homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖылжымалы кітапхана
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Жылжымалы кітапхана

«Жылжымалы кітапхана» үрдісі өз жалғасын табуда. Тамыз айында біздің кітапхана «Алтай» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған ұл балалар тәрбиеленетін пансионатқа 150 данадан аса кітаптарды апарған еді.  Бүгін осы пансионатқа тағы 87 дана кітапты апарып, пансионатта тәрбиеленуші балалармен кітапханашы Жахып Нұрсәуле алдыңғы оқыған кітаптары жайлы әңгіме өткізді. Бізді бір қуантқаны пансионат ішінде бір бөлмені кітапханаға арнағандығы, осы кітапхананың төрінен біздің кітаптардың орын алғандығы.

Сонымен қатар бүгінгі кездесуде балаларға елімізде жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы жайлы және биылғы жылы бүкіл Қазақстан  елі болып оқып жатқан Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы туралы библиограф маман Слямова Зиза Мұхтарханқызы баяндап берді. Ал, Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арнап жасалған шағын кітап көрмесіне кітапхананың жас маманы Назерке Оразғалиева шолу жасаса, кітапхананың ерікті қызметкері Бағдаулет Қуатбек Дулат Бабатайұлы туралы қызықты деректерге тоқталды. Кездесу соңында балалар Дулат Бабатайұлына арналған өз өлеңдерін және оның өсетнамасынан үзінділер оқыды.

Сілтеме бойынша видео материалды көріңіздер: видео

Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл 

Тел: 26-13-33

AP AP1 AP2

Қалған фотосуреттерді мына сілтеме бойынша көре аласыздар

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340405
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102