«Дидахметтің дидары» тікелей эфир
- Толығырақ
- Құрылды 05.06.2020 16:23
10 маусым – Қазақстанның Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі жазушы, Катонқарағай ауданының тумасы – Дидахмет Әшімханұлының туғанына 70 жыл толады. Осыған орай 2020 жылы 8 маусым күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Дидахметтің дидары» атты тікелей эфирде онлайн шара өтеді.
Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі Д. Әшімханұлы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы», «Лениншіл жас» газеттерінде тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» және халықаралық «Түркістан» газеттерінде бас редактордың орынбасары, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті және «Алаш» баспасының директоры қызметтерін атқарған.
«Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная падь», «Жер аңсаған сары атан», «Самырсын сазы», «Әңгіме емес әңгімелер» атты әңгіме мен повесть жинақтарының авторы.
Шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. А. Курчаткин, Т. Минулмен, А. Аширов, Х. Абдуллин, П. Пурзверу шығармалары Д. Әшімханұлының аудармасында қазақ тілінде жарық көрген.
Тікелей эфирге жазушының жұбайы Лиза Әшімханова, ұлы Дәулет Әшімхан, көзкөрген достары – суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР "Мәдениет қайраткері" Еркін Нұразхан, жазушылар Нұрдаулет Ақышев, Қуандық Түменбай, шәкірттері – ғалым Арай Жүндібаева, "Ұлан" газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова, "BAI BOL, QAZAQ” республикалық журналы жобасының жетекшісі Қанат Әбілқайыр, "Адырна" ақпараттық агенттігінің жетекшісі Арман Әубәкір қатысады.
Шараның модераторы: публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандағы филиалының төрағасы, Дидахмет Әшімханұлының жерлесі – Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы.
Қатысушылар Дидахмет Әшімханұлы туралы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, оқырмандар сұрағына жауап береді.
Тікелей эфирден тыс қалмаңыздар құрметті оқырман қауым!
Байланысшы: Гүлбаршын Абылгазинова, тел. 87056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26344575
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы