homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБІЛІМ КҮНІ - А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАДА
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

БІЛІМ КҮНІ - А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАДА

А.С.Пушкин кітапханасы 1 қыркүйек - Білім Күніне арнап жақсы көңіл күй мен жағымды әсерлер әзірлеуде. Мерекенің бір ерекшелігі – бұл күні балалар мен жасөсіпірімдерге арналып  Санкт-Петербургтен әкелінген Ресей кітап баспасы өнімдерінің көрмесі. Көрмеге келушілер балаларға арналған қызықты басылымдарды, соның ішінде, ресейдің  «Самокат», «Белая ворона», «Фордевинд»  кітап баспаларының  үздік кітаптарымен танысады. Көрмеден  Д.Алмонд, Р.Даль, А.Демьяненко, М.Рольникайте, С.Каст, Б.Кауфман тәрізді  авторлардың кітаптары орын алады.  

«Атам қонған кең далам,
Бауырыңда өскен бай-балаң
Көл қорығын қызғыштай
Сен десе салам байбалам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам»

....  осы бір өлең жолдарын Аягөз өңірінен шыққан жерлесіміз,  қазақ халқының XIX ғасырдағы белгілі ақын-жырауы Дулат Бабатайұлы жазған. Биылғы жылы жыраудың «Өсиетнама»  атты кітабы  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқуға таңдалып алынды. Білім Күні Дулат жырау шығармашылығымен тереңірек танысуға және өлеңдерін оқуға мүмкіндік мол. Өлеңді үздік және мәнерлі оқушылар бейнежазбаға түсіріліп, кітапхана сайты мен әлеуметтік желілерге қойылады.  

Электронды кітап оқығысы келетіндер үшін  жаңа QR‑ кітапхана қызықты болары сөзсіз. Талап білдірушілер өз телефоны немесе планшетіне ұсынылған кітаптардың кез-келгенін ақысыз басып алып, бос уақытында оқи алады. Қажет жағдайда QR‑ кітапханаға қойылған кітап басып алу нұсқаулыған қолдануға немесе кеңесші-кітапханашыдан көмек алуға болады. QR‑ кітапханаға жақсы, сапалы әдебиеттер мен заманауи ақпараттық технология жетістіктері біріккен. 

Білім Күнінің ең кішкентай қонақтарын «Түрлі-түсті палитра» үйірмесі шақырады. Бұл күні ертегілер, аңыз-әфсәнәлар кейіпкерлерімен танысып, бірге сурет салуға болады. Барша үлкенді-кішілі жаңа оқырмандар кітапхана ішіне саяхаттап, ресурстарымыз және қызмет түрлерімен танысады. Робот техника және модельдеу, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерін оқып-үйрену курстарына жазыла алады. Фото-бейне жазба клубы фотосуретке, бейнекамераға түсіруге, өздігінен кино түсіруді армандаушыларды алғашқы кездесуіне шақырады. Біздің оператор кадр композициясын,  жарық пен түсті дұрыс қойып түсіруді үйретеді. Үздік фотосуреттер кітапхана сайты мен әлеуметтік желілерге қойылады.

Егер сіз әлі де кітапхана оқырманы болмасаңыз,  Білім Күні келіп жазылыңыз!

Білім сәулесі ғажайыптарға жетелейді. Оны Сіз Пушкин кітапханасы залдарынан табасыз!

pyfybz 2 pyfybz 1 pyfybz 3 pyfybz 4

 

Байланысшы:   Валентина Райхель,тел:261 333,вн:119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341006
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102