Оқырман «1941. БРЕСТСКАЯ КРЕПОСТЬ. КАЗАХСТАН» кітабымен танысты
- Толығырақ
- Құрылды 05.11.2016 09:58
10 қараша күні кітапханада тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйла Ахметованың қатысуымен «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылық қолдауымен, Ұлы Отан соғысы басталғанына және Брест қамалын қорғауға 75 жыл толуына арналған.
Еңбекте соғыс алды жылдардағы, 1941 жылғы Брест қамалындағы оқиғалар және оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі суреттелген. Брест қамалында шайқасқан жерлестеріміздің жаңа есімдері табылып, олардың оқиғалары баяндалған. Кітапта жаңадан табылған 556 қазақстандықтың тізімі берілген. Сондай-ақ, Брест қаласын қорғаушылар және Қазақ КСР-нен барған, сол бағытта соғысқан 200-ден астам адамның, полк және әскери бөлімшелер бойынша Қазақстаннан барған қамал қорғауға қатысқандар, соның ішінде шығысқазақстандықтар тізімі енген. Тірі қалғандардың еске алуы, мұрағат материалдары және басқа құжаттар бойынша, 1941 жылдың 22 маусымында Брест қамалында болған түрлі полктер мен құрамалар қызыл әскерлерінің жауынгерлік әрекеттері суреттелген.
Қаһармандарға деген сый-құрмет – ұрпақ байланысының берік негізі. Сондықтан, соғыстың алғаш күнінен қан төккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті орнатуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қатысуы, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға құрмет пен ризалықтың жарқын дәлелі.
Тұсауккесерге ардагерлер, мұражай мен кітапхана қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қауымы келді. Олар кітап авторымен танысып, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Байланысшы: Әсел Омарова, тел. 261333, ішкі. 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы