Біздің жобаға баға беріңіз!
- Толығырақ
- Құрылды 21.09.2016 19:13
Құрметті пайдаланушылар! Біздің кітапхананың «Біздің Абай» электрондық кітапханасы жобасына баға беріңіз! Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Электрондық кітапханада әйгілі жерлесіміздің барлық кітаптары бір жерге жиналған және әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімді: http://irbis.pushkinlibrary.kz.
Ұлы ақынның түрлі тілде, әр жылдары, түрлі қалалар мен елдерде жарық көрген шығармалары, өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен басылымдар бір ғана дереккөзге жинақталған.
Егер сіз Абайдың 1909 жылы Петербургте басылған тұңғыш өлеңдер жинағы мен 1920, 1930 жылдардағы араб, латын қарпіндегі кітаптардың сандық көшірмесін де, электрондық шетелдік басылымдарды іздесеңіз «Біздің Абай»: http://irbis.pushkinlibrary.kz. электрондық кітапханасынан табасыз.
Ыңғайлы интерфейс пен навигация, ePab, Fb2 форматтарына лайықталған мәтіндер «Біздің Абай» электрондық кітапханасын компьютер, планшет, ұялы телефон т.б. мобильді құрылғыларда Интернет арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жобаның мақсатты пайдаланушылары – технологияға бейімделген заманауи жастар үшін өте маңызды.
Бүкіл әлем бойынша ақынның ескерткіштері қандай қалаларда орналасқан? Қазақстанда қанша елді мекенге, оқу орындары мен кітапханаларға Абай есімі берілген? Ақын туралы қандай фильм түсірілген? Өзіңізді қызықтырған барлық сауалдарыңызға «Біздің Абай» ақысыз электрондық кітапханасынан аласыз: http://irbis.pushkinlibrary.kz.
Әрбір шығармасы жалпыадамзаттық гуманизм, өз халқына әділ қызмет ету идеяларына толы «Біздің Абай» электрондық кітапханасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мына сөздеріне лайықты: «Мәдени мұра сана-сезімді қалыптастыру негіздерінің бірі, ізгілік пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие».
Ендеше, біздің кітапхана сайтының негізгі бетіне кіріп оң жақта орналасқан «Біздің Абай» бөлімін бассаңыз электрондық кітапхананың негізгі беті ашылады.
Байланыс тел.: 26-13-33; 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336205
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы