Сауатты адам – табысты адам
- Толығырақ
- Құрылды 08.12.2016 13:38
Сауатты адам – бұл ең алдымен өз міндетін іскерлікпен орындайтын, мемлекеттік тілді толық меңгерген сауатты басшы, мемлекеттік қызметкер, заңгер, мұғалім, дәрігер т.б. Өйткені, Қазақстандық ұмтылыс, сапалы білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік, өшпейтін патриотизм, қазақи намыс, мәңгілік ел идеясы жатыр.
14 желтоқсан күні сағат. 15.00-де біздің кітапханада, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарында онлайн Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ашық диктант өткізіледі.
Ашық диктанттың мақсаты – кез келген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ заманауи қоғамда сауаттылықтың маңыздылығын атап өту. Бұл – сауатты жазу мәдениетін дамытуға бағытталған білім акциясы. Ашық диктант Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан алынады. Диктантқа қатысушылардың жасы мен білім деңгейі шектелмейді. Диктантты ШҚ лингвистикалық орталығының оқытушысы Абилмажинова Ләйлә Қазезбекқызы оқиды. Келіңіздер, қатысып өз сауаттылықтарыңызды тексеріңіздер!
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-13-33; 26-39-46 (ішкі 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы