homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханадағы Пушкин күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханадағы Пушкин күні

А.С. Пушкиннің туған күні – 6 маусымда ақынның 220 жылдығына арналған «Кітапханалық Пушкиниана» мерейтойлық бағдарламасы шарықтау шегіне жетпек. Бұл күні сағ. 11.00-де кітапханада РФ Бас консулдығы жетекшілігінің қатысуымен қала жұртшылығының ақын ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтеді. Мереке күні Пушкин шығармашылығын сүйіп оқитындарды еркін микрофон алаңына шақырамыз.

Кітапхана алдындағы алаңда күні бойы түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар, балалардың тақырыптық суреттерінің және «Эксклюзив» фотоклубы жұмыстарының көрмесі, сонымен қатар А.С. Пушкиннің портреттік миниатюрасын ағашқа күйдіріп салу, достық шарж және т.б. тәрізді шығармашылық-шеберлік-сағаттары ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарламаның өзегі – «Всё о Пушкине» атты сұрақ-жауап көрмесі. Оның бөлімдері оқырмандармен «сырласа» отырып, бір-бірімен үндесе келе бізге «мәңгі жаңа» Пушкин бейнесін ашады. Интерактивті әдеби экспозиция ақын өмірінің көпшілікке белгісіз фактілермен танысуға, оның жеке және отбасылық тағдырын бағамдауға, дуэль алдындағы және ақынның трагедиялық өлімі жайындағы мифтерді сейілтуге мүмкіндік береді.
Кітапханадағы Пушкин күні сағ. 15.00-де «Салон Татьяны Лариной» әдеби-музыкалық кешімен жалғасады. Қонақжай мереке қонақтарын А.С. Пушкин өлеңдерін тыңдауға, оның өлеңдерін оқуға, ақын өлеңдеріне жазылған әуезді романстардың үнімен рахаттанып, пушкин поэзиясының ғажайып атмосферасынан ләззат алуға шақырады.
Пушкин күні сағ. 17.00-де «Заңғар» СҮ алдындағы алаңда бір уақытта «Я помню чудное мгновенье…» өлеңін оқумен аяқталады.
«Кітапханалық Пушкиниана» – А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың сөз кемеңгері – Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдығына арналған бағдарламасы осылай аталады.
Пушкинге арналған синквейндер жазу мен ақын өлеңдерінен құралған центондарға арналған шығармашылық конкурстардың әлеуметтік медиадағы барысын кітапхана сайтымен қатар әлеуметтік желілердегі біздің парақшамыздан да көруге болады:
- А.С. Пушкин шығармаларына арналған спринт-викторина - www.pushkinlibrary.kz;
- YouTube бейнесервисіндегі «Пушкинді әлем халықтары тілдерінде оқимыз» бейнероликтері сериясы;
Ал кітапхана сайтындағы «Абай және Пушкин» виртуалды көрмесі белгілі пушкин және абайтанушылар еңбектері арқылы қос данышпанның шығармашылық және рухани жақындығын байқауға шақырады.
А.С. Пушкин шығармалары желісімен түсірілген фильмдер көрсетілімі мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Л.И. Абдуллинаның «Пушкин в современном прочтении» атты дәрістер сериясына тапсырыстар жыл соңына дейін қабылданады.
Баршаңызды – «еңбектеген баладан, еңкейген кәріге» дейін, жаңадан бастап жүрген және эрудитті пушкинисттерді 6 маусымдағы мейрамға шақырамыз. Өйткені А.С. Пушкин шығармашылығы қашанда өлең сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, жүректерінен мәңгі орын алған!

 

Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342518
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102