homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРАҚМЕТ, саған, кітапхана!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

РАҚМЕТ, саған, кітапхана!

Бүгін 22 ақпан күні біздің кітапханамызда кезекті біліктілік көтеру сабақтары болып өтті. Семинар-сабққа қатысушылар: түрлі аудандардан келген әлеуметтік қызметтің мамандары. Дәріс алушылар кітапхана мен өткізілген сабақтар жайлы төмендегідей өз ойларымен бөлісті. Алда келе жатқан «Алғыс айту» күніне орай кітапханаға ең алғашқылардың бірі болып алғыс айтқандар осы қызметкерлер болды.

Мен, Берікболов Ербол Серікқажыұлы Үржар ауданынан біліктілігін көтеруге келген әлеуметтік қызметкер боламын. Кітапханаларыңыз өте қатты ұнады. Кітапханада Елбасымыздың еңбектерімен, электронды үкімет порталымен және А. С. Пушкин кітапханасының веб-сайтымен таныстым. Өзіме үлкен әсер алдым. Сіздерге көп-көп рахмет!


Оралбекова Ақтілек Оралбекқызы: Кітапхананың қазіргі таңда қызмет көрсету деңгейі жоғары дәрежеге жеткенін айтқым келеді. Осында ашылған әрбір жаңа кабинеттер: IT-киіз үй, тіл дамыту орталықтары, Тұңғыш Президент кабинеті және т.б. қарапайым халыққа қолжетімді екенін және де мүгедек жандарға да, әлеуметтік жағдайы төмен қамтылған азаматтарға да, қолжетімді екеніне қуаныштымын. Құрметті Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері, сіздерге үлкен алғысымды білдіре отырып, жұмыстарыңыз шығармашылыққа толы, еңбектеріңіз жемісті болсын дегім келеді.


Ахметова Бақытгүл Амантайқызы: Мен, ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Пушкин атындағы кітапханаға келіп ішкі жұмыстарымен таныстым, кітапхана маған ұнады, заманауи тұрғыда жабдықталған екен. Қызметкерлері де өте кішіпейіл, білімді. Кітапхана қазіргі заманға сай.


Мен, Нұрғалымова Динара Нғрғалымовна: ШҚО Тарбағатай ауданы Манырақ ауылының әлеуметтік қызметкерімін. Жұмысым жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету. А.С Пушкин атындағы кітапханаға келгенде танып білгеніміз: біріншіден - кітапхана кең, таза, жарық. Қызметкерлерінің адаммен қарым-қатынасы өте жақсы. Ішіндегі құрал-жабдықтары қазіргі заманға сай, барлығы электронды түрде жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ашылған жаттығу залы. Сіздерге, көп рахмет!

Sem18 Sem17 Sem19

 

Байланысшы: Кудайбергенова Н. К.

тел: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340405
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102