмет 2019 ж. 11 маусымнан бастап көрсетіледі.
Татьяна Ларина қонақжайында
- Құрылды 07.06.2019 17:23
6 маусым Пушкиннің туған күні «Татьяна Ларина салоны» әдеби-музыкалық қонақжайында аншлаг болды. Барша ақын өлеңдеріне табынушылар мен оқырмандар ақын шығармашылығымен сусындап, Пушкиннің өлеңдеріне жазылған романстарды тыңдап, XIX ғасырдың аристократиялық қонақжайының сиқырлы атмосферасына терең үңіле алды.
Толығырақ...Кітапханаға сый
- Құрылды 07.06.2019 17:12
7 маусым күні кітапханамызда Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Дүйсен Сейітқали Жахияұлы қонақта болды. Ғалым кітапханамызға өзінің «Қазақстан дипломатиясы» атты үшінші кітабын сыйға тартты.
Аталған ғылыми еңбекте Қазақ мемлекетінің XV ғасырдан қазіргі күнге дейінгі дипломатиясы тарихына талдау жасалған. Сондай-ақ, Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасып, дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар мен қайраткерлердің еңбектері баяндалған. Барша оқырман мен зерттеушілерді аталған еңбекпен жақынырақ танысуға шақырамыз!
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26360058
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы