1 наурыз - Алғыс айту Күні!
- Құрылды 28.02.2018 12:39
2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.
Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Толығырақ...Humming House Band музыкалық тобы кітапханада
- Құрылды 25.02.2018 18:37
25 ақпан күні, кітапхананың Америка Бұрышында АҚШ-тан келген "Humming House" музыкалық тобы болып қайтты.
Америкалық қонақтармен бірге Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Мэтью Уилсон келді. Мәжіліс залына жиналған кітапхана қонақтары Фолк жанрында музыка тыңдап, керемет концерттің куәсі болды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдебиеттер көрмесі облыстық драма театрда
- Құрылды 23.02.2018 12:29
23 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көпшілік жыл көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Облыстық драма театрда өткен кездесуде баяндамалар оқылып, көпшілік өздерін толғандырған сауалдардың жауабын білді. Кітапхана мамандары кездесуге келген қонақтар назарына «Рухани жаңғыру» ғылыми мақаласы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдебиеттер көрмесін ұсынды.
Толығырақ..."Әлем таныған Астана": елорданың 20 жылдығын мерекелеу басталып кетті
- Құрылды 21.02.2018 15:40
Биылғы жылдың айтулы мерекесі, еліміздің бас қаласы – Астананың 20-жылдық мерейтойы. Осыған орай 21 ақпанда кітапханада салтанатты кездесу өткізілді. Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы болды.
Толығырақ...Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26375065
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы