Азаттықты аңсаған "Алаш"
- Толығырақ
- Құрылды 20.01.2017 18:56
Біздің кітапханада «Алаш қозғалысына – 100 жыл» деп аталатын ауқымды кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрменің ашылу салтанатына жазушылар, журналистер, қызметкерлер, мұғалімдер және студенттер мен оқушылар келді.
Көрмеден кітап, журналдар, мұрағат құжаттарының көшірмесі , сондай-ақ, «Алаш» қайраткерлерінің фотосуреттері орын алды.
Алаш Орда көсемі Ә.Бөкейханов өз еңбектерінің бірінде: «Мен тірімін, дем аламын, туған елімнің ауыр жүгін арқалап өмір сүремін және мен үшін отанымның жарқын болашағынан асқан бақыт жоқ… Оны ойлағанда түн ұйқым төрт бөлінеді» деген болатын. Алаш қайраткерлері халықтың рухани және ұлттық санасын ояту жолын таңдап, қазақтың мемлекеттігі жолында аянбай тер төкті. Олар өзінің халқын азаттықта көруді армандап өтті. Олардың басты мақсаты – елімізді өз тағдырын өзі таңдай алатын жағдайға жеткізу. Тек автономия алған жағдайда ғана халқымыз өз тізгінін өз қолына алады» деп өз заманында айтып кетті.
Экспозициядан орын алған танымал ғалымдардың ғылыми монографиялары мен мақалалары күтпеген тарихи ашылулар мен «Алаш» қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы бүгінге дейін белгісіз болып келген фактілерді ұсынады.
Көрменің мақсаты: Жас буынға қазақ халқының болашақ тағдыры мен әлемнің озық мәдениетті елдерімен терезесі тең мемлекет құруын аңсаған «Алаш» интеллигенциясының өмірі мен қызметімен таныстыру.
Асель Омарова, кітапханашы:
- Көрмеде ұсынылған ақпараттардың барлығы ерекше назарға лайық. Ең бірінші ұзақ уақыт бойы құпияда сақталып, қазір жариялана бастаған құжаттар жинағын айтып өтуге болады. Кезінде жариялауға тиым салынған кейбір кітаптар қазір басылып шығарылған, олардың барлығы көрмеде ұсынылған. Сондай-ақ, «Алаш» қозғалысының маңыздылығы мен ауқымдылығын соңғы құжаттар негізінде көрсететін тарихшылардың еңбегі де орын алған.
ХХ ғ. басында дүниеге келген алаш идеясы Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте, ғасырлар өте тарих толқынындағы қазақ ұлтын демеп тұрары сөзсіз… Кітапханаға келіңіздер! Көрмемен танысыңыздар!
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-39-46 ішкі (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы