Алып кітаптар
- Толығырақ
- Құрылды 23.12.2016 01:39
Кітапханада жаңа жыл қарсаңында ашылған кітап көрмесі осылай аталады. Көрмеде оқырмандарымыздың назарына кітапхана қорынан алынған 50-ден астам алып кітап топтастырылды. Экспозиция бөлімдерінің атаулары кез-келген оқырманды немқұрайды қалдырмасы сөзсіз. Олар: «Ең үлкен кітаптар», «Гулливерлер», «Ауыр кітаптар».
Кітап көлемі жайлы сөз еткенде, оның мөлшері, қалыңдығы, салмағы, бет саны, ондағы бір роман сюжетінің ұзақтығы ескерілуі мүмкін. Біз әлемге түрлі параметрлер бойынша танылған кітап рекордшыларын білеміз. Олардың әрқайсысы өзінше тартымды.
Аталған көрмеде ең бірінші кезекте өзінің көлемі жағынан қызығушылық тудыратын кітаптар орын алған. Олардың қатарында «Климатический атлас СССР» (1960), «Атлас мира» (1967), «Агроклиматический атлас мира» (1972) тәрізді түрлі-түсті суретті, карта, диаграмма мен кестелі алып кітаптар бар.
«Ауыр кітаптар» бөлімінде қомақты көлемдегі ақпараттық елтануға арналған кітаптарды кездестіресіз. Мәселен, «Большой атлас истории и культуры Казахстана» (2008). Аталған туынды сәнді безендірілген әрі 3 тілде этнографиялық ерекшеліктерді сипаттап, салт-дәстүрді айқындайды. Сондай-ақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Елордамыз – Астана қаласына арналған «ХХІ ғасырдың Астанасы» кітабы жарық көрген. Көлемі жағынан сәл кішілеу, алайда қалыңдығы жағынан басым түсетін «Астана» (2013) кітабында жас астанамыз жайлы 15 жыл көлемінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған материалдар жинақталған.
Өлкеміз туралы сыр шертетін және қалыңдығы жағынан рекордшы кітап қатарына Б. Щербаков пен В. Понявиннің «Восточный Казахстан – сердце Евразии» (2011) еңбегін жатқызуға болады. Мұнда облысымыздың табиғат ерекшеліктеріне терең мән берілген. Сонымен бірге, «Гулливерлер» бөлімінен Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі деректі-тарихи басылым «Семей қасіретін» атап айтуға болады. Бұл кітаптар тек қана көлемімен ғана емес, мазмұны жағынан да құнды.
«Мұқағали Мақатаев», «Қазақ афоризмдері», «Хроника человечества» тәрізді заманауи басылымдар мен сирек қордан жинақталған «Житие Александра Невского», «Житие Кирилла и Мефодия», «Остромирово Евангелие. 1056-1057» туындылары осынау жаңа жыл қарсаңында оқырмандарымыздың қызығушылығын тудырады деген ойдамыз.
Баршаңызды қыстың керемет мерекесімен құттықтай отырып, кітапханамыздың ерекше кітап топтамасын қызықтауға шақырамыз.
Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 261-333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341717
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы