Шон Стайл - кітапханада қонақта
- Толығырақ
- Құрылды 04.10.2016 15:55
Қазақстандағы Канада Елшісі Шон Стайл кітапханаға қонаққа келді. Қонақтарды кітапхана залдарымен кітапхана директоры Ақжігітова Қабиба таныстырды.
Біздің кітапханада қазақ жазушыларының көркем туындылары, орыс және шетел классикасы, қазақ және орыс тілдеріне аударылған әлем әдебиетінің жауһарлары, тарихи және әдеби естеліктертер т.с.с. сияқты мәңгілік құндылықтар ұсынылған.
Пайдаланушыларымыз үшін электрондық кітаптар да ұсынылған. Бұның барлығы оқырмандарымыз үшін жаңалық емес, өйткені олар кітапхана ресурстарын еркін пайдаланады.Балалар бөлімі мен интеллект орталығы тілдерді үйрену, сурет салу, ән салу ды үйренуге мүмкіндік береді. Халықаралық ресурстар орталығында шет тілдерін үйретіп, орыс тілі орталығында орыс тілін жетілдіруге болады.
Кітапхана орталықтары бейресми кездесулер, семинарлар, конференциялар, пікірсайыстар мен дебат өткізуге болатын, шығармашылық және коммуникативтік алаң деп айтуға болады.
Біздің тұрғындарға Интернет және компьютерлік сауаттылық курстарын өткізетін IT-орта жоба ИФЛА Халықаралық конференциясында үздік деп танылды.
Ғимараттың ішкі кеңістігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет етуге бейімделген.Олар компьютерлік дағдыларын үйренуге, тілдерді үйренуге мүмкіндік алды. Арнайы жабдықтармен жабдықталған зал жұмыс істейді.
Шон Стайл Қазақстандағы Канада Елшісі :
Менің Қазақстанға келгеніме екі жыл болды. Бірақ Шығыс Қазақстанға алғашқы сапарым. Сапарымның мақсаты, өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін, жергілікті билікпен және халықпен танысу. Мені сіздердің кітапханаларыыңыз қатты таң қалдырды. Тіпті, мен мұнда өзімді үйде жүргендей сезіндім деп айта аламын.
Мен үшін бала кезімнен бері, қоғамдық кітапханалар әрқашан, кітаптар сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар адамдардың, бас қосатын сүйікті орны болып саналады.
Әдетте кейбір адамдарда кітапханада тыныштық сақталу тиіс деген пікір қалыптасқан. Бірақ , осындай кітапханалардада , қарым-қатынас жасап, сөйлесуге, өзіңіз үшін жаңа іс табуға болады деп ойлаймын.
Мен бұл кітапхананы барлық адамдар үшін ашық орын, оқыту орталығы деп санаймын.Контактное лицо: Валентина Райхель,тел.:261 333,вн.:119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы