"Алаш қозғалысына – 100 жыл"
- Толығырақ
- Құрылды 05.01.2017 15:55
«Алаш» қозғалысы – ХХ ғасырдың басында Семей қаласында оянған дәуіріміздің ұлы оқиғасы. Сонау 1920 жылдардағы күйреуге қарамастан, «Алаш» идеясы ұлттық мемлекетіміздің іргелі негіздерін қалады және жаңа тарихи жолы – Тәуелсіз Қазақстан жылдары қайта жаңғырды. «Алаш қозғалысына – 100 жыл» атты деректі кітап экспозициясының ашылуы 20 қаңтар сағ. 15.00-де біздің кітапханада өтеді.
Көрмеге мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, өлке тарихын зерттеушілер шақырылады.
Өткен тарихтың шынайы куәгерлері – құнды архив құжаттары «Алаш» қозғалысының азаттық жолындағы азапты да тар жол тайғақ кешуін баяндайды. Көрмеге сот істері, тергеу, құпия хабар, қамауға алу ордерлері, үкім шығару материалдарының фотокөшірмелері қойылған. Оны белгісіз фотограф бейнелеген «Алаш» көшбасшыларының фотосуреттері жалғастырады. Сонымен бірге, ғалымдардың ғылыми монографиялары мен мақалалары тың тарихи мәліметтермен, «Алаш» қайраткерлері өмірінің ашылмаған кезеңдерімен таныстырады. Тарихшылардың 1917-1938 жж. оқиғаларына кеңінен түсініктеме беріп, қамтыған зерттеулері қазақ халқының 19 ғ.- 20 ғ. басындағы өмірін терең бейнелейді.
Көрмеден алаш көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Райымжан Мәрсеков т.б. еңбектері орын алған. Оларды Алаш қайраткерлерінің ерекше маңызды жазбалары мен сұхбаттары, деректі кинохроникалар, өмірбаяндық телеэсселердің бейнежазбалары толықтырады. Бұл құжаттар қиын-қыстау жылдарды баяндап, қазақ зиялыларының үміт пен арманға толы идеяларын, қазақ халқының болашағы жолында басын бәйгеге тіккен азаматтар тағдырын ашып көрсетеді.
Бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын бойға сіңіріп, соған лайық еңбек ету. Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер, ұлтты біріктіруші идея ретінде қашан да қазақ елімен бірге жасайды.
Байланысшы: Слямова Зиза, тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы