Біз нашақорлыққа қарсымыз
- Құрылды 07.06.2019 16:41
Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында, 7 маусым күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Салауатты өмір салты» атты ШҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Медициналық Мекемесінің маманы, дәрігер Әйгерім Арманқызы Батырхановамен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - жасөспірімдерге әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу.
Толығырақ...Рухани жаңғыру: Пушкин күні - 2019
- Құрылды 07.06.2019 10:17
Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдық мерейтойына орай кітапхана алаңында орналасқан ақын ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті. Ақын рухына тағзым етіп, құрмет көрсетуге жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер мен оқушылар және ұлы ақынның шығармашылығын сүйіп оқитын өлеңсүйер қауым жиналды.
Толығырақ...Кітапханадағы Пушкин күні
- Құрылды 04.06.2019 11:05
А.С. Пушкиннің туған күні – 6 маусымда ақынның 220 жылдығына арналған «Кітапханалық Пушкиниана» мерейтойлық бағдарламасы шарықтау шегіне жетпек. Бұл күні сағ. 11.00-де кітапханада РФ Бас консулдығы жетекшілігінің қатысуымен қала жұртшылығының ақын ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтеді. Мереке күні Пушкин шығармашылығын сүйіп оқитындарды еркін микрофон алаңына шақырамыз.
Толығырақ...Бақытты балалық мерекесі
- Құрылды 04.06.2019 09:16
Халықаралық балаларды қорғау күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» жүзден аса кішкентай оқырманы көңілді мерекелік бағдарламаға қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Кітапханада таңертеңнен әуезді ән ойнап, балалар кітаптарының көрмесі, қолөнер бұйымдары мен суреттерінің экспозициясы ұсынылды. Балалар оқуы Орталығы қызметкерлері кішкентай қонақтарды мектеп бағдарламасы бойынша жазғы демалыста оқуға берілген кітаптармен таныстырып, «Балалар классикасының алтын кітапханасы», түрлі тілдердегі халық ертегілерінің керемет басылымдары, балаларға арналған энциклопедиялар, «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки» тәрізді жас оқырмандар сүйіп оқитын журналдарға шолу жасады.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26360058
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы