«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдебиеттер көрмесі облыстық драма театрда
- Толығырақ
- Құрылды 23.02.2018 12:29
23 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көпшілік жыл көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Облыстық драма театрда өткен кездесуде баяндамалар оқылып, көпшілік өздерін толғандырған сауалдардың жауабын білді. Кітапхана мамандары кездесуге келген қонақтар назарына «Рухани жаңғыру» ғылыми мақаласы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» әдебиеттер көрмесін ұсынды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының жаңа болашаққа бірге қадам жасау, қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы көрегендік ой-толғамдарын көрсетеді. Ол бізге қуатты және жауапкершілігі мол адамдардың біртұтас Ұлтқа айналуы үшін аса қажет.
Көрмеге қойылған әдебиеттер біздің қоғамның рухани жаңғыру стратегиясын түсіну, зерделеу және қабылдауға көмек береді. Қонақтар назарын ерекше аударған басылымның бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітабы болды. Жаңа кітап еліміздің маңызды оқиғаларын баяндап, тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткізген жетістіктерді нақтылы көрсеткен. Кітапхана мамандары қонақтарды кітап бөлімдерімен, ел тарихының кезеңдерімен қысқаша таныстырып өтті.
Кітапты біздің кітапханадан алып оқи аласыздар. Сондай ақ, кітаптың электронды нұсқасын Елбасының жеке веб парақшасында және біздің кітапхана сайтында таба аласыздар. Немесе QR код арқылы екінші қабаттағы кітапхана баннерінен ұялы телефонға жүктеп алып оқуға да болады.
| |
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы