МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
- Толығырақ
- Құрылды 25.08.2016 15:46
27 тамыз Конституция күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Менің елім – Қазақстан» бағдарламасы өткізіледі. Бағдарлама «Конституция – мемлекетіміздің ата заңы» атты кітап көрмесімен ашылады. Онда әркім біздің еліміздің көне заманнан бастау алып, ХХІ ғасырдағы зерттеулерімен аяқталатын конституциялық ой-пікірінің қалыптасуы мен даму тарихына тарихи экскурс жасайды.
11.00-де кітап көрмесі жанында «Менің Атамекенім» тақырыбымен туған Отанға арналған өлеңдер оқылады. Өлеңді үздік оқығандар фото/бейне жазбаларға түсіріліп, кітапхана сайтына, әлеуметтік желілерге қойылады.
Сағ. 10.00-да кітапхананың «Түрлі-түсті палитра» үйірмесі балаларды «Менің туған өлкем» атты асфальтқа сурет салу конкурсына шақырады. Әлеуметтік желілер және кітапхана сайты арқылы балалар шығармашылығын қызықтап, авторлармен танысуға болады.
Бұл күні сағ. 11.00-де «В кругу друзей» клубы жаңа маусымның ашылуына, сондай-ақ, барлық тілек білдірушілерді «Менің елім, Менің Қазақстаным» ән марафонына қатысуға шақырамыз.
Бұл тақырыпты еліміздің ақын-жазушылары да жырға қосты. Егемен Қазақстанның 1- Әнұраны авторының бірі - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, белгілі қазақ ақыны, қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаев былай жырлайды:
Көгінен күн аумайтын Қазақстан!
Төбеңде ашық аспан – таза аспан.
Қолымда алтын қалам өзің берген,
Өзіңсің өмір бойы жазар дастан.
Көгінен күн аумайтын Қазақстан!
Сен жайлы өмір бойы жазам дастан.
Сырлаймын әр сөзімді өле-өлгенше,
Соғамын сәнді сарай асыл тастан.
Конституция Күнімен құттықтаймыз! Елімізге бейбіт өмір, жарқын болашақ тілейміз!
Байланысшы: Валентина Райхель ,тел:261 333,вн:119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы