homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБіз біргеміз
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Біз біргеміз

Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының   қайғысына ортақтасып, жұбату  айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін  айтқан еді.

Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:

my vmeste

- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз.  Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді.  Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген.   Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.

Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:

-  Бұндай жағдайдың  біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды. 

 Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар!  Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер.  Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек.  Біздің еліміз  береке-бірлігі жарасқан тату ел.  Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..  

Бибигуль Жамбыловна Шагиева, директордың орынбасары:

- Ақтөбеде лаңкестік шабуыл, әрбір қазақстандықты, еліміздегі әр отбасын,  дүр сілкіндірген тосын жағдай болды.  Бұрындары лаңкестік шабуыл, соғыс дегенді теледидардан көріп, БАҚ-нан ған оқитынбыз және  бұндай жағдайлар бізден алыс, бізде болады деген  мүлдем үш ұйықтасақ, түсімізге кірмейтін. Ақтөбедегі трагедия  бұндай жағдайлардан ешкімнің сақтандырылмағанын ашық көрсетті.   Және, бәлкім, әркім енді өз тұжырымын жасаған болар.

Мен, аға буын өкілі ретінде,  біздің жастар арасында білімді нығайтуға назар аудару маңызды болып табылады деп санаймын.  Өсіп келе жатқан жастарға, балаларға  көбірек көңіл бөліп, әңгімелесіп,  шындық пен өтірікті ажыратуға,  ақпаратты  таңдауда,  дос-жолдас  таңдауда ақыл-кеңесімізді айтып  отыруымыз керек.

 

Осы лаңкестік салдарынан қайғыға ұшыраған жандардың жақын-туыстарына  көңіл айтамын.  Біз олардың отбасымен және достарымен бірге жоқтаймыз. Жараланған азаматтар тез сауығып кетсін.  Біз барлығымыз балалары, әрбір отбасы бақытты, қауіпсіз  болашағы бар, бейбіт, гүлденген елде өмір сүргіміз келеді.   Осы мақсатта біз, Қазақстанның барлық халқы, біздің елімізде тұрақтылықты сақтап, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіміз керек. 

 

Ақтөбеде болған жағдай терроризмнің   шекарасы жоқ екенін  және әлемнің барлық елдері мен халықтарына төнетін нақты қатер екенін тағы бір рет растады. 

 Бұндай жауыздықты, тек барлығымыз  күш-жігерімізді  біріктіріп қана жеңе аламыз..

 

Байланысшы : Жансая Ашкенова тел:  213 333, ішкі:119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340062
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102