ЖЫЛ КІТАБЫ- 2017
- Толығырақ
- Құрылды 04.03.2017 15:34
Құрметті оқырмандар, 2007 жылдан бастап жалғасын тауып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қортындысы бойынша Алашорда автономиясының 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде өмір сүрген, Ресейге біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде - тарихи дамулар, күрес-көтерілістер, қиян-кескі дүрбелеңдер дәуірінде жасап, шығармашылығын ұлт тағдыры тақырыптарына арнаған.
Сұлтанмахмұт өзінің саналы саяси өмірін, шығармашылық қызметін жастайынан:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда, - деп бастады.
"Шәкірт ойы" атты өлеңінде:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?! деп асқақ арманын арқалаған ақын сырқаттан 27 жасында өмірден қыршын кетеді.
Ақынның мұрасын дәріптеу - біздің парызымыз, ұлылардың ұлағатын ұлықтау - ұрпаққа міндет.
Кітапхананың оқырман залында С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» атты екі томдық өлеңдер жинағы, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы» поэмалары, әңгіме, очерк, мақалалары мен хаттары бірнеше томдық жинақтарда өз оқырмандарын күтеді!
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы