«Spelling Bee» клубына келіңіздер!
- Толығырақ
- Құрылды 29.09.2016 15:59
Ағылшын тілі орфографиясынан қиындықтар бар ма? Кітапхананың Америка бұрышында ашылған «Spelling Bee» клубына келіңіз. Біз сіздерді ағылшын орфографиясының қиындықтарын жеңіп, сөздік қорларыңызды кеңейтуге шақырамыз. Ең бастысы клуб тілек білдірушілерді орфографиялық конкурсқа қатысу үшін дайындайды.
Скриппс Америкалық ұлттық сайысы немесе «Spelling Bee» дыбыстардың айтылуы бойынша өтеді. Cайыс әлемнің көптеген елдерінде өтеді.
Биылғы жылы Қазақстан мен Американың дипломатиялық қарым-қарынастарына 25 жыл. Бұл конкурс АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен Қазақстанда 11 Американдық бұрышта бастау алады.
Байқаудың финалы тікелей Астанадағы АҚШ Елшілігінде өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Астанадағы бір күндік сапардың барлық шығындарын АҚШ Елшілігі төлейді. Конкурсқа қатысуға 18 жасқа толған ЖОО мен колледж студенттері шақырылады. Байқаудың шарты американдық ағылшын тілінің орфографиясы болып табылады.
Конкурс туралы толық ақпаратты кітапхананың Америка мәдени орталығынан біле аласыздар.
«Spelling Bee»! клубына әр бейсенбіде 17.00- де және сенбіде 15.00.-де жиналамыз!
Байланыс тел.: 26-39-46 (106)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339157
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы