Балқан елдері әдебиеті «Менің 100 кітабым» сериясында
- Толығырақ
- Құрылды 20.01.2017 15:40
Халықаралық Абай клубы мен Роллан Сейсенбаевтың Баспа үйі Балқан поэзиясы мен прозасынан сыр шертетін «Жарылқа мені, түн» атты жаңа жинақты жарыққа шығарды. Жинақтың тұсаукесері 2017 жылдың 24 қаңтарында сағ. 11.00-де біздің кітапхананың мәжіліс залында өтеді. Кітаппен «Казцинк» директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович пен талантты қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев таныстырады.
Аталған еңбек Н. Ә. Назарбаевтың жылы лебізін алған «Менің 100 кітабым» сериясымен жарық көрген. Елбасының сөздері жинақтың алғашқы бетінен орын алып, оқырманды зор ықыласпен оқуға жетелейді. Сербия, Черногория, Босния, Хорватия жазушылары мен ақындары шығармаларына алғысөзді біздің құрметті қонағымыз Никола Попович жазған екен. Бұл кездейсоқ емес, себебі Никола Поповичтің ата-анасы бұрынғы Югославия азаматтары. Сондықтан, алғысөз авторы сол елдің құндылықтарын бағалай келе, басылымда елдің барлық республикаларының, айрықша аймағының рухы ашып көрсетілгенін және жарияланған мәтіндер өткен шаққа деген сағыныш сезімін оятатынын айтады. Сондай-ақ, ол басылымды ескі Югославия кеңістігіндегі жазба әдебиеті құдіретінің ескерткіші деп бағалайды.
Жаңа басылымның жарыққа шығуына мұрындық болған Қазақстан мен шет аймақтарға есімі белгілі, дарынды жазушы, Лондондағы Абай Үйі мен Халықаралық Абай клубын құрушы, «Аманат» Халықаралық әдеби журналының негізін қалаушы – Роллан Сейсенбаев. Ол әдебиет, ғылым және мәдениетке қызмет етудің үлгісін көрсетті, деп оның жинақты шығаруға қосқан үлесін «Казцинк» ЖШС басқармасының төрағасы Никола Попович баса айтты.
Жаңа кітаппен қауышып, құрметті қонақтарымызбен жүздесуге жазушыларды, филологтарды, журналистерді, кітапхана мен мұрағат қызметкерлерін және барлық кітапсүйер қауымды шақырамыз.
Байланысшы: Валентина Райхель, тел. 26 13 33, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы